Сабақ жоспары
Пән: алгебра
Сынып: 7
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Амалдарды орындау, өрнекті ықшамдау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану.
Дамытушылық: 6 -сыныпта өтілген тақырыптарды есеп шығару арқылы бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдістері: анализ- синтез
Сабақтың көрнекілігі: тақтамен жұмыс
Сабақ барысы: І Мотивациялық кезең:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
ІІ Өткен тақырыпты қайталау: - Жай бөлшектерге және ондық бөлшектерге амалдар қолдану ережелері
Таңбалар ережесі
Жақшаны ашу
ІІІ Есептер шығару:
І нұсқа ІІ нұсқа
1. Амалдарды орында №1(1) 1 . Амалдарды орында №1(3)
2. Амалдарды орында №2(2) 2. Амалдарды орында №2(1)
3. Теңдеуді шешіңдер №3(2) 3. Теңдеуді шешіңдер №3(1)
4. -5a-2,4b+a-4,21-3,9a-7-2b 4. -5,2(4-m)-(-2,1m+12,78n)+2,8n
5.Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар: 5. Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:
а) 8,2 – (7,2 + 14,3) а) 3,7 - (8,3 + 4,5)
ә) х – 2,4 – (х + 2,6) – 8 ә) -(1,7х – 2,4у) + 5,1у + 3х
6. Есеп: 300 дәптер дайындау үшін 25,8 кг қағаз керек. 750 дәптер дайындау үшін неше килограмм қағаз керек?
Бағалау: Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.
Үй жұмысы: №1(2,4), №4