Тақырыбы: Қазақстанның болашағы-білімді ұрпағында
Мақсаты:Оқушылардың зеректілік қабілетін дамытып,ой-өрісін кеңейту,іздене білуге, шығармашылыққа баулып,оқушылардың құзіреттілігін, қызығушылығып арттырып,ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың барысы
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Қазақстанның болашағы-білімді ұрпағында» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер!
Қазіргі заман-білім мен ғылым заманы. Ақыл мен сананың, білім мен біліктіліктің бәсекеге түсер ғасыры. Біз осы заман түлектерінің ертеңін ойлайтын, болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан Елбасымыз шәкірт біліміне ерекше көңіл бөліп отыр.Ертеңгі күннің бүгіннен де нұрлы болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Еліміздің келешегі білімді ұрпақ болғандықтан,білім аламын деушілерге барлық жағдай жасалып жатыр. «Халық кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»-деп Ш. Уалиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу,іздену, талпыну,тану,өмір мектебінен өту арқылы ғана оны ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтереді»-деп Қ. Сәтпаев айтып кеткендей болашақ тек білімді жастар екені даусыз.
Олай болса 9 «А» сыныбында өткелі отырған зияткерлік ойнымызды бастаймыз.
1.Ж. Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі ойын бағдарлы жоспарында.
2.Ж. Математика төрт амал негізінде,
Туындатқан талайдан келбетінде.
Жұмбақ әлем болғанмен ей замандас,
Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде
1.Ж. Математика, математика қандай қиын,
Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін.
Амалдардың тек қана көмегімен,
Орындалар сансыз көп байлам түйін.
2.Ж. Болашақ білім-ғылым тұтқасында.
Мұны әркім әрқашан ұстасында.
Заманның компьютердей кезеңінде,
Математика тағы тұр көшбасында.
1.Ж. Ойнымыздың өтілу тәртібімен таныстырып өтейік.
1-Бөлім. «Сәлемдесу» сайысы
2-бөлім. «Тапқырлық» сайысы
3-бөлім «Формулалар білесің бе?» сайысы
4-бөлім «Полиглот» сайысы
5-бөлім «Алтын кесте»сайысы
6-бөлім «Коллаж қорғау»сайысы
7-бөлім «Топ басшылар» сайысы
2.Ж. Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары әділ шықты,
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-демекші, топтардың еңбектеріне бағ беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік.
1.Ж. Көңілді тапқырлар, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
2.Ж. Өмірде ойлап тұрсақ бәрі де-есеп,
Ауырсаң, іше-тұғын дәрі де есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
1.Ж. Есеппен сайысады қос команда,
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
2.Ж. Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш-өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Ал кәнекей, кім шығады сайысуға.
1.Ж. Ал қанекей саысты біз бастайық
Өздеріңізбен сәлемдесіп тастайық-деп сөз кезегін әр топқа береміз.
1-бөлім. «Сәлемдесу» сайысы
«Болашақ» тобы
Ұран: Болашақтың ұрпағымыз білімді.
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді
«Білім» тобы
Ұран: Тапқырлықты таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
2.Ж. Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын!
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, сайысымыздың екінші бөлімін бастаймыз.
1.Ж. ІІ-бөлім «тапқырлық» сайысы. Әр топқа 6логикалық есеп беріледі. Бір есеп 5 ұпайдан. Егер берілген логикалық есепке дұрыс шешімін таба алмаса қарсы топ жауап беруіне болады.
«Болашақ» тобына
Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 48 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жоқ)
Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
Бөлмеде 2 ит,3 құс, 1шыбын бар. Осы жануарлардың аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)
Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қанша? (15км/сағ)
Қырсық жолаушы: Екі қыстақтың арасы 10км шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді?
Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?
«Білім» тобына
28 күн неше айда бар? (Барлық айда)
Үстелде тқрт алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр?
Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда 4бала жолықты.Мектепке неше бала барды? (5)
Себеттегі 5 алманы 5 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір алма себетте қалды. Бұл қалай? (1бала себетімен алады)=
Егер а санын 3-ке көбейсек, 6 санын табамыз. Егер 6-ға 2-ні қоссақ с санын табамыз. Бұдан а+в=? (10)
Үш ағайынды кісінің жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олрдың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)
1.Ж. О, формула, фантастика секілді
Білесің бе, қызықтарды не түрлі
Сиқырланған формулалар қараңдар,
Жауабыңды тосып тұр ғой өтімді- дей келе сайысымызды ІІІ-бөлім «Формулаларды білесің бе?» кезек берейік.
«Болашақ» тобына
2.Ж. «Білім» тобына
1.Ж. Білім деген биік шың,
Бақытққа сені жеткізір,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер-дей келе «Полиглот» деп аталатын ІV-бөлімінде оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілінен жүйріктігін байқайық.
2.Ж. «Болашақ» тобына
1. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер-окружность-circle)
2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш-линейка-ruler)
3.Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шыққан тегін ілсе де. (түзу-прямая-line)
«Білім» тобына
1.Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда.
Шыр айналып шығады. (Цикуль-циркуль-circle)
2.Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз. (цифрлар-цифры-figure)
3.Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау алады? (Дәреже-степеь-degree)
2Ж. Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне-деп ақын жырлағандай, кеесі V-бөлім «Алтын кесте» сайысы.
1Ж.Кестені толтырып болғанынша көрермендерге есеп берсек.
2Ж.VI-бөлім үй тапсырмасы «Коллаж қорғау» тақырыбы «Болашақ Қазақстанды қалай елестетесіңдер»
1Ж.Келесі «Топ басшылар» сайысы
«Болашақ» тобының басшысына
1.Тұңғыш Президент күні
2.196 қай санның квадраты
3.100 жылдың басқа атауы
4.Түбір астындағы 225-тің мәні неге тең.
5.Күріштің отаны
6. 5санына кері сан.
7.Алтын адам табылған жер.
8.Гипотенуза қандай үшбұрышта болады.
9.Лондон олимпиадасында алтын алқаға ие болған Қазақстандық боксер
10. 12 санын 10 есе арттыр
2Ж. «Білім» тобының басшысына
1.Мұсылманның қасиетті айы
2.1ғасыр неше жыл
3.Бір бұрышы 900-қа тең үшбұрыш қалай аталады
4.72
5.Шайдің Отаны
6.5 санына қарама-қарсы сан
7.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
8.Ең ұзын өзен
9 «ЕХРО-2017» қай мемлекетте өтеді
10.Косинустар теоремасы
1Ж.Ең бастысы, орын емес жарыста
Терең білім, жеңу шарт сайыста.
Тапқырлыұпен ізденісте болсаңыз.
Өмірде де жетерің хақ, табысқа.
2Ж.Көңіл бөліп бұл кете
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет.
1Ж.сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділ қазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
2Ж.Сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі.