Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні: | Базарбаева Айнұр Ермекқызы |
Сынып: | 6 «а»-сынып |
Тақырыбы: | Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар |
Жалпы мақсаты: | Оқушыларға қарама-қарсы сандар, бүтін және рационал сандар туралы біліктілігін арттыру. Ойлау, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. |
Күтілетін нәтиже: | Берілген санға қарама-қарсы санды табуды, натурал сандар жиыны бүтін сандар жиынының ішкі жиыны екенін Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеуді, бүтін сандар жиыны рационал сандар жиынының ішкі жиыны екенін Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеуді, таңбалар ережесін пайдалануды біледі. Матемтикалық тілде сөйлеу дағдысы қалыптасады және ойлау, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттері дамиды.
|
Сабақтың типі: | Бекіту сабағы |
Ресурстар: | Геометриялық фигуралар, слайд, таратпалы материалдар, стикер, суреттер, интербелсенді тақта, «табыс» ағашы |
Сабақбарысы: |
Сабақ кезеңдері: | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу
| Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Фигуралар бойынша 3 топқа бөлемін. Мұғаліммен сәлемдесу. Шаттық шеңберін жасап, оқушылар бір-біріне гүл беру арқылы бойында бар бір жағымды қасиетін айтады. Мысалға, Ислам сенің маған сабырлылығын ұнайды, Адемі сенің маған мейрімділігін ұнайды, ... Бағалау парағы таратылады. | Сәлемдеседі, шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жағымды қасиеттерін айтады. Геометриялық фигураларға байланысты 3 топқа бөлінеді.
|
Үй тапсырмасын тексеру «Қайталау оқу анасы». | Оқушыларға өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары қойылып, жауап алынады. Сұрақтар: 1. Қандай сандар қарама-қарсы сандар? Мысал келтіріңдер 2. Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды? Мысал келтіріңдер 3. Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды? 4. 0 санына қарама –қарсы сан? 5. Эйлер-Венн дөңгелегі 6. Таңбалар ережесі Интербелсенді тақтада үйге берілген есептің жауабы тұрады. | Сұрақтарға жауап береді, үйге берілген есептің дұрыстығын топ басшылары тексереді. Өз-өздерін бағалайды. |
Дамыту кезеңі Толықтыру |
«Тарсия» | Топтарға есептер жазылған сурет бөлшектері таратылады: Тіктөртбұрыш тобы: Күз келбеті суреті Квадрат тобы: Байтерек суреті Үшбұрыш тобы: Мектеп суреті беріледі. | Берілген есептерді шығарып, суреттер құрастырады. Шешкен есептерінің санына байланысты бірін-бірі бағалайды.
|
Сергіту сәті | Сіздер шаршаған шығарсыздар | Билейді |
Ой толғау | Тақтада деңгейлік есептер жазылады. (оқулықтан ) В-деңгейі: 325 С-деңгейі: №332 | Әр топтан бір –бір оқушыдан шығып, тақтада есеп шығарады. Әр топ берілген есептерді топпен талдап шығарады. Топ ішінде бағалау жүргізіледі. |
Бекіту кезеңі |
«Поле чудес» ойыны | Тақтада берілген есептерді шығарып, жасырын сөзді табады. ( ҚАЗАҚСТАН ) Тапсырмалар: Қ ( - 7 ) санына қарама-қарсы сан А 45 санына қарама-қарсы сан З -2,5-пен 5 сандарының арасында неше бүтін сан бар? С Рационал сандар жиыны Т Жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса жақша ішіндегі санның таңбасы өзгереме? Н Жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса жақша ішіндегі санның таңбасы өзгереме? | Оқушылар топтық сайыс түрінде жасырын сөзді табады. Топ ішінде бағалау жүргізіледі. |
Қорыту |
Рефлексия | «Табыс» ағашын отырғызайық. Ағаш діні сабақтың тақырыбы, ал ағаштың жемістері- сіздердің білімдеріңіз. Алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім. Жапырақ: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналым. Жерге түскен жапырақ: Сабақ маған түсініксіз | «Табыс» ағашына сабақты меңгердім, қиналамын, меңгерген жоқпын деп жазып жапыстырады.
|
Бағалау | Оқушыларға бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Оқушылар өздеріне әр тапсырма бойынша қойылған бағалардан қорытынды бағаны анықтайды |
Үйге тарсырма | №324, №335 | Күнделіктерін толтырады, бағаға әкеледі. |