Сабақтың тақырыбы: Пайыз (Бекіту сабағы)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Пайыз

Сабақтың мақсаты:

Біліміділік: : Оқушылардың пайыз туралы алған білімдерін толықтырып,есеп шығаруда формуланы дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін , өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру

Ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу , пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Типі: қайталау

Түрі: ойын сабақ

Әдісі:есептер шығару

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайд

Барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабақта : Пайыз туралы есептер шығарамыз.

Сабақты бастамас бұрын бір қорапшада әр түрлі гүлдер бар , сол гүлдерді бір-бірден алайық. Ал енді бәріміз шеңбер құрып тұрайық. Ал балалар бұл гүл жәй гүл емес «Сәттілік гүлі» , тізбек бойы әдемі тілектерімізді, жақсы сөздерімізді бір-бірімізге арнай , атымызды айта отырып гүлдерді бір-бірімізге сыйлайық.

Бүгінгі сабақ ойын түрде . Балалар «Атом молекуласы» ойынын ойнату арқылы оқушыларды екі топқа бөлемін.Бірінші топ «Астана», «Бәйтерек» обы болып екі топқа бөлінеді.Балалар бүгінгі сабағымызда «Бақытты сәт» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты;

  1. Ойынға 4-5оқушыдан екі топ қатысады.

  2. Әр топқа әр кезеғінде 3-4 сұрақтан қойылады.

Бір минут ішінде топ мүшелері жауап бере алмаса,жауап беру мүмкіндігін келесі топ алады.

. Сол ұпайларына байланысты сабақ соңында кімнің жақсы қатынасқаны анықталып, бағаланады.

Енді сол шартты белгілер нені білдіретімен танысайық.

І-гейм: Блиц турнир Оқушылар ұяшық таңдап сол ұяшықта берілген сұрақтарға жауап береді,әр сұрақ балл бойынша бағаланады

ІІ гейм: «Кім алғыр» Қорапша беріледі .сол қорапшада сандар бар.Сандар арқылы оқушылар мақал мәтел тауып айтады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай

ІІІ гейм: «Мен саған,сен маған»

Оқушылар үйден тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындап келеді.Сол сұрақтарды бір біріне қояды. Әр сұрақ 3 ұпай

ІV-гейм: «Тереңірек ойлайық»

Екі топқа сөзжұмбақ беріледі . Дұрыс жауап 5 үпай


І-гейм: Блиц турнир

  1. Проценті бойынша санды тап: 20%- і 42см

  2. Процентін тап: 80 м-дің 35%- ін

  3. Процентті ондық бөлшекпен жаз: 90% ,18% ,78%

  4. Процентті жай бөлшекпен жазыңдар 67%, 78% . 56%

  5. Жинақ банкке 7%-тік жылдық өсіммен 7000 000 тг салынды. Жинақ банкке салынған осы ақша бір жылдан соң неше теңге болады?

  6. Жинақ банкке 8%-тік жылдық өсіммен салынған ақшаның бір жылдан соңғы өнімі 520 000 тг Жинақ банкке неше теңге ақша салынды.

ІІ гейм: «Кім алғыр»

Қорапша беріледі .сол қорапшада сандар бар.Сандар арқылы оқушылар мақал мәтел тауып айтады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай


ІІІ гейм: «Мен саған,сен маған»

Оқушылар үйден тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындап келеді.Сол сұрақтарды бір біріне қояды. Әр сұрақ 3 ұпай

  1. Проценті бойынша санды қалай табады?

  2. Берілген санның процентін қалай табады?

  3. 60 санының 25% тап

  4. Проценті бойынша санды тап 72 % і 9 см

  5. Процентін тап: 84 м-дің 25%-ін

  6. Процентті ондық бөлшек түрінде жаз: 79%


ІV-гейм: «Тереңірек ойлайық»

Екі топқа ребус беріледі . Дұрыс жауап 5 үпай


Қорытынды:


  1. Проценті бойынша санды қалай табады?

  2. Берілген санның процентін қалай табады?

Бағалау

Оқушыларға сабаққа қатысқанына рахмет айтып:Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтаймын. Қосымша сұрақ арқылы оқушыларды бағалаймын.