Күні: 3.02.2016 ж
Пәні: Математика
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Жай бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу бойынша ойын элементтерін пайдаланып, оқушылардың білімдерін тиянақтау және бекіту.
ә) дамытушылығы: Іскерліктерін, ойлау қабілеттерін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
б) тәрбиелігі: Оқушыларды есеп шығаруда шыдамдылыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, практикалық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй жұмысын тексеру. (Қайталау сұрақтары)
Есептер шығару. Деңгейлік тапсырма.
Математикалық диктант.
Сергіту сәті.
Крептограмма.
Тест жұмысы.
Сөзжұмбақ шешу.
Бағалау.
Қорытынды.
Үйге тапсырма.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй жұмысын тексеру. № 1091. Оқушылардың дәптерлері жиналып үй жұмыстары тексеріледі.
Қайталау сұрақтары. Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбын қайталау. Сұрақтар кеспе қағаздарға жазылады. Әр оқушы кезектесе алып, жауап береді.
1. Жай бөлшек дегеніміз не?
2. Жай бөлшектің алымы нені көрсетеді, бөлімі нені көрсетеді?
3. Жай бөлшектің қандай түрлері бар? Түрлеріне тоқталыңыз.
4. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу ережесін тұжырымдаңыз.
5. Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді азайту ережесін тұжырымдаңыз.
6. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу ережесін тұжырымдаңыз.
7. Жай бөлшектерді көбейту ережесін айтыңыз.
8. Жай бөлшектерді бөлу ережесін айтыңыз.
3. Есептер шығару. Деңгейлік тапсырма. ( Слайд арқылы көрсетіледі.) Оқушылар кезектесе шығып, тақтада деңгейлік тапсырма орындалады.
І деңгей.
1) Аралас сандарды көбейтуді орындаңдар.
А) ә)
ІІ деңгей.
1.Бөлімдері өзара жай сандар болатын бөлшектердің қосындысын табыңыз.
А) ә) б)
2.Амалды орындаңдар.
А) ә)
ІІІ деңгей.
1.Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жазыңыз.
2.Аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазыңыз.
4. Математикалық диктант. (Карточка арқылы әр оқушы жеке орындайды)
Бөлшектің алымынан, ...................... және бөлшек ...................... тұратын сан ....................... деп аталады. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан ........................ деп аталады. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып ........... етіп, бөлім етіп сол.................... өзін қалдыру керек. ..................... сандарды көбейту үшін оларды бұрыс бөлшек түрінде жазу керек. Бөлшектерді .................. ережесін қолдану керек.
5. Сергіту сәті.
6. Крептограмма.
- М
Н
А
Т
У
Д
Ә
Р
Е
К
А
Б
Ө
Л
Р
Ө
Б
Е
Ж
У
Т
Ұ
Б
У
А
К
Р
Й
Е
Б
Е
Р
Ы
С
Л
С
Е
Т
Т
Ы
М
А
Т
И
Ө
А
Б
У
Қ
Қ
Б
Қ
У
К
Р
Н
Ң
Қ
Ы
С
Ө
О
С
А
Н
Ш
Е
А
Ш
А
Л
Ш
Е
К
Е
К
А
Р
А
Л
7. Тест жұмысы. (Слайдпен көрсетіледі.)
1) Бөлшекті салыстырыңдар.
А) < В) > С) =
2)Бөлшектерді қосыңдар.
А) В) С)
3)Көбейтуді орындаңдар.
А) В) 3 С)
4)Көбейтуді орындаңдар.
А) 7 В) 10 с) 32
5)Бөлуді орындаңдар.
А) В) С)
8. Сөзжұмбақ шешу. (Бекіту сұрақтары.)
1. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек.
2. Бөлшек сызығының астындағы сан.
3. Бөлшек сызығының үстіндегі сан.
4. О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық.
5. Ең кіші жай сан.
6. Координаталық сәуледегі таңдап алынған кесінді.
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, тігінен математикалық сөз шығады.
-
Ө
Л
Ш
Е
К
9. Бағалау. Сабаққа қатысымдарына орай әр оқушы жеке бағаланады.
Оқушыларды бағалау кестесі.
Оқушының
аты-жөні
Үй жұмысы
Қайталау сұрақтары
Деңгейлік тапсырма
Математикалық диктант
Сергіту сәті
Крептограмма
Тест жұмысы
Сөзжұмбақ.
Бағасы
Арслан Дәулет
Бабагужина Аяжан
Избасар Жанар
Қашқынбаева Айдана
Меңдіғали Гауһар
Сарманова Назерке
Сисенғали Жандос
10. Қорытынды. Оқушылар, сабаққа белсене қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
11. Үйге тапсырма. № 1114. Анықтамаларды қайталау, жаттау.