№267 орта мектеп
Математика пәнінің мұғалімі: Байманова А.
Сабақ тақырыбы: Білімді ұрпақ –мәңгілік ел тұғыры
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру; пән боынша алған білімдерін пысықтау және қорытындылау;
Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау, оқушылардың ой - өрістерін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық қабілетін, белсенділіктерін арттыру;білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды жаупкершілікке, өзін - өзі басқара білуге, өз еңбегін бағалай білуге , мақсатына жете білуге, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақ әдісі: жеке жұмыс, тест жұмысы, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер, карточкалар,шарлар
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек» /М.Ломоносов/
Сабақтың жүру барысы:
Кіріспе: Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
Мақсатым – ұлт ұланын тәрбиелеу
Шәкіртті шұғылалы шыңға демеу.
Даналықты дарытып жүрсем деймін,
Баланың өз жанына болып медеу!
дегендей оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, оқушылар бойындағы қабілетті ашып, талаптарын ұштау, оқушыларды өз бетінше дұрыс ойлап, қисынды пікір айтуға тәрбиелеу; олимпиадаларға қатынастыру басты мақсат.
Жаңа білім жүйесі – заман талабы десек, тәуелсіз елдің жарқын болашағы жастар. Еліміздің гүлдеп өркендеп, өркениетті 50 елдің қатарынан табылуына жастардың қосар үлесі зор.
ҚР – да өмір сүріп отырған әрбір азамат мемлекетіміздің бір бөлшегі. Сондықтан да, ол барлық істе сауатты, өздігінен әрекет етуге қабілетті, жауапкершілігі мол азамат болуға тиісті. Ондай азаматтар отбасы бастауынан тәрбие ала отырып , өзінің ізгілігі мен білімін мектеп қабырғасында одан әрі шыңдай түседі.
Олай болса білімді жастарды анықтайтын «Білімді ұрпақ –мәңгілік ел тұғыры » танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Сендер бір сәт ойланып көрдіңдер ме? Барлық пәндер қандай да бір саланы оқытып, соған бағыттайды. Ол бағыт өмірде қолданылып, кездесіп, пайдаланылады. Ал математика қандай пән, нені оқытады? Соған жауап беріп көрейікші.
Сұрақ: Мысалы, «Астрономия» пәні нені оқытады?
1 - жүргізуші: Жұлдыздарды
Сұрақ: Жұлдыздар шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?
2 – жүргізуші: Иә
Сұрақ: Биология пәні нені оқытады?
1- жүргізуші: Бізді қоршап тұрған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер әлемін.
Сұрақ: Өсімдіктер мен жануарлар шын мәнінде бар ма? Бізге кездесе ме?
2- жүргізуші: иә
Сұрақ: Гография пәні нені оқытады?
1 – жүргізуші: Жер, өзен – көл, ауыл, қала
Сұрақ: Олар шын мәнінде бар ма? Біз оны кездестіреміз бе?
2 – жүргізуші: иә
Сұрақ: Ал, математика пәні нені оқытады?
1 – жүргізуші: Сандар мен геометриялық фигуралар қасиеттерін
Сұрақ: Олар шын мәнінде барма? Ұстап көруге болама?
2- жүргізуші: жоқ.
Мұғалім: Ендеше математика көзге көрінбейтін нәрселерді зерттейді. Бұл ғылым тек адам ойы арқылы ғана жүзеге асады. «Математика – ақыл-ойды тәртіпке келтіреді, сондықтанда оны оқу керек» деген екен оқымысты – ғалым М.В.Ломоносов
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,
деп сендерден ұқыптылық пен шыдамдылық және ойлылық талап етіледі. Қатысушыларға сәттілік тілеп сайысымызды бастаймыз.
«Әзіл сұрақтар»
Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды
Жерден көтеруге оңай, бірақ алысқа лақтыруға қиын
Қалайша жұмыртқа 3 метр ұшып жарылмауы керек
Қалай 10 метр сатыдан секіріп жараланбауға болады
2 әкесі және 2 баласы 3 қоянна ұстап алды. Әрқайсысына неше қояннан келеді
Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю бір арыстан
Екі қоймен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді
«Жұмбақтар сайысы» ( көрермендер көзайымы)
Жоқ өзінде баста қас та, мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым
Фигура ол ең негізгі
Дәл жаупты қостадым
Жаңылмастан жетеуі
Кезек қызмет етеді
Айқасқан екі таяқ, сұрады жоқты сұрап
Алды артымыз шексізде
Жете алмайсың біздерге
Сәуле менен кесінді
Шыққан еді біздерден
1 – бөлім: Ширату
1-топ.
Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады? Әріпті өрнек
2. Екі санның бөліндісін не деп атаймыз? Қатынас
3. Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы? Төртбұрыштың периметрі
4. 24 санының бөлгіштерін ата 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24
5. 5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса
6. 2-ге бөлінетін натурал сандар? Жұп сандар
7. Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар? Қарама – қарсы сандар
2-топ.
Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады? Теңдеу
2. Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не дейміз? Масштаб
3. S= ab қандай фигураның формуласы? Тіктөртбұрыштың ауданы
4. 27 санының бөлгіштерін ата 1, 3,9, 27
9 санының бөлгіштік белгісі? Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе
6. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар? Жай сандар
7. Оң санның модулі неге тең? Өзіне
№267 орта мектеп
[pic]
Тақырыбы: Білімді ұрпақ – мәңгілік ел тұғыры
Математика пәнінің мұғалімі: Байманова А.