«Мен саған сенемін...»
(сайыс)
Апталықтың ашылуы.
6 «Г» класс оқушылары топтық бимен ашады.
1-оқушы:
Уа халайық,халайық!
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі апталық төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып
Көңілді апталық жасайық.
Апталықты ашуға сөз кезегі математика пәні мұғаліміне беріледі.
2-оқушы ән орындайды:
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Мен саған сенемін...» атты сайысқа қош келдіңіздер! Оқушыларымыздың кластастарына қаншалықты сенетінін анықтау мақсатында және кластастар бір бірінің сенімін қаншалықты ақтайтынын, тапсырмаларды орындау барысында сіздердің жылдамдықтарыңыз, икемділіктеріңізді байқайтын боламыз. Олай болса сәттілік тілейміз барлығыңызға.
1-жүргізуші:
-Кеш жарық құрбыларым,
Бәріңнен аманшылық жөн сұрадым
Математика кешінің дәл төрінде
Шабытты айтыскердей сөз құрадым.
____________ сынарым тек сырласым
Айтысуға шықтық па, кел, құрдасым
«Сен үлкен» де «мен үлкен» шеше алмай
Қағытысып келеміз әлі бүгін.
2-жүргізуші:
-Оу,халайық, алдарыңа кез боп қалдық
Аманшылық сұрасақ болмас айып
____________ құрбым –ау құтты болсын!
Бүгінгі мерекеміз болған анық
Мен алға шықтым дейсің, мейлі болсын
Үлкен болшы___________көңілің толсын
Екеумізбен математика тік тұрмай ма
Қалайша ажыраймыз тең-тең болсын.
1-жүргізуші:
-Көп рахмет, құрбым менің, иинабатты
Бойыңа жинап келген бар шабытты
Жұптассақ, жұптасайық ризалықпен
Қошемет көрермендер соқса мықты.
2-жүргізуші:
Олай болса, қатысушыларды ортаға шақырамыз:
9 «А» класс оқушылары ________________________________
9 «Ә» класс оқушылары ________________________________
9 «Г» класс оқушылары ________________________________
9 «Д» класс оқушылары ________________________________
Бірінші кезең барлығыңызға ортақ тапсырма
Шарты: Ойыншы жігіттер гир көтеруден сынға түседі. Қанша рет көтерсе сонша балл қосылады.
Екінші кезеңде қандай тапсырма екенін анықтау үшін суреттерге назар аударсақ.
1-сурет-«теңдік белгісі» 2-сурет-«Х»
Шарты: Сіздің сыныптасыңыз 10 теңдеуді неше минут ішінде шешеді деп сенім білдіресіз? Әр теңдеу 1балл.
Жанкүйерлермен сайыс. Көрермендер арасынан әр кластан 1 қыз баладан шығады. №1 слайдта көрсетілген тапсырманы орындау арқылы,өз кластасына ұтып алған ұпай санын қосады. Әр оқушы жеке тапсырма орындайды.
Үшінші кезеңде қандай тапсырма екенін анықтау үшін суреттерге назар аударсақ.
1-сурет-«Ұн» 2-сурет-«Конфет»
Үшінші кезең тосын жағдай – жұптық сайыс. Бұл сайыста жұптың шапшаңдығы мен тапқырлығы сыналады. Ер балалар ыдыстағы ұнға жасырылған конфеттерді 1 минут ішінде ауызымен жинау керек. Конфет санына қарай балл қосылады.Ал қыздар осы жиналған конфеттердің астында жасырылған сандардың арифметикалық ортасын,модасын,медианасын табулары керек. Жоғары балл-3 балл .
Жанкүйерлермен сайыс. Көрермендер арасынан әр кластан 2 ер баладан шығады. 1 мин ішінде допта секіре отырып, сұрақтарға жауап беру.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.Өз кластасына ұтып алған ұпай санын қосады.
1.Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)
2.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180)
3. 225 нешенің квадраты (15)
4. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
5.Кері сандардың көбейтіндісі (1)
6. Класынның математика пәні мұғалімі
7. Гипотенуза қандай үшбұрышта болады? (тікбұрышты)
8. у=ax2 функциясының графигі (парабола)
9.625 нешенің квадраты (25)
10. Ең кіші натурал сан (1)
11. Сайысқа қатысушы кластасың кім?
12. Ең үлкен хорда (диаметр)
13. Қиылыспайтын екі түзу (параллель)
14.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (шаршы)
15.Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
16.144 нешенің квадраты (12)
17.Катет қандай үшбұрышта болады (тікбұрышты)
18.Класс жетекшің кім?
19. S=a2 ненің ауданы (квадраттың ауданы)
20. Бір нүктеден таралған екі сәуле (бұрыш)
21. Бағытталған кесінді (вектор)
22. 13 –тің квадраты (169)
23.7,3 натурал сан ба? (жоқ)
24.Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)
25. Бүгін нешесі?
Бұл сайыстан кейін екі жоғары ұпай жинаған жұп өзара сайысып жеңімпаз жұп анықталады.
Төртінші кезеңде қандай тапсырма екенін анықтау үшін суреттерге назар аударсақ.
1-сурет-«Формуланың бір бөлігі» 2-сурет-«Алма»
Төртінші кезең- бұл сайысқа екі жұп қатысады. Әр жұп 3 минут ішінде формулалардың сәйкесін тауып, тақтаға дейінгі кедергілерден өтіп,жабыстыру керек.Әр формула үшін 1 ұпайдан алады.
Герон формуласы
[pic]
Параллелограмм ауданы
[pic]
Үшбұрыштың ауданы
[pic]
Тіктөртбұрыштың ауданы
[pic]
Үшбұрыштың периметрі
[pic]
Арифметикалық прогрессияның қосындысы
[pic]
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысы
[pic]
Геометриялық прогрессия қосындысы
[pic]
Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесі
[pic]
Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесі
[pic]
Геометриялық прогрессияның қасиеті
[pic]
Түзудің теңдеуі
[pic]
Вектордың ұзындығы
[pic]
Вектордың скаляр көбейтіндісі
[pic]
Вектордың скаляр көбейтіндісі
[pic]
Тригонометриялық негізі тепе-теңдік
«Мен саған сенемін...» сайысы жеңімпаздары анықталып м а р а п а т т а л а д ы!