Урок на тему: Рационал сандарға есептер шығару

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің жоғары категориялы математика пәнінің мұғалімі.

Күні:

Сыныбы: 6 «А»

Пәні: Математика

1.Сабақ тақырыбы: Есептер шығару

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:

Рационал сандарды азайту ережесін білу, тақырыпқа есептер шығару.

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

4.Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады):

Білу: Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табуды білетін болады (барлығы);

Түсіну: Рационал сандарды азайту ережесін түсінеді (барлығы);

Қолдану: Есеп шығаруда ережені қолдана алады (көпшілігі);

Талдау: Рационал сандарды азайту мен қосуды ажырата біледі (көпшілігі);

Жинақтау: Тақырыпқа есептер құрастыра алады (кейбіреуі);

Бағалау: Өзінің және өзгенің жұмысын бағалай алады (кейбіреуі)

5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу):

Мадақтау, өзін-өзі бағалау, жұптарда өзара бағалау, топтарда өзара бағалау

6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:

Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен сондай-ақ қатарларды аралап шығамын.

7.Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех.құрылғылар тізімі): пауер пойнт, үлестірмелер, плакаттар


Сабақ барысы


Оқушыларды топқа бөлу


Сандар жазылған стикерлер арқылы топтасады

Қима қағаздар, жұмыс парағы


Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын және жұмыс жоспарымен таныстырамын

Оқушылар күн мен сабақтың тақырыбын жазады.

Тұсау кесер

1. Ой қозғау /ортақ жеке жұмыс/

  1. Рационал сандар қалай азайтылады?

  2. Таңбалары әр түрлі сандарды азайту таңбалары қандай сандарды қосумен есептеледі?

  3. Таңбалары бірдей сандар қалай азайтылады?

  4. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табады?


Оқушылардан сұралатын болады, біліммен бөліседі






2. Жұптасып–ойлан-бөліс (кестемен жұмыс)

/жұптық жұмыс/

Тапсырманы жұптарда өзара тексеріп бағалайды

Үлестір ме қағаздар

3. Шеңберде - сағат тілімен /топтық жұмыс/

Оқушылар берілген тапсырманы плакатты айналдыру арқылы орындайды


4 [pic] . «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі

-19

Оқушыларға сұрақтарға жауап береді


Негізгі бөлім

  1. Зерттеу есебі (Оқулықпен жұмыс) /топтық жұмыс/

І топқа: №516 /1-қатары/

ІІ топқа: №516 /2-қатары/

ІІІ топқа: №516 /3-қатары/

ІV топқа: №516 /4-қатары/

Есепті оқушылар топпен талқылайды. Тапсырмаларын бір-біріне түсіндіреді.

(Әр топтан орындығына стикер жапсырылған оқушы есепті тақтада шығарады)

Плакат тар, слайд

Қорытынды

  1. Блум кестесі

Білу: 3,8-5,35=

Түсіну: -5-(-6,7)=

Қолдану: Координаталық түзудегі АВ кесіндісінің ұзындығын тап: А(-7); В(2)

Талдау: Теңдеуді шеш: х+(-0,35)=2,3

Жинақтау, Бағалау:

Өрнектің мәнін табыңдар: а - b + 2,13, егер а = - 4,2; b = -1,89.




Бақылаушылардың, топ басшылардың пікірін тыңдау.

Түсінбеген 1 сұрағын стикерге жазуды тапсыру

Топ жетекшілері сабақ басында қойылған критерийлер бойынша өз тобын және басқа топтарды бағалайтын болады.

Сонымен бірге оқушылар сабақ рефлексиясын және сабақ барысында түсінбеген 1 сұрағын стикерге жазып тапсырады.

стикерлер