|
Разработка по математике на тему 7 саны және цифры
Автор публикации: Бакишева Ж.Т.
Дата публикации: 2016-05-02
Краткое описание: ...
Пәннің аты: ана тілі | Уақыты: 02.03.16ж | Кабинет: 127 | Мұғалім: Бакишева Ж.Т | Сабақтың атауы: | Заттың атын білдіретін сөздер. Апама. Анаға сыйлаймыз. | Мақсаты: | 1 Білімділік: Кім ? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді сөйлем ішінен тауып, сұрақ қоюға үйрету. 2. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы есте сақтау және сын тұрғысынан ойлауын дамыту. 3 Тәрбиелік: Ананы сыйлауға, қадірлеуге, тыңдауға,әдептілікке тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: оқулық.слайд. Сабақтың типі: оқушылардың білім, іскерлік дағдыларын бекіту. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап. Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану, музыка.
| Күтілетін нәтиже: | +Психологиялық ахуал: | Психологиялық дайындық: Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | Қызығушылықты ояту: | I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау. II.Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа сұрау,салған суреттерін тексеру, 91-жаттығуды тексеру, ережелерді сұрау. Ой қозғау: Ережені еске түсіру. [pic]
III. Мақсат қою кезеңі: -Біз бүгін 8-наурыз аналар мерекесі туралы біліп, «Апама», «Анаға сыйлаймыз» өлеңдерімен танысамыз.Заттың атын білдіретін сөздер туралы тереңірек білу мақсатында жаттығулар орындаймыз. | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
Мағынаны тану: |
Оқулықпен жұмыс: IV. Жаңа сабақ. Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінікті бір қайталап өту. Жыл мезгілдері туралы сұрау, атау.
[pic]
V.Тақтамен жұмыс.
92-жаттығу. Көктем мезгілі туралы әңгімелеу. Мәтінді оқыту. Қар еріді. Күн жылынды. Көктем болды. Күн ұзарып, түн қысқарды. Ағаштар бүршік жарды. Жылы жаққа кеткен құстар қайта келді. Мал көкке жайылатын болды.
Көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу. Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызғызу.
Көктем болды. Ағаштар бүршік жарды. Мал көкке жайылатын болды.
[pic] [pic]
| Сергіту сәті: | VI. « Қарлығаш » музыкасына билеу. [pic] | Ой сергітеді, шашағандары басылады | Ой толғаныс: | Ал енді, сендерге жаттап алып аналар мерекесінде айтсын деп «Апама», «Анаға сыйлаймыз» өлеңдері беріліпті. Ендеше, сол өлеңдерді тыңдайық. Өлеңдерді мәнерлеп оқып беру. Түсіндіру, өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту. VII.Жаңа материалды пысықтау: « Гүлдер теру » ойыны. Әр бала гүл қимасын құрастырады.
[pic] [pic]
Гүлдердің артында жазылған сұрақтарға жауап беріп, құрастырған гүлді қонақтарға сыйлайды.
[pic] [pic]
[pic]
| Үйге тапсырма: | «Апама» өлеңін жаттау . 93- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. | Күнделіктеріне жазып беремін | Бағалау: | IХ. [link]
| Бағалау парақшасын толтырады. | Кері байланыс: | [pic] [pic] | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
|