Рационал сандарға амалдар қолдану

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: математика, 6-сынып

Күні: 08.12.2015ж

Тақырыбы:

Рационал сандарға амалдар қолдану

Мақсаты:

Оқушыларға рационал сандарға амалдарды қолдануды түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар рационал сандарға байланысты амалдарды толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Керекті жабдықтар

Оқулық, интерактивті тақта, түрлі түсті стикерлер, бағалау парағы,

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.

Арифметикалық амалдар бойынша топқа бөлу: «Қосу», «Азайту», «Көбейту», «Бөлу» (2минут)

Мұғаліммен амандасады.


Топтарға бөлінеді.

Тұсаукесер

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Сабақ үстінде қолданылатын әдіс-тәсілдер мен бағалау түрлері айтылады. (1 минут)

Оқушылар өздерінің ұсыныстарын айтады.

Негізгі бөлім

Білу. «Кубизм» әдісі: ережелер

  1. Қарама-қарсы сандар дегеніміз не?

  2. Бүтін сандарға қандай сандар жатады?

  3. Рационал сандар дегеніміз не?

  4. Екі теріс санды қосу дегеніміз не?

  5. Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санды қосу үшін не істейміз?

  6. Қарама- қарсы екі санның қосындысы неге тең?

  7. Рационал сандарды азайту дегеніміз не?

  8. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін не істейміз?

  9. Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін айтып беріңіздер.

  10. Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесін айтып беріңіздер.

  11. Санды қандай рационал санға бөлуге болмайды?

  12. Қандай жағдайда екі рационал санның бөліндісі нөлге тең?




Түсіну. Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.















Қолдану. Тақырып бойынша есептер шығарады. (5 минут)



Талдау. Кезекті тапсырма «математикалық терминдер» құрастыру. Орны ауысқан әріптерден сөз құрастыру









Жинақтау. Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Топтарға тапсырма.



Математикалық жұмбақтар жасырамын















Бағалау.

«БББ» кестесін таратып беремін

Қойылған ережелерге жауап береді





















Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.


Нақты деректермен жұмыс жасайды


Мәтінмен жұмыс жасайды.







1 топ оқушылары кезектесіп сұрақтарға, жауап береді.

2 топ оқушылары кезектесіп сұрақтарға жауап береді.

3-4 топ оқушылары кезектесіп сұрақтарға жауап береді.






Оқушылар кестені толтырады.



Өзара достық қарым-қатынас құра отырып, бірігіп есептер шығарады.









Топқа берілген тапсырманы орындау барысында бірлесіп шығармашылықпен жұмыс атқарады, өз пікірін еркін білдіреді.


Тұжырым жасай білуге дағдыланады.


Оқушылар өз пікірін еркін білдіреді.

Қорытынды

Топтағы оқушылар бір-бірін бағалайды. Жинаған ұпай санын жинақ экранына жазу. (1 минут)

Ұпай санын жинақ экранына жазады.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы №983, 986, 990. (3 минут)

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Бағалау

Стикерлерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып, тақтаға ілу.

(3 минут)

Өз ойларын еркін білдіреді.