9 «А» Сабақтың тақырыбы: Статистикалық мәліметтердің сандық сипаттамалары
Сабақтың мақсаты: Сандардың арифметикалық ортасының мәндері, мода, медиана және статистикалық мәліметтердің ауытқуы туралы білімдерін кеңейту және өмірде қолдануға бейімдеу.
Күтілетін нәтиже: Статистикалық мәліметтерге есептер шығара біледі; өмірмен байланыстыра алады.
Тапсырмалар: «Сыйқырлы сандық», «Ойлан, жұптас», «Ыстық орындық» әдісі, «Кім жылдам?»
Мұғалімнің әс-әрекеті
Оқушының әс-әрекеті
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин)
Оқушылармен сәлемдесемін, түгелдеймін. «Түрлі амандасу: иықпен, шыңтақпен, қолалысу, арқамен,аяқпен» арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.
«Аңдар мен құстар » арқылы сыныпты екі топқа бөлемін.
Оқушылар сәлемдеседі.
Бір біріне жақсы көңіл күй сыйлайды
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту
(5мин)
Өткен сабақты пысықтау үшін
«Сыйқырлы сандық» арқылы өткен тақырыпты тексеремін:
Ықтималдық дегеніміз не? Мысал келтір.
Ықтималдық теориясы нені зерттейді?
Статистика дегеніміз не? Мысал келтір?
Статистикалық мәліметтердің кесте, график түрінде берілуінің арттықшылығы неде?
Кесте құру үшін нені білу қажет?
Мадақтау арқылы бағалау
Оқушылар өткен сабақты пысықтау үшін бір бірден сұрақтарды алып, жауап береді.
Негізгі бөлім
Мағынаны ашу
(10мин)
Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас» әдісі арқылы оқушылар сабақтың құрлымын өздері талдайды да, «Арифметикалық орта » және «Мода. Медиана» тақырыптарына постер құруға тапсырма алады.
Сонымен қатар постер қорғаған кезде SMART критерийі бойынша бағалайды.
Сабақтың құрлымын өздері талдайды оқулық пен интернет желісін пайдалана отырып постер құрады.
Сергіту сәті:
(2мин) «Кім жылдам?» Мақсаты: Ой жылдамдығын дамыту.
Ой толғаныс
Есеп шығару
(15мин)
Зерттеу жұмысы.
№ 1 Бірнеше сатып алушылардың дүкенде сатып алған заттарының саны тіркеледі: 5; 4; 3; 7; 4; 8; 6; 3; 3; 12; 1; 3; 1. Моданы, медианы және арифметикалық ортаны есептеңдер.
№2
Ер балалардың он төртінің бойын өлшеген кезде мына нәтижелер алынды: 135; 137; 138; 139; 139;139; 139; 140;140;140; 141;141;141;142(см). Ер алалардың осы тобында жиі кездесетін бойдың ұзынығы қандай?
№3
Суретте бағанды диаграмма ер балалардың апаларының саны туралы сұраудың нәтижесін көрсетеді. Неше ер баладан сұрау жүргізілген? Ос ер балалардың, жалпы , неше апасы бар? Апаларының санының арифметикалық ортасын, модасын, медианасын табыңдар.
№4
Адамдардың бір күнде қанша шай ішетіні туралы сұрау жүргізілген: Қанат-5,
Айша-4, Дулат-6, Сауле-8, Фарида-6, Самат- 7, Шынар- 6. Айжан бір күнде өзі ішетін шайдың кесе саны жоғарыда көрсетілген сандардың модасына тең екендігін айтты. Ол күніне қанша кесе шай ішеді.
Зерттеу жұмыстары
№1
Сыныптағы оқушылар аяқкиімі өлшемінің арифметикалық ортасын, модасын, медианасын анықтаңдар. Аяқкиім дүкенінің басшысы болсаңыз осы өлшемдердің қайсысын жақсы білуге тиіссіз?
№2
Әдеби мәтіндегі әріптердің санына зерттеу жасаңдар. Жиілік кестесін құрып, үш орташа сипаттаманы есептеңдер.
Оқушылар тапсырмаларды орындап, критерий арқылы бағалау
Қорытынды
(6 мин)
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабаққа қорытынды жасау үшін мына сұрақтарға жауап берген оқушы орындыққа отырады.
Кімнің туған күні күз айында?
Кім ер балалардың ішіндегі ең үлкені?
Кім кыздардың ішіндегі кенжесі?
«шығармашылық» сөзінің ішінде қай әріп модада?
Оқушылар бір біріне сұрақ қояды да, толық жауап беруді талап етеді.
Бағалау
(2мин)
Форматативті бағалауды қорыту арқылы, оқушыларға жиынтық баға қойылады.
Рефлексия
(2мин)
Кері байланыс оқушылар сабақтан алған әсерлерін эссе түрінде жазады.
Үйге тапсырма беру
(1мин)
Үйге тапсырма: № 494-496
Тапсырмаларды жазып алады.
№ 1
Бірнеше сатып алушылардың дүкенде сатып алған заттарының саны тіркеледі: 5; 4; 3; 7; 4; 8; 6; 3; 3; 12; 1; 3; 1. Моданы, медианы және арифметикалық ортаны есептеңдер.
№2
Ер балалардың он төртінің бойын өлшеген кезде мына нәтижелер алынды: 135; 137; 138; 139; 139;139; 139; 140;140;140; 141;141;141;142(см). Ер алалардың осы тобында жиі кездесетін бойдың ұзынығы қандай?
№3
Суретте бағанды диаграмма ер балалардың апаларының саны туралы сұраудың нәтижесін көрсетеді. Неше ер баладан сұрау жүргізілген? Ос ер балалардың, жалпы , неше апасы бар? Апаларының санының арифметикалық ортасын, модасын, медианасын табыңдар.
№4
Адамдардың бір күнде қанша шай ішетіні туралы сұрау жүргізілген: Қанат-5,
Айша-4, Дулат-6, Сауле-8, Фарида-6, Самат- 7, Шынар- 6. Айжан бір күнде өзі ішетін шайдың кесе саны жоғарыда көрсетілген сандардың модасына тең екендігін айтты. Ол күніне қанша кесе шай ішеді.
Зерттеу жұмыстары
№1
Сыныптағы оқушылар аяқкиімі өлшемінің арифметикалық ортасын, модасын, медианасын анықтаңдар. Аяқкиім дүкенінің басшысы болсаңыз осы өлшемдердің қайсысын жақсы білуге тиіссіз?
№2
Әдеби мәтіндегі әріптердің санына зерттеу жасаңдар. Жиілік кестесін құрып, үш орташа сипаттаманы есептеңдер.
Ықтималдық дегеніміз не? Мысал келтір.
Ықтималдық теориясы нені зерттейді?
Статистика дегеніміз не? Мысал келтір?
Статистикалық мәліметтердің кесте, график түрінде берілуінің арттықшылығы неде?
Кесте құру үшін нені білу қажет?
«Ыстық орындық»
Кімнің туған күні күз айында?
Кім ер балалардың ішіндегі ең үлкені?
Кім кыздардың ішіндегі кенжесі?
«шығармашылық» сөзінің ішінде қай әріп модада?
Бағалау критерийі