Күні: Сабатың тақырыбы
Натурал сандарды көбейту және бөлу
/есептер шығару/
Мақсаты
Натурал сандарды көбейту және бөлу ережеесін пайдаланып есептер шығару
Күтілетін нәтиже
Натурал сандарды көбейту және бөлу ережесін біледі, ережені пайдаланып есептер шығара алады
Керекті жабдықтар
Оқулық, слайд, стикерлер, маркер,таратпа материалдар.
Сабақ барысы
Барысы
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Ұйымдас тыру
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты топқа бөлу
Сабақ барысында жауап берген оқушыға смайликтер беріледі.
Тақтаға стикерлер жапсырылған. Стикердің арғы жақ бетінде сандар жазылған. Сол сан бір таңбалы болса І топқа,
екі таңбалы болса ІІ топқа, үш таңбалы болса ІІІ топқа отырады.
Тұсаукесер
Ой қозғау /ортақ жеке жұмыс/
а) Бөлуге кері амал?
ә) Қандай шарт орындалғанда көбейтінді 0-ге тең болады?
б) Бөліндінің негізгі қасиеті?
Оқушылар қолдарын көтеру арқылы жауап береді
Негізгі бөлім
“Кім жылдам?” жеке жұмыс
Тапсырма қосымша парақта көрсетілген
Соңынан экраннан жауаптары көрсетіледі
Оқушылар көрсетілген жауаптар арқылы жұмыстарын тексереді
“Дұрыс-бұрыс” /жұптық жұмыс/
Кез келген натурал санның 1-ге көбейтіндісінің мәні сол санның өзіне тең
Кез келген санның 0-ге көбейтіндісінің мәні сол санның өзіне тең
Егер бөлінгіш те, бөлгіш те өзара тең натурал сандар болса, онда бөліндінің мәні 0-ге тең
Кез келген санның 0-ге көбейтіндісінің мәні 0-ге тең
Егер бөлінгіш те, бөлгіш те өзара тең натурал сандар болса, онда бөліндінің мәні 1-ге тең
Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды.
«Идеялар синтезі» топтық жұмыс
1-топқа: №273 есеп
2-топқа: № 271 (1) есеп
3-топқа: № 276 есеп
Оқушылар есепті топтасып шығарады, тақтаға орындығына стикер жапсырылған оқушы жазады
Сергіту сәті
Экраннан оқушы жұмбақ оқиды
Оқушылар жауабын табатын болады
Кестені толтыр /топтық жұмыс/
Оқушылар кестедегі тапсырманы топта орындап, шешуін тақтаға жазады
Қорытынды лау
Шолиер табақшалары
3 түрлі қорапқа деңгейлік тапсырмалар салынған
А табақша: Бөліндінің негізгі қасиеті
В табақша: [pic]
С табақша: [pic]
Оқушылар есепті жеке шығарып, ерте аяқтаған оқушы жауабын жазып қорапқа салып отырады
Бағалау 2 мин
Оқушылардың жинаған смайликтерін санау
Рефлексия
Блоб сынып бөлмесі
Үйге тапсырма
№280, 281 есептер