Қызықты математика 5 сынып Қөңілді тапқырлар ойын сайысы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика».

Қөңілді тапқырлар ойын сайысы.


Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, алған білімдерін пысыктау.


Көрнектілігі: тапсырмалар, слайд, логикалық есептер.


Сабақтың эпиграфи: « Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек».

М. Ломоносов.


Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлеміне сапар шегесіздер.

Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты екендігіне көз жеткізесіздер. Ендеше, «Қызықты математика» атты көңілді тапқырлар ойын сайысын бастауға рұқсат етініздер!

Бұл сайыстың негізгі мақсаты: : оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Олай болса қатысушы оқушылармен танысайық.

1-топ 2-топ

Қарақат Жасмина

Айгул Жанна

Жасмина Ажар

Дінмүхамед Сатбек

Думан Сабина

Амина Жанат


Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.


М. Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика» Нағыз пән- математика деп сайысымыздың алғашқы шартына кезек берейік.


  1. «Математикалық викторина».

1 топ 1) 12-ні 10есе арттыр 2топ1) 20-ні 10есе арттыр

2) 52-5 неге тең? 2) 62-6 неге тең?

3) Ең үлкен екі таңбалы сан. 3) Ең үлкен үш таңбалы сан.

4) Глобус қандай фигураны елестетеді? 4) Екі нүктенің арасындағы түзу

5) Қандай сан барлық сандарға 5) Екі қолда он саусақ. Он колда? 6) Төртбұрыштың барлық қабырғасының 6) Барлық қабарғалары тең тіктөртбұрыш қалай аталады? Қосындысы қалай аталады?

7) 25 неге тең? 7) 34 неге тең?

қалдықсыз бөлінеді? қанша саусақ?


  1. «Кім тапқыр?».

Бұл сайыста әр топқа логикалық есептер беріледі.

1-топ.

  1. Үш ат 50 км жүгіреді. Бір ат неше киллометр жүгіреді?

  2. Екі адам 2 жыл шахмат ойынайды. Әр адам неше жыл шахмат ойынайды?

  3. Екі әке және екі ұл 3 алма жеді. Әр адамға бір алмадан болды. Бұл қалай болды ?

  4. Сағат 22.00-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн шығып тұруы мүмкін бе?

  5. Қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, соңша цифр болады?


2 топ.

  1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Соңда бөлмеде неше мысық отыр?

  2. Нанды үш бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?

  3. Үстелде үш стакан сүт бар. Бір стакан сүтті ішіп қойса, неше стакан қалады?

  4. 5 майшам жанып тұр.Осының 4 –еуін сөндірсе, нешеуі қалды?

  5. Бір үйде 6 ұл бала. Әр ұл балада бір сіңлісі бар? Барлығы қанша бала бар?



3.Көшбасшылар сайысы.

а)


ә) Ой ұшқырлығы» Логикалық сұрақтар.

1) Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік,қарлығаш, шыбын, қарға, ара.Осылардың қаншасы кұс?

2) Қоршаудың әр жағынан 4 адамның аяғы және 4 аң аяғы көрініп тұр. Қанша адам, қанша аң?

3) Барлық цифрлардың көбейтіндісі неге тең?

4) 6 терек өсіп тұр, ал әр теректе үлкен 6 бұтақ бар, ал әр кішкене бұтақта 6 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма бар?

5) Үстел басында екі адам отыр. Бір адам екінші адамның әкесі, ал екінші адам бірінші адамның ұлы емес. Сонда ол кім?

6) ) Үстелдың бір бұрышын кесіп тастаса, үстелда неше бұрыш қалады?


  1. Макал-мәтелдер. Макал-мәтелдің жалғасын табу сайысы.

1) Білетінің бір тоғыз, (білмейтінің тоқсан тоғыз).

2) Екі жарты-(бір бүтін).

3) Оқу – білім азығы,( білім- ырыс қазығы).

4) Мың адам салған көпірді (бір адам бұзар).

5) Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді).

6) Бір тал кессен,(10 тал ек.)


1) Жеті рет өлшеп, (бір рет кес).

2) Жүз ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдың інісі бол.

3) Екі жақсы қосылса, өлгенінше дос болады.(Екі жаман қосылса, өлгенінше қас болады).

4) Айла алтау,(ақыл жетеу)

5) Бір күндік таныстыққа,(қырық күн сәлем бер).

6) 1 кісі қазған құдықтан (1000 кісі су ішеді.)


5.Сиқырлы сөз. «Үшбұрыштар». Осы сөздің құрамындағы әріптерден сөз құрау.


  1. Танграм.Ежелгі кытай ойыны. Танграм 4 мың жыл бұрын шыққан ойын. 7 фигурадан бір фигура шығарындар.


7. Ойын «Суретші». Көзді жауып, математикалық фигуралар , танбалар мен адамның суретің салындар.


«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақал мен бүгінгі сайысымыздың қорытындысың айту үшін сөзді әділқазыларға береміз.

Осымен «Қызықты математика» атты тапқырлардың ойыны аяқталды.