Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жазбаша «баған» түрінде қосу және азайту тәсілін /алгоритмін/ қолдануды үйренуді қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын

арттыру. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке

оқушылардың білім дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.

Пәндік нәтиже: Оқушылар жазбаша «бағанмен» қосу және азайту тәсілін /алгоритмін/ қолдануды үйренеді.

Сабақ түрі: пысықтау сабағы.

Сабақтың типі: білім мен дағдыны қалыптастыру.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-презентациялар, бағалау парақтары,

деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап,сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын талай,
Келдім оларды айтып бермек үшін, -деп сабағымызды бастамас бұрын,бір-бірімізге деген көңіл-күйлерімізді білдірейік.

Психологиялық ахуал:

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

 (құшақтасып көріседі,  қол алысып амандасады.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар, мен сендердің үй тапсырмаларыңды дәптерлеріңнен тексеріп, бағалаймын. Бүгінгі сабаққа қалай қатысқандарыңызды бағалау парақтарына бағалап отырыңдар. Бағалау парақтарын таратамын.

Ал, енді назарларыңызды тақтадағы ауызша есепке салыңдар.

І Ауызша есеп:

32-12 250-50 3·2
16-10 460-30 2·8
70+30 750+50 10: 2
100- 40 900-200 6 : 3
10+ 65 860- 40 3· 7

ІІІ Қызығушылықты ояту « Ой қозғау»

Мен әр топқа әріптер салынған қалташықтар беремін. Әріптерді дұрыс құрастырсаңдар топтарыңның аты шығады.

Адасқан әріптер/топқа бөлу/

  1. к,ү,ж,і,р,й - жүйрік тобы

  2. л, й,о,ш,ы - ойшыл тобы

  3. р, а,п,т,ы, қ – тапқыр тобы

Топ тапсырмалары: / разрядтары бойынша, разрядттан аттап өту арқылы / орындау және оны тексеру/

І топ ІІ топ ІІІ топ

518-496 632-259 621-356

159+678 459+378 457+150

ІҮ Мағынаны тану: Есептер шығару /оқулықпен жұмыс/

3 а/ бір шаруашылықта 248 қой, ал екіншісінде біріншісіне қарағанда 119 қой кем. Екі шаруашылықта барлығы неше қой бар?

5 /ізденіске жетелейтін тапсырма/

198 17 > 198 135 25 < 120 607 305 < 303

152 25 > 167 254 210 < 47 870 20 > 800


Сергіту сәті


6 Қиықшадағы жазылған сандарды бос орындарға қойып, өрнектің мәнін тап. Тура теңдік құрастыр.

  • 3 ==





Кім көп теңдік құрастырды? Оқушыларға құрастырған теңдіктерін оқыту.

ІІІ Ой толғаныс

Тура теңдіктерді сәйкестендір. «Әрқайсысына затын табуға көмектес»

Тест тапсырмасы

Іс-әрекетті қорытындылау.

-Қандай мысалдарды шешіп үйрендіңдер?

- Мысалдарды шешуге не көмектесті?

- Мақсатқа жеттіңдер ме?

Үйге тапсырма

2, №3 /ә/ 31 бет

Бағалау: бағалау парақтары бойынша жүргізіледі


Кері рефлексея: «Көңіл күй» оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді