Математика
Сынып: 5 "а"
Сабақтың тақырыбы: құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
Жай және құрама сандар ұғымын қалыптастыру;құрама сандарды жай
көбейткіштерге жіктеуге үйрету.
Дамытушылық: Натурал сандар туралы түсініктерін, тарихи ой-өрістерін кеңейту;
Логикалық ойлау, зейін тұрақтылығы мен есте сақтау қабілеттерін, сараптау біліктіліктерін қалыптастыру;пәнге деген белсенді танымдық қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Коммуникативтік құзырлықтарын дамыту;белсенді практикалық
іс-әрекетке құлшындыру;тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Оқу міндеттері:
Құрама санды жай сандарға (жай көбейткіштерге) жіктеу;
Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың білім және дағдыларын бекіту.
Сабақтың типі: Жаңа материалға есептер шығару оны игеру сабағы.
Жұмыс түрі: фронтальды, өздік
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сүрақ-жауап, есептер шығару, топпен, жеке жұмыс,
проблемалық оқыту
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгін біз құрама сандарды жай көбейткіштереге жіктеуге есептер шығарамыз,
"Жай сандар мен құрама сандардың қандай айырмашылығы бар?" деген сұраққа жауап беруге тырысамыз.Сабағымыз саяхат турінде өтеді.
2. Ауызша жаттығу
Айырмасы 2 ге тен екі жай санды қандай сандар дейміз ?
Егіз сандарға мысал келтір?
қандай сан жай сан және құрама сандар тобына жатпайды ?
Қандай сандар құрама сан деп аталады ?
Құрама сандарға мысал келтір?
2 санның еселіктерін ата
Жай сандарды көбейткенде қандай сан шығады?
Жай сандарды қосқанда қандай сан шығады?
5санының бөлгішін ата?
10санының бөлгіші ата?
Оқушылар биыл біз қазақстан Республикасының 25 жылдық мерей тойын атап отеміз сіздер осыған орай қандай өлең шумақтарын білесіздер?
Ал енді біз поезға отырып саяхатымызды бастайық.
3.Жаңа сабақты игеруге есептер шығару.
3.1. Мына натурал сандардың барлық бөлгіштерін табыңдар: 1, 7, 12, 26, 31 (3-слайд)
[pic]
3.2.Мына натурал сандарды 1, 7, 12, 26, 31 топтарға бөліңдер. (4 слайд)
Не себепті бұлай бөлдіңдер? Әр топтағы натурал санның неше бөлгіштері бар? 7 және 31 сандары жай сандар деп аталады. 12 және 26 сандары құрама сандар деп аталады.
[pic]
Оқушыларға өз беттерімен жай және құрама сандарының анықтамасын тұжырымдап жазуға ұсыныс жасау.
Бірінші аялдамамыз "Тулкибас" станциясы
3.Карточкамен жұмыс.
1топ
құрама санды жай көбейткіштереге жікте
24=------------------------
2топ
құрама санды жай көбейткіштереге жікте
18=------------------------
3 топ
құрама санды жай көбейткіштереге жікте
32=------------------------
4.Сергіту сәті
Екінші аялдамамыз "Тараз" станциясы
5.Оықулықпен жұмыс.
№678, №680
үшінші аялдамамыз "Шу" станциясы
Сабақты қорыту
Бүгінгі сабақта сендер натурал сандардың жаңа түрлерімен таныстыңдар. Алдарыңда тест сұрақтары жатыр. Әр сұраққа үш жауап берілген. Сендердің міндеттерің, дұрыс деп тапқан жауаптарыңды дөңгелектеп қоршау.
6.Тест
1. Қай сан жай сан болады?
а) 13 б) 24 в) 1
2. Қай сан жай сан болмайды?
а) 5 б) 17 в) 1
3. Қай сан құрама сан болады?
а) 21 б) 23 в) 1
4. Қай сан құрама сан болмайды?
а) 25 б) 18 в) 1
5.Жай сандарды көбейткенде әр уақытта шығады
а) жай сан б) құрама сан в) 1.
6. 18 санының жай көбейткіштерге жіктелуі:
а) 2∙2∙3 б) 3∙3∙2 в) 2∙2∙3∙1
Жауаптары:
1.А), 2.В), 3 А), 4.В) , 5.Б), 6.Б).
Сонғы аялдамамыз "Алматы" станциясы
7. Үй тапсырмасы: №682, 683
8. Бағалау.
9.Рефлексия:
Бүгінгі сабақта
менің білгенім көп;
әліде білуім керек;
ештене білмедім.