Урок по математике на тему Тіктөртбұрыштың ауданы (8 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: Геометрия

Сынып: 8а

Сабақ тақырыбы. “Тік төртбұрыштың ауданы”- тақырыбы бойынша есептер шығару.

Мақсаты:

  1. Тік төртбұрыштың ауданының формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, алған білімдерін нақтылау.

  2. Сабақ тақырыбы бойынша қорытынды және талдау жасай білуін жетілдіру. Тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқу материалының ұзақ есте сақтауына көмектесу.

  3. Оқуға саналы сезімге, өздігінен жұмыс істей білуге, ұжымдыққа, шығармашылққа тәрбиелей отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Білімді нақтылау.

Формасы: Ұжымдық ойлау әрекеті.

Сабақ әдісі: мини- диалог, ауызша жаттығулар, кестемен жұмыс, есептер шығару, шығармашылық тапсырма.

Сабақ көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі карточкалар, тең бүйірлі үшбұрыш моделі.

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу, балаларды түгендеу (сынып үш топқа бөлінген).

ІІ. Өткенді саралау:

а) Мини- диалог ретінде:

  • Біз қандай тақырыпты өтіп жатырмыз?

  • Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыздар?

Сұрақтар қою:

  • Жазық фигура дегеніміз не?

  • Жазық фигураның қасиеттері?

  • Тік төртбұрыштың ауданы? (Әр бала осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салады.)

ә). Ауызша жаттығулар орындау: Әр топқа тапсырмалар беріледі:

  1. Бос орынды толтыр:

Тең фигуралардың _________________ да тең болады.

  1. Сәйкестікті тап:

Оның сыбайлас қабырғаларының көбейтіндісіне тең



Тік төртбұрыштың ауданы

Оның екі сыбайлас қабырғаларының екі еселенген көбейтіндісіне тең




Қарама- қарсы екі қабырғаларының көбейтіндісіне тең




Оның қабырғаларының көбейтіндісіне тең




  1. Тіктөртбұрыштың ауданын есептеуге арналған формуланы анықта:

а) S = 2 (a+ b) b) S = ab c) S = 2ab d) S = [pic]

  1. Тік төртбұрыш берілген. Бос орынды толтыр:


    К-1

    Тік төртбұрыштың ауданы 34,02 см2, ал бір қабырғасы 5,4 см-ге тең екінші қабырғасын тап.


    К-2

    Тік төртбұрыштың периметрі 80 см, ал қабырғаларының қатынасы 2: 3- ке қатынасындай. Тік төртбұрыштың ауданын тап.








    К-3

    Тік төртбұрыштың ауданы 98 см2- қа тең, ал оның бір қабырғасы екіншісінен екі есе үлкен. Тік төртбұрыштың периметрін тап.

    К-4

    Тік төртбұрыштың периметрі 28 см, ауданы 48 см2. Тік төртбұрыштың қабырғаларын тап.












    IV. Сабақты қорытындылау: Шығармашылық тапсырма:

    1. “Құрылысшы”- шығармашылық ойыны.

    Құрылыстық өндіріс – қазір ірі өлшемді детальдар мен блоктардан зәулім- зәулім ғимараттарды жинақтап құрастыратын механикаландырылған құрылыс. Осы құрылыс жүріп жатқан ғимараттың есік, терезелерін орнатуда, еден төсеуде, ғимараттың қабырғаарын тұрғызуда бізге геометрия көмекке келеді. Енді қазір білімімізді өндіріспен байласын қарастыра отырып тапсырмалар орындап көрейік.

    Тапсырма: Берілген тең бүйірлі үшбұрыштардан:

    1. Ауданы 16 см2 болатын квадратты құрастыр.

    2. Ауданы 32 см2 – қа тең болатын тік төртбұрышты құрастыр.

    3. Ауданы 64 см2 – қа тең болатын квадратты құрастыр

    2. Тақырыпқа байланысты аудан, тік төртбұрыш оның өмірде қажеттігін ескере отырып 4 жол өлең шығару.

    3. Бағалау.

    4. Үй тапсырмасын беру:

    1. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екінші қабырғасынан 3 есе үлкен. Ауданы 27 см2- қа тең. Тік төртбұрыштың үлкен қабырғасына салынған квадраттың ауданын тап.

    2. Тік төртбұрыштың қабырғаларына салынған квадраттардың аудандары сәйкесінше 81 см2 және 169 см2- қа тең. Тік төртбұрыштың периметрін тап.











    Тік төртбұрыштың ауданы”- тақырыбы бойынша өткізілген әдістемелік сабақтың талдау.


    Өткізілген күні: 8 желтоқсан 2013 жылы.

    Ашық сабақ өткен сынып: 8ә

    1. Сабақ тақырыбы: “Тік төртбұрыштың ауданы”- тақырыбы бойынша есептер шығару.

    2. Бұл тақырып орта мектептің математика курсында оқуға қажет. Өткен тақырыппен (квадраттың ауданы) байланысы бар. Осы тақырып бойынша бастауыш сыныптан білімдері қалыптасқан. 9 сыныптың алгебра курсында “Екі айнымалысы бар екінші дәрежелі теңдеулер жүйесін шешу”, геометрия курсында “Көпбұрыштар ауданы”, 11 сыныпта “Көпжақтар, көпжақтар ауданы”, “Айналу денелері” тақырыптарын шешуде осы тақырып бойынша білімдері қажет.

    3. Осы тақырыпты өтуде оқушы дайындығына мынадай талаптар қойылады:

    • Фигураны бейнелеу үшін геометрия құралдарын пайдалана алады;

    • Есеп шарты бойынша сызбалар орындай алуға;

    • Квадраттың ауданы, тік төртбұрыштың ауданы формуласы және оны есептер шығаруда қолдана алуға.

    1. 8 сынып оқушылары- жасөспірімдік шақта болғандықтан олардың жады тұрақсыз болып келеді. Оқушыларды жады басқа жаққа ауып кетпеуі үшін оқу қызметін дұрыс ұйымдастыра білу қажет.

    2. Сондықтан осы аталғандарды ескере отырып сабақ мақсаты төмендегідей құрылды:

    І. Тік төртбұрыштың ауданының формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, алған білімдерін нақтылау.

    ІІ. Сабақ тақырыбы бойынша қорытынды және талдау жасай білуін жетілдіру. Тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқу материалының ұзақ есте сақтауына көмектесу.

    ІІІ. Оқуға саналы сезімге, өздігінен жұмыс істей білуге, ұжымдыққа, шығармашылққа тәрбиелей отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

    1. Осы оқу материалын меңгеруге және ауданын есептеуге оқушылар бастауыштан сыныптан дайындалады:

    • Тік төртбұрыш пен танысып, оның периметрін табуды

    • Сурет бойынша периметрін өрнек түрінде жазу

    • Қабырғаларының берілген өлшемдері бойынша ауданын табу.

    • 8 сыныпқа дейін оқушыларды тіктөртбұрыштың өлшемдері бойынша ауданын табу дағдысы қалыптасқан.

    1. Сабақ көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі карточкалар, тең бүйірлі үшбұрыш моделі.

    2. Сабақ сатылары:

    Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға психологиялық ахуал тудырылды:

    • “Көтеріңкі көңіл күй”- атты тренинг (Әр бала берілген қасиеттер-дің ішінде қазіргі уақытта қандай қасиет бойларында бар және жолдастарына бүгінгі сабақта не тілейді?)

    Берілген қасиеттер:

    Өмірге риза болу Әділдік

    Ұқыптылық Ашықтық

    Кеңпейілділік Шыншылдық

    Өзбетінділік Өзіне сенімділік

    Ұжымдық Ақылдылық

    Қарапайымдылық Сапалылық

    Бауырмалдық Тіл табысушылық

    Сыпайылылық Батылдық

    Төзімділік Тұрақтылық

    Сабырлық Еңбекқорлық

    • Әр топ өз тобының атын, ұранын айтуы тиіс.

    Теориялық білімдерін қолдана білу дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру мақсатында ауызша жаттығулар орындалды. Әр топ мүшелері тапсырма бойынша қорытынды жасап, талдады. Оқушылармен бір типті жұмыс қажытатындығы ескеріліп тапсырмалар формасы өзгертілді. Ауызша мен жазбаша жұмыстар кезектесті. Оқуылардың тақырып бойынша білімді игеру деңгейі дифференциялды есептер шығару арқылы қалыптастырылды. Ең алдымен өздігінен орындарында орындап, тақтада тексеру жүргізді. Жіберілген қателер дер кезінде анықталып, түзету жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды ұжымдыққа, шығармашылыққа тәрбиелей отырып және сабақты қорытындылау мақсатында шығармашылық тапсырмалар орындалды.

    1. “Құрылысшы”- шығармашылық ойыны.

    Құрылыстық өндіріс – қазір ірі өлшемді детальдар мен блоктардан зәулім- зәулім ғимараттарды жинақтап құрастыратын механикаландырылған құрылыс. Осы құрылыс жүріп жатқан ғимараттың есік, терезелерін орнатуда, еден төсеуде, ғимараттың қабырғаарын тұрғызуда бізге геометрия көмекке келеді. Енді қазір білімімізді өндіріспен байласын қарастыра отырып тапсырмалар орындап көрейік.

    Тапсырма: Берілген тең бүйірлі үшбұрыштардан:

    1. Ауданы 16 см2 болатын квадратты құрастыр.

    2. Ауданы 32 см2 – қа тең болатын тік төртбұрышты құрастыр.

    3. Ауданы 64 см2 – қа тең болатын квадратты құрастыр

    2. Тақырыпқа байланысты аудан, тік төртбұрыш оның өмірде қажеттігін ескере отырып 4 жол өлең шығару.

    Оқушылар білімі сабаққа қатысуы бойынша бағаланды. Жалпы сынып деңгейі жақсы. Оқушылардың пәнге деген, сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы бар. Сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын.




    Пән мұғалімі: Д.Т. Сманова