№179 А.Хангелдин атындағы орта мектеп
Жұмагелдиев Алтынбек Орақбайұлы
Математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Масштаб
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға масштабтың жазылуын, өлшемін ұғындыру. Масштабты пайдаланып есептер шығаруға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың білім-білік іскерліктерін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тез ойлауға, ойын дәл, анық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе парақтар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
№89 у-тің мәні х-тің мәніне тура пропорционал. Кестені толтыр:
ІІІ. Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақ.
Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды.
Мысал:
Екі қаланың картадағы арақашықтығы 3,5 см, жер бетіндегі арақашықтығы 175 км. Картаныі масштабын табыңдар.
Шешуі: 175 км=175000 м =17 500 000 см.
3,5 :17 500 000=1: 5 000 000
Жауабы: Картаның масштабы: 1: 5 000 000 немесе 1
5 000 000
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.
Сұрақтар қою:
Масштаб деген не?
Масштаб сызбада қандай өлшеммен беріледі?
VІ. Бекіту кезеңі.
1. Кітаппен жұмыс.
№119.
Масштабы 1) 1: 100 000
Шешуі: 1 км=1000 м=100 000 (см).
100 000 : 100 000= 1 (см.)
1: 50000
100 000: 50 000= 2 см
1: 25 000
100 000: 25 000= 4 см.
№130
Масштабы: 1:60 000 000
17 мм =1,7 см=170м=0,17 см
Х-екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы.
1 см=10 мм
1м=100 см.
17 =1
Х 60 000 000
х=17 х 60 000 000= 102000000 мм=1020000см =1020м=1020 км.
Жауабы: 1020 км.
Кестемен жұмыс.
Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты 108 см2 болғанда оның ұзындығы кемісе, ені қалай өзгереді? Кестеге қарап түсіндір.
VІІ. Үйге тапсырма. №136