Бақылау жұмысы
І- нұсқа
Ұзындығы 8 см СД кесіндісінде В нүктесі белгіленген. ВС кесіндісінің ұзындығы 2 см. ВД кесіндісінің ұзындығын табындар.
ОС сәулесі АОВ бұрышын екі бұрышқа бөледі. АОВ бұрышы 100 -қа тең, ал АОС бұрышы СОВ бұрышынан 40 артық болса, СОВ бұрышының градустық өлшемі неге тең?
Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 70 . Қалған бұрыштарды есептеп табыңдар.
Доғал бұрыш сызыңдар. Оны АВС деп белгілеңдер. Бұрыштың төбесі В нүктесі арқылы бұрыш қабырғаларына перпендикуляр түзулер жүргізіңдер. Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланыңыз.
ІІ- нұсқа
Д нүктесі АВ кесіндісінде белгіленген. ДА = 3 см, ДВ = 5см. АВ кесіндісінің ұзындығын табу керек.
АВД бұрышының биссектрисасы – ВС сәулесі. АВС бұрышы 60 .АВД бұрышының шамасы неше градус екенін табыңдар.
Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 40 . Қалған бұрыштарды есептеп табыңдар.
Бұрыш сызыңдар. Оны ДЕК деп белгілеңдер. Бұрыштың қабырғаларының әрқайсысына бір-бір нүкте алып, оларды А және В әріптермен белгілеңдер. А нүктесі ЕД-да, ал В нүктесі ЕК-да жататын болсын. А нүктесі арқылы ЕД-ға перпендикуляр түзу , ал В нүктесі арқылы ЕК-ға перпендикуляр түзу жүргізіңдер. Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланыңыз