25. 10. 2016 Математика 2-сынып
Оқулық
Сабақтың мақсаты:
4 санын қосу және азайту тәсілдері жайлы білімдерін бекіту.
Көрнекілігі:
суреттер
Оқыту нәтижелері:
Ондықтан аттап 4 санын қосу және азайту тәсілдерін үйренді
Тапсырмалар:
1. Бірнеше тапсырмалар орындау
2.Жұппен,топпен тапсырмалар орындайды.
Қадамдар:
Топқа түрлі тапсырмалар орындату, өз ойларын айтқызу, талдату. Пікір айтқызу.Сергіту сәті
Сабақтың барысы
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Ұйымдастыру кезеңі.
І.Психологиялық дайындық.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан ,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады ,
Досың солар табылытын қасыңнан
Есептер жауабын таба отырып топқа бөліну
Үй жұмысын тексеру
Миға шабуыл
1. 1минутта неше секунд бар?
2.Уақыт бірліктерін ата?
3. Оңнан солға, солдан оңға оқығанда бірлігі мен онд. өзгермейтін сандарды ата?
4. Ұзындық бірліктерін ата?
5. 1жылда неше ай бар?
6. 1аптада неше тәулік бар?
7. 7дм –де неше см бар?
8.7онд. 5бірл. құралатын сан?
9. 24 пен 20-дың айырмасы нешеге тең?
Оқушылар соңғы сұрағымыз қандай болды? Нешеге тең еді?
4-ке. Ендеше, 4туралы не білеміз? Мен сіздерге тапсырмалар беремін. 4 саны туралы не білетіндеріңізді көрейін?
4қабырға
4 бұрышы бар фигуралар
4қабырғасы тең шаршы
Неше тұс бар?
Жаңа сабақ
Бүгінгі тақырыбымыз неше саны туралы болмақ?
4санын қосу және азайту. Ендеше, 1-ші сыныпта өткен 4санын қосу және азайту кестесін еске түсірейік.(ауызша айтып өтуі)
Күннің жады мен тақырыпты жазайық.
Ары қарай, мына есепке назар аударайық.
7-ге 4-ті қалай қосу керек? Кім біледі? Маған түсіндіре отырып, шығарып беретін оқушы бар ма екен?
Берілген сурет бойынша саната отырып, қосу кестесін пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру:
7-ге 4-ті қосу үшін ең алдымен 7-ны 10-ға дейін толықтырып аламыз. Ол үшін ең алдымен 4-тің 3 бірлігін аламыз, 1 бірлік қалады. Сонда (6+4) + 1 өрнегін шығарамыз.
11-ден 5-ті қалай азайту керек?
Ал 11-ден 4-ті азайту үшін дәл осы тәсілді пайдаланамыз. 11-ден 1-ді азайтамыз, 10 шығады. 10-нан қалған 3 бірлікті азайтамыз 7 шығады. Сонда (11 – 1) –3 өрнегі құралады.
Ендеше тақтадағы тапсырманы жазып аламыз.
б) түсіндіре отырып, шығар (1,2-топ, алғашқы 2-еуі, 3,4топ-қалған 2-еуі)
8+4= (8+2)+2=12 12-4=(12-2)-2=8
2 2 2 2
9+4= (9+1)+3=13 13-4=(13-3)-1=9
1 3 3 1
«Кім жылдам?»
№2 4 теңдік құр
4,7,11 +,- (1,2-топ)
4+7=11
11-7=4
7+4=11
11-4=7
№3 Өрнектердің мәнін жаз және оның мәнін тап: (3-алғашқы екеуі, 4 –топ соңғы екеуі)
(8+2)+2=12
(12-2)-2=7
(9+1)+3=13
(13-3)-1=9
«Қай топ тапқыр?» (таным есеп)
№4 (1,2-топ)
Барлығы-26
1-аялдама-6 жолаушы түсті
2-аялдама-4 жолаушы мінді
Болғаны-? жолаушы
Ш:(26-6)+4=24
Ж: барлығы 20 бала
№5 (3,4- топ)
Ілулі тұрғаны-50кеудеше
Киіп кеткені-8кеудеше
Соңынан ілгені-8
Болғаны-? кеудеше
Ш: (50-10)+8=48
Ж: болғаны 48кеудеше
Сергіту сәтін орындау:
«Кел, ойнайық!»
«Шығармашылық есептер»
1.Портфелімде әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді,
Науат пенен Сағатқа,
Самат пенен Маратқа,
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы, ал кәні (3)
2.Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма? (10)
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады? (4алма алады)
Нешеуі қалады? (6)
3.Маратта 8 дәптер, Жанатта 5 дәптер бар.Маратта неше дәптер артық? (3)
4.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)
5.Айжанның 6 тәтті наны болды. Ол бірнешеуін Серікке бергеннен кейін ода 2 тәтті нан қалды.Айжан Серікке қанша тәтті нан берді? (4)
6.Аспазшы 10 литр кампот пісірді. Балалар оның бірнеше литрын ішкеннен кейін 4 литр қалды.Балалар неше литр кампот ішті? (6)
«Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып» ойын.
Бүгінгі тақырыпқа байланысты алдағы оқушыға бір есеп айтамын. Ол шешіп, ары қарай оқушылар келесі оқушыларға өз есептерін шештірумен жалғастырады.
Мақсаты: тақырыпты қорыту, сабақты қаншалықты түсінгендігін анықтау.
Жасыл қоршау орындау
«Ия, жоқ» ойыны.
Оқушылар дұрыс болса- «ия», дұрыс емес болса-«жоқ» деп жауап қайырады.
Бүгінгі тақырыбымыз қандай болды?
Сіздерге сабақтың қай бөлігі ұнады?
Үйге тапсырма беру.
6, 63бет
Сабаққа назар аударады.
Топқа бөліну
Жылдам жауап беру
Төрт санының қосу кестесін қайталау
Түсіну
Түсіну, орындау
Теңдік құру
Өрнектің мәнін табу
Талқылау , шығару
Дәптерге жазу, шығару.
Жұппен тексеру
Сергіту
Жылдам жауап беру
Бағалау
Оқушыларды бағалау