Күні: 13.09.16 7-класс пәні: Алгебра
Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділігі: у=kx тура пропорционалдық функциясымен танысып, у=kx, у=L функцияларының графиктерін салып үйрету.
Координаталары берілген нүктенің графикке тиісті немесе тиісті емес екенін анықтауды, функцияның графигі бойынша теңдеуін жаза білуге үйрету.
2. Тәрбиелілігі: Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Мұқияттылығын, есте сақтау қабілетін, ойлау өрісін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, интерактивті тақта, электронды оқулық, плакаттар, сызғыш .
Сабақтың түрі: Проблемалық оқыту, іздендіру сабағы.
Сабақтың барысы: Жұмыс дәптерімен тексеру
I – кезең. Ұйымдастыру кезеңі (5-7 мин)
(өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар)
Қайталау сұрақтары.
y=kx+l функциясының графигі А(–4; 3) және В(4; 9) нүктелері арқылы өтеді. k және l мәндерін табыңыз.
Сызықтық функция f(х) = 1,8х + l формуласымен берілген. Егер f(–2) = 2,1 болса, l-дің мәнін табыңыз.
у=kx+5 функциясының графигі А(–3; –1) арқылы өтсе, k-ның мәнін табыңыз.
Сызықтық функция f(х) = kх + 3,5 формуласымен берілген. Егер f(0,3) = 6,2 болса, k-ның мәнін табыңыз.
y=5x+10 функциясы графигінің 0у осьімен қиылысу нүктесін табыңыз.
y=13x+1 функциясы графигінің 0х осьімен қиылысу нүктесін табыңыз.
y=23x функциясы х-тың қандай мәнінде 4-ке тең?
y=54x тура пропорционалдығының [-2;4] аралығындағы ең үлкен мәнін табыңыз.
y=−34x функциясының графигінде жатқан А (х; 3) нүктесінің абсциссасын табыңыз.
Тура пропорцияналдықтың графигі Е(–6; 9) нүктесі арқылы өтетін түзу. Ол қандай формуламен берілген?
у = 3х функциясының [-1;5] аралығындағы ең үлкен мәні мен ең кіші мәнінің қосындысын табыңыз.
y=5x және y=3x+1 функцияларының графиктерінің қиылысу нүктесін табыңыз.
y=-2x+6 функциясының графигіне параллель N(0; 3) нүктесі арқылы өтетін функцияны табыңыз.
y = kx + l функциясының графигі y = 0,5x функциясының графигіне параллель және В(0; 2) нүктесі арқылы өтеді. Осы функцияны табыңыз.
у = 2,5х – 3 функциясының графигімен А (2; 2) нүктесінде қиылысатын және l = 4 болатын функцияны формуламен жазыңыз.
Бағалау
Үйге тапсырма: 9-10 есептер