Утегенова Айнур Туреахметовна
Бөрлі ауданы, Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Алгебра және анализ бастамалары. Сыныбы: 11 «а» Сабақтың тақырыбы:
Нақты санның n-ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері.
Сілтеме:
11-сынып, Алгебра және анализ бастамалары, оқулықтың 44-50-ші беттері. ІІ-тарау, §5
Мақсаты:
Нақты сандардан алынған түбірлер мен оның қасиеттері туралы білімдерін тереңдету, толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау. Осы қасиеттерді есептер шығаруда қолдануды меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
- Нақты санның түбірі туралы ұғым және қасиеттері бойынша білімдерін тереңдетеді;
- Қасиеттерді қолданып есептер шығара алады;
- Натурал көрсеткішті n – ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін өрнектерді ықшамдауда қолдануды өзара талдап, қорытынды жасайды.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері:
Түсіндіру, сұрақ - жауап. Оқытудағы жаңа тәсілдер: постер құру, топтық, жұптық әңгіме. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары: «Бірге ойлаймыз, сөйлейміз, есептейміз, «Fila» кестесі. Кері байланыс, критерийлер бойынша бағалау. АКТ: Power Point, интербелсенді тақта және оқулықпен жұмыс. Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
Алгебра және анализ бастамалары, жаратылыстану - математика бағыты, А. Әбілқасымова, З.Жұмағұлова, А.Абдиев Алматы:
«Мектеп» баспасы, 2015ж
11 сыныпқа математика пәнінен арналған дидактикалық материалдар.
АКТ, проектор, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, түрлі түсті қарындаш, сызғыш
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс – әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, көңіл - күйін білу. Оқушыларды топқа бөлу.
1-ден 3-ке дейін санату арқылы 3 топқа бөлініп отыру.
Білу
Математикалық диктант
Сандардың дәрежелерін есепте:
23 43 72 104
34 122 203 64
Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауаптар береді.
4 баллдық жүйе мен бағалаушы бағалайды
Түсіну.
“FILA” кестесі
«Бірге ойлаймыз, сөйлейміз, есептейміз»
[pic]
Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру.
Әр топқа жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.
1.Көбейтіндіден түбір шығару [pic]
2. Бөлшектен түбір шығару [pic]
3.Түбірді дәрежеге шығару [pic]
4. n-ші дәрежелі түбірдің n дәрежесі [pic]
5.Түбірден түбір алу ережесі [pic]
6.Түбір және түбірдің астындағы сандардың дәреже көрсеткіштерін қысқарту [pic]
FILA- дегеніміз. Фактілер жинау, идеялар құрастыру, сұрақтар мен жауаптар, іс-әрекеттер жоспары.
FILA- факті, IDEAS- идея, LEAR NING ISSUS – сұрақтар мен жауаптар
ACTION PLAN- жоспар құру
FILA» кестесі:
Шешу жолын талдап айтады.
Оқушылар өз білімдерін постер арқылы қорғайды, оқулық пен жұмыс істейді.
І топ. Тақырыптың идеясын ашады.
Санның n-ші дәрежелі түбірі. Мысалдар келтіріңдер.
а санының n-ші дәрежелі арифметикалық түбірі. Мысалдар келтіріңдер.
ІІ топ. 1-3 ережелер.
Көбейтіндіден түбір шығару ережесі. Мысалдар келтіріңдер.
Бөлшектен түбір шығару ережесі. Мысалдар келтіріңдер.
Түбірдің дәреже көрсеткіші мен түбір таңбасының ішіндегі өрнектің көрсеткішін қысқарту ережесі. Мысалдар келтіріңдер.
ІІІ топ. 4-5 ережелер.
Түбірді дәрежеге шығару ережесі. Мысалдар келтіріңдер.
Түбірден түбір шығару ережесі. Мысалдар келтіріңдер.
5 баллдық жүйе мен бағалаушы бағалайды
Қолдану.
Тақтамен жұмыс.
Оқулықтан тапсырмаларды оқушылар орындап, жұптық, топтық жұмыста тексереді.
А деңгейі: № 75,77, 79
В деңгейі: № 81,83
С деңгейі: № 86 (41 – 43 бет)
3 баллдық жүйе мен бағалаушы бағалайды
Талдау
«Деңгейлік тапсырмалар»
В, С деңгейлі оқушымен жұмыс.
1-тапсырма.
Өрнектің мәнін табыңдар: 3-ұпай
1-топ.
2-топ.
3-т.
2-тапсырма. Сандарды өсу ретімен орналастырыңдар: 5-ұпай
1-топ.
2-топ.
3-топ.
3-тапсырма. оң сандары берілген. Келесі амалды орындаңдар:8ұпай
1-топ.
2-топ.
3-топ.
4-тапсырма. Өрнектің анықталу облысын табыңдар:10 ұпай
1-топ.
2-топ.
3-топ.
5-тапсырма.Өрнекті ықшамда: 12ұпай 1-топ.
2-топ.
3-топ.
Есептерді топта бір-біріне көмектесіп отырып шығарады. «Деңгейлік
тапсырмалар» ды орындау арқылы топ басшысы басқа топ мүшелеріне есепті қалай шығарғанын түсіндіреді. Қатемен жұмыс жасалады.
Оқушылар есептерге талдау жасап, әр есеп қалай орындалғанын талқылап айтады.
6 баллдық жүйе мен бағалаушы бағалайды
38 ұпай – 6 балл;
30 ұпай – 5 балл;
25 ұпай – 4 балл;
20 ұпай – 3 балл;
15 ұпай – 2балл;
10 ұпай – 1 балл;
Жинақтау.
1) Санды дәрежеге шығаруға кері амал бар ма?
2) а санының квадрат түбірі деген не?
3) 49 санының квадрат түбірі нешеге тең?
4) 27 санының үшінші дәрежелі түбірі нешеге тең?
5) 256 санының төртінші дәлежелі түбірі нешеге тең?
6) 243 санының бесінші дәрежелі түбірі нешеге тең?
7) а санының n-ші дәрежелі түбірі деген не?
Жұппен жұмыс.
Сұрақтарға жауап беріп,
жұптасып орындайды. Бір-біріне қолдау көрсетеді. Әр жұп жауаптарын қорғап шығады.
3 баллдық жүйе мен бағалаушы бағалайды
Бағалау.
«Үш қадамды сұхбат»
4 минут.
Дұрыс жауабын тап.
1) [pic] [pic]
2) [pic] [pic]
3) [pic] [pic]
4) [pic] [pic] 5) [pic] [pic]
6) [pic] [pic]
Оқушылар өз ойларын қосып, пікірлер айтады. Бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді, сұрақ қояды, пікір айтады.
[pic]
4 баллдық жүйеде бағаланады
Сабақты қорытын
дылау.
Рефлексия
Кері байланыс орнату.
Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар?
Сабақты (немесе тапсырманы) бағалау кестесі
Әр оқушы – Сабақты (немесе тапсырманы) бағалау кестесі - бойынша кері байланыс береді.
Бағалау.
2 минут
Сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.
Өзін-өзі бағалау, топтың өзара бағалау кретерийлері:
1.Теориялық білімді және ережелерді қолдану
2. Есеп шартын талдай алуы, өрнекті (формуланы) дұрыс құра білуі.
3. Есепті шығару деңгейі, жауабын дәлелдей алуы
Оқушылар өзара топтық, өзін-өзі кретерийге сәйкес бағалайды.
Үй тапсырмасы:
№ 76,78,82 ( 41 – 43 бет)
Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Кері байланыс парағы:
Критерийлер Жоғары
Орта
Төмен
1. Мен үшін түсінікті болды ма?
2. Мен қалай жұмыс жасадым?
3. Менің көңіл-күйім қандай болды?
4. Сабақтың жаңашылдығы қандай болды?
5. Топтық жұмысты ұйымдастыруы қалай
қатыстым?
6. Шығармашылық деңгейім қандай болды?
7. Ақпараттық құндылығы қандай болды?
8. Пайдасы қандай болды?