Пәні математика
Сыныбы 3"Ә"
Күні 12.01.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы:Көбейтудің терімділік қасиеті және оны қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға көбейтудің терімділік қасиеті мен оны қолдануды үйрету.Санды есе арттыру, артық ұғымдары жөнінде теңдеу құра білуге үйрету.
Тәрбиелік:ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамытып, қиялын ұштау.
Сабақтың әдістері:ауызша, жазбаша шығармашылық,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: көбейту кестесі, 2 есеп шарты, суреттер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера орнату.
ІІ. а)Үй тапсырмасын тексеру
№6.
а) Қалдықпен бөлуді орындау
19: 6=3 (қалд 1)
45: 6=7 (қалд 3)
46: 6=7 (қалд 4)
26: 6=4 (қалд 2)
34: 6=5 (қалд 4)
59: 6=9 (қалд 5)
ә) Қалдық бөлгіштен кіші болу керек.
б)Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.
- Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді?
- Бұл - көбейтудің қандай қаситі?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кестемен жұмыс.
- Қазақ 7 санын қасиетті сан деп есептейді. Ата - бабаларымыз бұл сандарды қасиеттеп келген. Ендеше, осы 7 саны туралы не білеміз, балалар?
- 7 ата,7 қазына,7 күн,7 жұт,7 шелпек,7 теңге садақа. (Әр оқушы жеке - жеке атау)
Оқулықпен жұмыс
№1.АВ кесіндісінің ұзындығын әр түрлі тәсілмен есептеп табу.
№2.Әр тік төртбұрыш неше шаршыдан құрастырылғанын әр түрлі тәсілмен есептеп табу.
(3*2)*4=6*4=24
3*(2*4)=3*8=24
Қорытынды.Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.Бұл-көбейтудің терімділік қасиеті.
№3.Суреттегі барлық тік төртбұрыштардың ауданын көбейтудің терімділік қасиетін қолданып табу.
№4. Суреттегі барлық шаршылардың ауданын көбейтудің терімділік қасиетін қолданып табу.
№5.Әр түрлі тәсілмен есептеп табу.
3*2*10 7*3*10 0*8*100
2*5*9 2*4*7 1*6*50
№7.Өзіндік жұмыс ретінде орындау.
ІV.Жаңа сабақты бекіту
-Сонымен, бүгін көбейтудің қандай қаситімен таныстық?
Мысал келтіру.
V.Оқушыларды бағалау.
ҮІ.Үйге тапсырма беру.
№6.Теңдеу құру және оны шешу.