Ашық сабақ
Алгебра 7-сынып .
Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулалары»
Сабақтың мақсаттары
Оқытушылық: 1.
1. Бірмүше және көпмүше туралы өткенді қайталау.
2. Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру.
3. Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығаруда қолдана білу.
Тәрбиелік: шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. Еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индуктивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорыта білуге үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
Оқушылардың бағдар беті, слайд түрінде берілген графикалық диктант, тестілеу құрылғылары, карточкалар .
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
· Білімді жеткізу: көрнекіліктерді қолдану арқылы
· Практикалық (жаттығу жұмыстарын орындату)
· Ішінара ізденушілік
· Оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану.
Сабақтың түрі:
Жалпылау сабағы.
Қайталау
Көпмүшелер және бірмүшелер, қысқаша көбейту формулалары.
Оқушылардың білім деңгейін бақылауға араналған жұмыс түрлері:
Графикалық диктант, тест, өздік жұмысы.
САБАҚ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі
Ø Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ø Рефлексия. Оқушылардың сабақтың басындағы көңіл-күйін қадағалау.
2. Өткенді қайталау.
Графикалық диктант.
Тұжырым дұрыс болса ^ белгісін, дұрыс болмаса _ белгісін қою керек.
Сандардың және әріптердің қосындысын бірмүше деп атайды (жоқ)
Бір бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентінде ғана болатын бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды (ия)
Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (жоқ)
Бірнеше бірмүшенің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады (ия)
Көпмүшені көпмүшеге көбейткенде көпмүше шығады (ия)
Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін оның әрбір мүшесін бірмүшеге көбейтіп алып, шыққан нәтижелерін қосамыз (жоқ)
Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін біріншісінің әрбір мүшесін екіншісінің әрбір мүшесіне көбейтіп алып, шыққан нәтижелерін қосамыз (ия)
Стандартты түрде жазылған әріптердің көбейтіндісі бірмүшенің коэффициенті деп аталады (жоқ)
Бірмүшені бірмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (ия)
(Графикалық диктанттың жауабы: _^_^^_^_^)
Ауызша жаттығулар.
Тақтадағы өрнектердегі бос орындарды теңдік дұрыс болатындай етіп толтыру.
5 а + Ө = 5а + 3 b – 8
b2 – b c - Ө = b2 – b c - 7 b + 5
Ө + (2 a2 + 4ab – b2 ) = 3 a2 + 4 ab
Ө · (a – b) = 4ac – 4bc
(12a3 – 4a2) : Ө = 3a – 1
Ө · (2 a – b) = 10a2 – 5ab
Тестік жұмыс.
Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?
А. Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
В. Бірінші өрнектің квадраты - екі еселенген бірінші өрнек пен екінші
өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
С. Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
Дұрыс жауабы: С
2. Екі өрнектің айырымының квадраты неге тең?
А. Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
В. Бірінші өрнектің квадраты - екі еселенген бірінші өрнек пен екінші
өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
С. Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
Дұрыс жауабы: В
3. Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең?
А. Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
В. Бірінші өрнектің квадраты - екі еселенген бірінші өрнек пен екінші
өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
С. Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
Дұрыс жауабы: А
5. Тарихи деректер.
Ø Блез Паскаль туралы
Ø Паскаль үшбұрышы туралы мәлімет.
Шығармашылық тапсырма.
Екімүшенің 4 дәрежесінің коффициенттерін табу және осы коэффициенттер бойынша формула құру.
Жауабы: 1 4 6 4 1
(a+b)4=a4+4a3b+6a2b2+4ab3+b4
Сергіту сәті.
Қолымызды қатты уқалайық.
Көзімізді қолымызбен 5 секунд басып тұрып, босатайық.
Орнымыздан тұрып, бір аяқпен еденге қысым түсірейік, екінші аяқпен еденге қысым түсірейік, екі аяқпен еденге қысым түсірейік және отырып, орындыққа қысым түсірейік. Орындықтарыңды өздеріңе жақындатып, арқаларыңды тіктеп, сабаққа кірісейік. Ойын «Қай жәшікке салуға болады?»
Қай өрнекті қай жәшікке салуға болады?
(-а-в)2 5) а2+в2
–(а+в)2 6) (в-а)2
(в+а)2 7) (в+а)2
а2-в2 8) (-в+а)2
Қандай өрнек қалды? Неліктен?
Тақтада жұмыс.
Ереже бойынша өрнектерді түрлендіру
(2х+4)2=
(8a+3b)(3b-8a)=
(3x-5)3=
27a3+81b3=
Өздік жұмысы (дәптерге орындау)
Көпмүшені көбейтінді түрінде жаз:
1 + 2х + х2=
4х2 -12х +9=
25 – а2=
0,04х2 + 1,2ху +9у2=
9а2 – 2ав + в2=
25у2 – 16х2=
0,25а2 + 2ав + 4в2=
36 – 36х2 + 9х4=
Үйге тапсырма
Өткенді қайталау.
Сабақтың қорытындысы
Рефлексия. Оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл-күйін қадағалау.
Сұрақ жауап: Сабақ ұнады ма? Неліктен?
Сабақтан өзіңе қандай жаңалық алдың?
«Қысқаша көбейту формулаларын жалпылау»
сабағына арналған бағдар беті.
7-сынып оқушысы ......................................................................
(фамилиясы, аты)
Рефлексия: Берілген суреттердің ішінен сабақтың басындағы өз көңіл-күйіңді көрсететін суретті белгіле.
Сабақтың тапсырмалары:
1. Өткенді қайталау. Графикалық диктант.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2. Тестік жұмыс (тестілеу құрылғысымен жұмыс)
Неше ұпай алдың? .......
3. Ауызша жаттығулар.
Жауап бердің бе? ........ Неше рет? .......
4. Тарихи деректер.
Кім туралы? ..................................................
5. Шығармашылық тапсырма
Екімүшенің 3және 4 дәрежесінің коффициенттерін табу және осы коэффициенттер бойынша формула құру.
................................................................................................................................ Формулаларды еске түсіру. «Қай жәшікке салуға болады?» ойыны.
6. Тақтада жұмыс. Ереже бойынша өрнектерді түрлендіру
(2х+4)2=........................................................................
(8a+3b)(3b-8a)=.............................................................
(3x-5)3=...........................................................................
27a3+81b3=.....................................................................
7. Өздік жұмыс. Дәптерге орындау.
8. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.
Рефлексия: Берілген суреттердің ішінен сабақтың соңындағы өз көңіл-күйіңді көрсететін суретті белгіле.
Сабаққа өзіңе қандай баға қояр едің? .........