Теңбүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...

Геометрия, 7 сынып

Реті:21

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тең бүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін білу

Дамытушылық: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру. Оқушылар геометриялық фигуралар бойынша үш топқа бөлінеді.

  1. Қызығушылықты ояту. Бұл оқиға ерте заманда болған. Бір қалада ақылды Ғалым деген данышпан мен оның сөзін қызғанып көре алмайтын Асан деген қатыгез адам өмір сүреді. Асан данышпан Ғалымға жауап бере алмайтындай бір сұрақ ойлап тапқысы келеді. Ол үшін ол шалғынға барып, көбелек ұстап алады да, оны алақанның ортасына салады. Асан данышпаннан сұрағысы келеді: «Менің қолымдағы көбелек тірі ме әлі өлі ме», - деп. Егер ол өлі десе, мен алақанымды ашам да, көбелек ұшып кетеді, ал егер тірі десе, мен алақанымды қатты қысамын, көбелек өліп қалады. Асан көбелекті ұстап алып, Ғалымға келеді: «Менің қолымда көбелек өлі ме, тірі ме?» - деп сұрайды. Сонда данышпан Ғалым былай деді: «Барлығы сенің қолыңда». Иә, өмірде кей кездерде келеңсіз оқиғалар болады, ештеңе істегің келмейді. Онда данышпанның сөзін еске алыңыз

" Барлығы сенің қолыңда". Осы сөз бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын.

3. Математикалық диктант.

- Бір түзуде жатпайтын үш нүктеден, осы нүктелерді __________ қосатын кесінділермен _____________ жазықтықтың бөлігі ____________ деп аталады.

- үшбұрыштың төбесін қарама қарсы қабырғаның ортасымен қосатын кесінді

- барлық қабырғалары тең үшбұрыш _______________

- қандай бұрыштар тең? _________________________

- қандай бұрыштардың қосындысы 180 градусқа тең?________________

- екі қабырғасы және арасындағы бұрыш ___________________нешінші белгісі

- бір үшбұрыштың үш қабырғасы ______________________ нешінші белгісі

3.Жаңа тақырып: Ресурс парақтары мен оқулықпен жұмыс жасап бір-бір теоремадан дәлелдеп шығады

Теорема 1:Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болады

Теорема 2. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесінен табанына жүргізілген биссектриссасы оның әрі медианасы, әрі биіктігі болады.

Теорема 3. Егер үшбұрыштың екі бұршы тең болса, онда ол үшбұрыш теңбүйірлі үшбұрш болады.

Дәлелдеуі: постер арқылы дәлелдейді әр бір топ, басқа топтың мүшелері сұрақтар қоды немесе толықтырады.

Бекіту. Әр бір топқа үш есептен беріледі. Топпен шығарады. Дұрыс жауаптары тақтадан тексеріледі.

1 Берілгені: ΔABC

P=18см

AC=8см

AB=BC=?

P=AB+BC+AC

AB=BC P=2AB+AC

18=2AB+8

2AB=18-8

AB=10 : 2

AB= 5 см AB=BC BC=5 см

B № 2

ΔABC

AC=9см

AB=BC=2AC

P=?

A C P=AB+BC+AC

P=2AB+AC

P=4AC+AC=4*9+9=36+9=45см

3 Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы 80. Бүйір қабырғасына түсірілген биіктік пен табанының арасындағы бұрышты табындар.

4 Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы 50. Бүйір қабырғасына жүргізілген биіктік пен табанының арасындағы бұрышты табындар.

5 Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесінен түсірілген биіктік пен бүйір қабырғасының арасындағы бұрыш табанындағы бұрышынан 15кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын табындар.

4.Үйге тапсырма беру: §14. №196

5.Кері байланыс. Сабағымыздың ұраны қандай болып еді? Қайта оралайық. Солай ме екен? Бәрі де біздің қолымызда ма? - Сабақта не білдік? Қандай жаңалық болды?

Рефлексия. Жаңа математикалық шыңды бағындыруы қиын болды ма? Менің білгім келгені: әрқайсысыларының сол таудың қай жерінде тұрғындары, тау бөктерінде ме, оның орта жағында ма, әлді шыңында ма, өздерінді суреттеңдер.

Екі жұлдыз бір тілек

Қорытындылау, бағалау

1 Берілгені: ΔABC

P=18см

AC=8см

AB=BC=?

2

ΔABC

AC=9см

AB=BC=2AC

P -?

3 Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы 80. Бүйір қабырғасына түсірілген биіктік пен табанының арасындағы бұрышты табындар.

4 Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы 50. Бүйір қабырғасына жүргізілген биіктік пен табанының арасындағы бұрышты табындар.

5 Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесінен түсірілген биіктік пен бүйір қабырғасының арасындағы бұрыш табанындағы бұрышынан 15кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын табындар.

1 Берілгені: ΔABC

P=18см

AC=8см

AB=BC=?

2

ΔABC

AC=9см

AB=BC=2AC

P-?