Сабақтың тақырыбы: Үш танбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін ауызша тіл дамыту жұмыстары арқылы бекіту; Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру; Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау,түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, топшамалар
Сабақтың өтілу барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен психологиялық дайындық жасау.
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім
Туған тілім – анам тілі – өз тілім
Туған тілім – далам тілі – өз тілім
Туған тілім – адам тілі – өз тілім
ІІ Жаңа сабаққа кіріспе
Ауызша сұралады
1) Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіз?
2) Мәдениеттің адам бойында қалыптасуы туралы пікіріңіз қандай?
3) Тіл мәдениеті, оның адам бойындағы мәдениеттілікті қалыптастырудағы орнын қалай түсінесіз?
4) Тілдік қарым-қатынаста сөз мәдениетін қанша түрге бөліп қарауға болады?
ІІІ Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың сұрақтары мынадай:
1) Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесің?
2) Ауызекі сөйлеудің өзіндік стильдік ерекшеліктерін айтыңыз.
3) Тыңдай білу әдебіне не жатады?
4. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдаудың ерекшелігі неде?
5. Сөйлеушінің сөзіне араласып, өзара ой алмаса тыңдау, оның өзіндік мәні туралы айтыңыз?
6. Тыңдаудың түрлеріне ой жібере отырып, «тыңдау» деген ұғымға қандай түйіндеу жасайсыз. (Тыңдау деген не?)
7. Сөйлеу әдебіне не жатады
8. Жүйелі, мәнді сөйлеудің негізгі сапалары қандай?
9. Сөйлеу сапасына қандай нәрселер кері әсерін тигізеді?
Бізде үш топ бар. Осы сұрақтарға жауап беру үшін әр топ үш сұрақтан бөліп алады. «Тіл табыса білу де - өнер»1-топ), «Тыңдай білу әдебі»(2-топ), «Сөйлеу әдебі», «жүйелі, мәнді сөйлеудің негізгі сапалары»(3-топ) мәтіндерін оқып табады.
1-жаттығу.
*Мәтінді оқы. Алғашқы үш сөйлемді көшіріп жаз.
Халқымыз ой маржандарын ертеден тасқа қашап жазды. Қамыспен жарғақ теріге жазды. Кейіннен жазуды қағазға басып, баспа құрды.
Ой маржандары- халқымыздың даналық сөздері
2-жаттығу.
*Мәтінді оқып, көшіріп жаз.Сөздерді жазу кезінде қандай таңбалар қолданасың? Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
Сергіту сәті
3-жаттығу.
*Математикалық жазуды дәптеріңе жаз.
Төрт пен бестің қосындысы тоғызға тең. Жеті мен екінің айырмасы беске тең. Алты кем оннан. Сегіз артық үштен.
4-жаттығу.
*Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Әжесі немересіне ертегі айтты. Әжесі немересімен телефон арқылы сөйлесті. Әжесі немересінің сұрағына жауап берді. Әжесі немересіне хат жазды.
6-жаттығу
Жауаптары: теледидар, телефон, кітап, радио.
ІV.Қорытынды. Бағалау
1. Сөз мәдениетін нешеге бөліп қарастыруға болады?
А) 1
Ә) 2
В) 3
2. Ауызекі сөйлеу деген не?
А) іскерлік қарым-қатынас жасау
Ә) жазу арқылы жүйелеп сөйлеу
В) бетпе-бет көріп өзара пікір алмасу
3. Тыңдау деген не?
А) біреудің сөзін қабылдау
Ә) сұрақ қою
В) жауап беру
4. Таза сөйлеу – биік ...
А) сыпайылық
Ә) мәдениеттілік
В) өрескелдік
5. Сөз мағынасын түсінбей қате сөйлеу неге жатады?
А) тыңдай білу әдебіне
Ә) ауызша сөйлеудің стильдік ерекшелігіне.
В) сөйлеу сапасына кері ықпал ететін нәрсеге
6. Жүйелі мәнді сөйлеудің негізгі сапалары не?
А) тіл тазалығы, сөз байлығы, түсінікті болуы
Ә) айтылу заңдылықтарын сақтау, қызынып сөйлеу
В) сұхбат құру, өз пікірін білдіру
7. Сөйлеу әдебіне не жатады?
А) сөйлеушінің пікірін түйіндеу, қорытындылау
Ә) эмоциональды сөйлеу, қимыл қозғалысты қолдану
В) орфоэпиялық норманы сақтау, байыпты сөйлеу, әңгімелесіп отырған ортаның ыңғайын байқау
8. Тыңдау неше түрге және қалай бөлінеді?
А) 3 түрге, пікір айтқан адамның сөзін қайта-қайта бөлу, өзі келіспейтін пікірге қызбаланып қарсы сөз айту, қимыл қозғалысымен тоқтату
Ә) 2 түрге, үндемей тыңдау және өзара ой алмастыра отырып тыңдау
В) 1, сұхбат құру
9. Адам тыңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ...
А) ойын жүйелі жеткізе алады
Ә) өзі туралы жоғары пікірде болады
В) басқалар қызыға қарайды
10. Қолдану аясы, сөйлеу мақсаты, өзіндік стильдік ерекшелік, тілдік құрал неге жатады?
А) тыңдай білу әдебіне
Ә) жүйелі сөйлеу шарттарына В) ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігіне.
V. Үйге тапсырма. 9 бет . 5-жаттығу