11 сынып кайталау пирамида

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 11 а мерзімі: 09,11,16

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Пирамида

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік. Пирамиданың негізгі элементтері мен формулаларын білуі, есеп шығаруда тиімді қолдана білуі.

Ә) Дамытушылық. Оқушылардың ойлау  және танымдық қабілетін арттыру.

Өз бетімен ойлау қабілетін арттыру және компьютерлік техникамен жұмыс істеуге, өз білімін тексеріп, бағалауға дағдыландыру.

Б) Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушыларды ұлтжандылыққа және өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Оқушылардың ынтасын сабаққа аударып, көтеріңкі көңіл-күймен сабақты бастау.

Оқушылардың қатысымын және оқу құралдарын тексеру.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

 

Қайталау сұрақтары

III Есептер шығару

 

   Кешегі пирамида (Хеопс пирамидасының суреті көрсетіліп беріледі)

 

Египет астанасы – Каирде оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқай сұрғылт таулар көрінеді. Ең үлкені Хеопс пирамидасы, оның биіктігі 146 м, жер бетіндегі периметрі 1000 м. Б.з.б. 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынды. Бүйір бетінің ауданын табайық.

Жауабы:  Sбүй=96100 м2

 

 Бүгінгі пирамида  (Бейбітшілік және келісім сарайының суреті көрсетіліп беріледі. )

 

Биіктігі 62  метр, төменгі  қырларының  ұзындығы  да  62 метрден болып

тұрған  Пирамида  25  қабатты  үймен  бірдей. Оның  құрылысына 12 мың

шаршы метр гранит тасы, 52 мың метр құрылыс ағашы, 15 мың тонна цемент,

900 шаршы метр шыны жұмсалған. Осынша  құрылыс  материалын бар-жоғы

13  айдың  ішінде  сағызша  илеп, тамаша  ғимарат  етіп  шығарған  түріктің

Сембол-Иншаат” құрылыс компаниясы. Бүйір бетінің ауданын табайық.

 

Жауабы : Sбүй=8556 м2

 

Сыныптағы  пирамида (Тест сұрақтары беріледі)


І.  Төртбұрышты дұрыс пирамиданың  биіктігі 5см, ал табанының қабырғасы 8см.Бүйір қырын есепте.
А) 51    Б)    57см      С)    42см        Д)  56см

ІІ. Пирамиданың табан қырлары 6см, 8см болатын тік төртбұрыш әрбір қыры 13см биіктігін тап.
А) 12см      Б) 14см     С) 12,5см     Д) 15см
ІІІ. Пирамиданың табан қырлары 6см,  4см болатын тік төртбұрыш, әрбір бүйір қыры  7см.  Көлемін тап.
А) 44см
 3      Б) 48см 3      С) 42см 3        Д) 56см 3
IV. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір қыры 5см, ал биіктігі 4см. Пирамида көлемін тап.
А) 12см
 3      Б) 36см 3      С) 48см 3        Д)  24см 3

V.Пирамида табаны – қабырғалары 3м және 4м тең тік төртбұрыш.Оның биіктігі табанының диагоналіне тең.Пирамиданың көлемін табыңдар.

А) 40 м3   Б) 30 м3     С) 60 м3        Д)  20 м3

 

Қолдағы пирамида   ( Практикалық жұмыс)

 

Сызу пәнінде өздері жасаған пирамида модельдерінің табанының ұзындығын, апофемасын сызғышпен өлшеп, оның табанының ауданын, бүйір бетінің ауданын, биіктігін, толық бетінің ауданын, пирамиданың көлемін есептейді.

 

1.Үлкен пирамида —  Хеопс пирамидасының  — ежелгі заманда биіктігі 146 м болған,  қазіргі кезде  пирамиданың жоғарғы бөлігі қираған, сондықтан   оның осы кездегі биіктігі 137 м.

Қазіргі таңдағы Хеопс пирамидасының бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданын, көлемін табу және бұрынғысымен салыстыру.


1 есеп

Пирамиданың табаны – тік төртбұрыш, оның қабырғалары 6 см және 8 см. Оның әрбір қыры 13 см-ге тең. Пирамиданың биіктігін есептеп шығарыңдар.

Берілгені:  – пирамида.

6 см                Шешуі:  үшбұрышынан

8 см                 (см)

13 см                 OS үшбұрышынан

Т/к  SO-?

SO

Жауабы: 12 см

 

 

2 есеп

Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 7 см, ал табанының қабырғасы 8 см. Бүйір қырын табыңдар.


Дұрыс төртбұрышты пирамида табанының қабырғасы 8 см, биіктігі 10см тең, Пирамиданың бүйір қырын табыңыз. 

2.Радиусы 5см тең цилиндрдің осіне параллель және осінен 3см қашықтықта қимасы жүргізілген.Цилиндрдің биіктігін тап,егер қимасының ауданы 64см² тең болса.
 

3.Кубтың диагональдық қимасының ауданы 8√2 см² тең.Кубтың бетінің ауданын тап


 

20 балл

В

Дұрыс төртбұрышты пирамида бүйір қыры 5 см, ал биіктігі 4 см. Көлемін табыңдар

30 балл

С

Тікбұрышты параллелипедтің табанының қабырғалары 14 см және 48 см-ге тең, биіктігі 8 см. Диагоналдың қимасының ауданын тап.


V. Қорытындылау  

 Үйге:

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.