Математика. Ашық сабақ Сабақ тақырыбы :Шамалар және өлшем бірліктері (3 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Математика


Шамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктер

Раушан Төлеуғазықызы Қасенова,

Бастауыш сынып мұғалімі,

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп,КММ

Үржар ауылы, Үржар ауданы , ШҚО


3-сынып

Сабақтың білімділік мақсаты:Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты:логикалық есептер шешу арқылы,сұрақтар қою арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:ұқыпты жазып, есептерді қатесіз, әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру.Ұйымшылдықпен еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,интерактивті тақта, «жаттығу тапсырмалары», оқулық, тапсырмалар,
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тіл дамыту.

САБАҚ БАРЫСЫ.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың үш тілде сәлемдесуі

Шамаға байланысты салынған суретті таңдау арқылы топқа бөлінуі (сағат, таразы , сызғыш,шелек)

Психологиялық ахуал

Тез шығарып есепті,

Жарысамыз топпенен.

Жеңісіміз ортақ деп,

Қуанамыз көппенен.

- Балалар бүгінгі сабақта топ басшыларын тағайындау үшін тіл сабағынан қандай 5-ке байланысты ұғымдарды білесіңдер?Балалар жауабын күту (Бес парыз, бес қару, бес асыл, бес дұшпан,т.б.)

-Тамаша ! Әр топқа бес гүл күлтелерін таратып, күлте артында «топ басшысы» деген жазу кімге түссе сол болады деп түсіндіру және бағалау парақшасын топ басшыларына тапсыру.

Үй тапсырмасын пысықтау

1-топ:Есеп қиын деп тұрмай,

Ойлап бір сәт көріңдер.

Біліміңді тексеріп ,

Өрнек құрып беріңдер

2-топ:Білім құмар оқушы,

Ойын терең бөледі.

Теңдеудің де жауабын

Дұрыс тауып береді.

3-топ:Өңкей ойшыл балалар,

Қай топ алда тұрады.

Ойы жүйрік тез ойлап,

Мысал жауабын табады.

4- топ:Қиындықтан қашпайық,

Есепті бірге бастайық.

Дәптер бетін санайық,

Шешуін оның табайық

Сергіту сәті. Ой қозғау.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «ыстық таяқшаны» бере отырып, бір топ екінші топқа ауызша екі таңбалы ,үш таңбалы сандарды қосу және азайту мысалдарын айтады:

Жаңа сабақтың мағынасын ашу.

Әр топ өздерінің таңдаған бастапқыдағы топқа бөлудегі суретін қорғайды . Неге қажетті зат ? Өмірде не үшін керек?(Оқушылар жауабы)

Дәптермен жұмыс: күн ретін жазу, көркем сан жазу

Оқулықпен жұмыс

Төрт топқа 15 беттегі №1(а,ә,б,в) бөліп беру. Біткен топ белгі беріп, талдауға кіріседі.

 «Жаттығу сұрақтары»:бойынша
1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2.Сабақ қай уақытта басталады?
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. Бір сабақтың ұзақтығы неше минут?
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)

6. 3 литрлік банкаға неше литр су сияды?

Тақтамен жұмыс

16 беттегі №2 (б)орындау

Қызығушылықты ояту

«Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген топ ұтады.
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған)
2. Көбейтудің заңдарын ата
(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)
3. 1км-де неше метр бар? 1000м
4.1дм-де неше мм бар? 100мм
5.1 м-де неше мм бар? 1000мм
6.1тоннада неше кг бар? 1000кг
7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
— км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері
— т, ц, — бұлар салмақ өлшем бірліктері.

Интерактивті тақтадағы төмендегі берілген сұрақтарға байланыстысуреттер арқылы сабақты бекіту.
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?
Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг)
Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді
санау .(бірін-бірі жұптасып тексеру)

Үй тапсырмасы 17 бет.№5 Амалдарды орындау.

  Бағалау.Топ басшысы соз алады.

Рефлексия

  Қолдарындағ ы гүл күлтелерін биіктіктері әр түрлі үш ағаштың суретіне жабыстырады.Түсіндім деген бала ең биік ағашқа,білгім келеді деген орташа биіктіктегі ағашқа, түсінбедім деген бала аласа ағашты қолданады.