Пәні: Геометрия
Сыныбы: 7 «Б»
Күні:17.10.2014
Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер. Қиылысқан түзулер
Параллель түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын білу, қасиеттерін білу, параллель түзулер ұғымын кеңейте түсу, екі параллель түзуді үшінші параллель түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштардың түрлерін білу.
Тәрбиелеу
Параллель түзулердің өзара байланысын түсіне білуге, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра білуге, параллельдік белгісін пайдаланып есептер шығара білуге үйрету.
Дамыту
Параллель түзулердің сызбаларын дұрыс түсініп, сауатты сала білуге дағдыландыру.Тақырыптың нақтылығына көз жеткізу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: (визуалдық лекция). Түсіндірмелі баяндау (сұрақ-жауап, салыстыру, иллюстрациялық және репродуктивті).
Пәнаралық байланыстар: физика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты түгендеу және сынып тазалығын түгендеу.Сызбаларды орындауға қажетті құрал аспаптардың толық болуына назар аудару және көңіл –күйлерін бір ортаға тоғыстыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа оқу материалын белсене де саналы игеруге дайындық немесе мақсат қою. (не оқытылады, жаңа материалды тиянақты игеру үшін не қажет екенінің мәнін түсіндіремін).Жаңаа сабақты түсіндіру.
Оқушының білімін жан- жақты тексеру. (жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын, өткен тақырыптар мен байланыстыра отырып, жазықтықтың бетінде қиылыспайтын түзулер параллель түзулер болатынын тұжырымдаймын. Жаңа материалды түсіндіру үшін осылай алдын- ала дайындық жасаймын).
Бір жазықтықта жатқан екі түзу қиылысуы да, қиылыспауы да мүмкін. Екі түзу қиылысуы үшін олардың ортақ нүктелері болуы керек екені белгілі.
Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі.
Мысалы:түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, түзу жолдағы темір жолдың, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б.
Параллель түзулерді салу үшін сызба бұрыштық пен сызғыш пайдаланылады.
Параллель а және в түзулерін жүргізу үшін:
1/. Сызба бұрыштықтың бір жағын сызғышқа жылжытып, екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз.
2/. Сызғыштың бойымен сызба бұрыштықты жылжытып қалаған бағытта екінші в түзуін жүргіземіз.
Бір жазықтықта жататын бір- бірімен қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады.“Параллель” сөзі гректің parallelos- “қатар жүруші” деген сөзінен шыққан. ||-параллельдік белгі. a ||b
Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель
Параллель түзулерде жатқан кесінділер де, сәулелер де өзара параллель болады.
Параллель түзулердің негізгі қасиеті: Түзудің бойында жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана парралель түзу жүргізуге болады. /параллельдік аксиомасы/
Параллель екі түзудің біреуін қиып өтетін түзу екіншісін де қиятындығы туралы теореманың дәлелденіп көрсетіледі.
Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгенін тексеру
ІV. Жаңа сабақта бүкіл материал түгел өтілгендіктен есеп шығаруға көңіл бөлмейміз.(есеп келесі сабақтарда шығарылады).
№89,90 (ауызша),
№88,93 (салу есептері).
VІІ кезең. Жаңа білімді бекіту кезеңі (сұрақтар қойылады және оқушы білімі бағаланады)
Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
Параллельдік аксиомасы дегеніміз не?
Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?
Теореманың кері жору әдәсі дегеніміз не?
V. Үйге тапсырма: №89, №92
VІ. Сабақты қорытындылау.
Оқушы білімін бағалау.