Сабақ жоспары 5-сынып Математика

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 5

Күні:

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді дөңгелектеуге есептер шығару.

Жалпы мақсаттар:

-ондық бөлшектерді дөңгелектеу туралы мағұлматтарын кеңейту;

-ондық бөлшектерді қандай да бір үлес разрядына дейін дөңгелектеу ережесін айта білу;

-ондық бөлшектерді белгілі бір үлес разрядына дейін дөңгелектеу ережесін пайдалана білу.

Ресурстар:

Оқулық, сабаққа қажетті ресурстар.

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Әдісі: АКТ, СТО,

Оқыту нәтижесі:

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу туралы мағұлматтарын кеңейтеді.Ондық бөлшектерді белгілі бір үлес разрядына дейін дөңгелектеу ережесін айта біледі және оларды есептер шығаруда қолданады. Негізгі ұғымдарды есептер шығару барысында қолдануға дағдыланады.Топпен жұмыс жасай отырып,есептердің шығарылу жолдарын бір-біріне түсіндіреді,өзгелердің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды,жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.

Түйінді идеялар

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу,санның жуық мәні

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы :

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал

1 мин

Сабаққа сәттілік тілеу.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

1 мин

Топқа бөлу.Түсті кәмпиттер арқылы.


Оқушылар ұқсас кәмпиттермен бірігіп 2 топ құрайды, топ ережесін сақтайды.

Білу,түсіну

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру.

10 мин

І.«Жұбыңды тексер» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Сұрақтар қою

І топ. 1) Санның кемімен алынған жуық мәні деп қандай мәнді айтамыз?

ІІ топ.2)Санның артығымен алынған жуық мәні деп қандай мәнді айтамыз?

3) - Оқушылар, бәріміз қазақтың тұңғыш ғарышкерін білеміз бе?
- Тоқтар Әубәкіров.
- Ия, дұрыс. Ендеше осы ғарышкеріміз туралы бір мысал қарастырайық:
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «СоюзТМ - 13» кемесімен ғарышқа ұшып, 10 қазанда жерге қонды.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарыштан ауданы 40 000км
2 құраған Арал теңізінен көтерілетін тұзды шаң борамасын зерттеді. Осындағы сандардың қайсысының дәл мәні алынған, қайсысының жуық мәні алынған? Жуық мәні алынған сан қай разрядқа дейін дөңгелектенгендігін тауып көрейік?

Үй тапсырмасын жұп болып тексереді.


Оқушылар түрткі сұрақ төңірегінде ойланады.Оқушылар жауаптары тыңдалады.











40000км2 жуық мән он мыңдық разрядқа дейін







Оқушылар смайликтермен марапатталады.

Қолдану,талдау

Есептер шығару

20 мин

«Ой толғаныс» .Оқулықпен жұмыс.

  1. «Ойлан,бірік,бөліс» әдісі бойынша екі топқа №1505,№1506,№1507 есептерді шығарту.

І топ. №1505(1),№1506

ІІ топ.№1505(2),№1507

Оқушылар жекелеме жұмыс жасай отырып,жұптасып,одан соң топтасып бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Ортақ шешім шығарылып, қорытындысын бір оқушыдан тақтада орындайды.

1505

1)372:60=6,2≈6

2)390:60=6,5≈ 7

1506

1)42:8=5,25≈5,3; 12,05:2,5=4,82≈4,8; 15,66:3,6=4,35

2)5,06:4=1,265≈1,27; 24,61:10=2,461≈2,46 6,86:5=1,372≈1,37

3)6,173:10=0,6173≈0,617; 47,26:100=0,4726≈ 0,473; 804,1:1000=0,8041≈0,804

Жинақтау


10мин

Сандардың қайсысын 7,48126 санының жуық мәні ретінде алуға болады?

1)7,47,481267,5 3) 7,4817,481267,482

2) 7,487,481267,49 4) 7,48127,481267,4813


Оқушылар жекелеме тапсырманы орындайды.Тапсырма бойынша қорытынды шығарады.

Бағалау

1

мин

Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын, смайликтер арқылы бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.

Кері байланыс

1 мин

Оқушылар сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып жапсырады.

Кейінгі жұмыс

1мин

п 7.10 №1509,№1513