Кіріспе:
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы: «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.
Бала бір-біріне ұқсас болып дүниеге келгенімен, кейін олардың қандай қасиетке ие болатынын тек тәрбие шешеді. Ал тәрбиенің өзі әрбір қоғам дәуіріндегі өндіріс қатынастарына байланысты. Сондықтан баланы әлі кішкентай деп, оған тек біржақты табиғи-жаратылыс даму жағынан қарауға болмайды. Бастауыш және жалпы орта білім беруде балалар психикалық ерекшелігі жағынан алып қарағанда, өне бойы бірдей болып кездесе бермейді, әрбіреуінің өзінше азды-көпті өзгешелігі болып отырады. Біздің мақсатымыз әр баланың өз бетінше дара ерекшелігі бірдей болсын деу емес, керісінше, оның өз бетінше ерекшелігін ілгері қарай дамытуға жағдай туғызып, оны өсіріп өркендету болып табылады.
Сонымен бірге мұғалімдер мен ата-аналар бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларға жас мөлшерінің әр түрлі кезінде дербес әдіс қолданып, олардың жас ерекшеліктеріне сай қарым- қатынас жасап отыру керек. Әр баланың түрлі қасиеттерін жете біліп, соған сәйкес тиісті әдіс қолдану үшін оқушыны түрлі жағдайларда, оқуда, еңбек сабақтары үстінде және одан тыс мезгілде әдейі тапсырмалар беріп, белгілі бір мерзім ішінде бақылап білуге болады. Осы айтылған негізгі ғылыми принциптерге сүйене отырып қана оқушылардың өздеріне тән қасиеттерін дұрыс түсінуге болады. бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасатын шығармашылық қабілетінің дамуына ең тиімді кезеңінде көзқарастың жоғары дәрежеде дамуына жағдай жасалуы қажет.
Осыған орай бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың қазіргі кездегі тиімді жолдарының бірі - өз бетінше жұмыс пен өз бетінше білім алу жұмысын ұйымдастыру педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін жетілдіру болып табылады. Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап - оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол тек дайын ақпаратты фактілер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріліп қоймай, бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Яғни, мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.
Ол оқытудың әр кезеңінде: үй жұмысын тексерген кезде, жаңа білімді меңгеруге дайындық, жаңа білімді енгізу, оны тұжырымдаған және сүйенген, алынған білімді қорытқан, бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Мұндай күрделі ой-өрісінің жүйелі қалыптасуына тікелей басшылық ететін, оқушы әрекетінің даму мен қалыптасуына жетекшілік жасайтын, бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруіне жетелейтін, оның амал-тәсілдерін үйрететін мектептегі басты тұлға мұғалім әрекеті өз шәкірттерінің әрекеті тарапынан қолдау тапқанда ғана өзінің нәтижелі жемісін бермек.
Бастауыш және жалпы орта білім беруде өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт–оқушыларды оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет. Әрбір оқушының жетілуі оқыту барысында табысты болуы үшін, мұғалім олардың әрқайсының қабілетіне байланысты бейімделген бұл жерде жеке оқушы тең құқықты серіктес ретінде сыймен қараудың да маңызы зор.
Қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру – сол тиімді тәсілдердің бірі. Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін арттырып, оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі, математикалық тілі жетіледі.
Мұғалім қызықты жаттығулар арқылы аз уақыт аралығында көлемі жағынан көп жұмыс тындырып, оқушылардың жаңа материалды меңгеруге дайындығын және қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу керектігін анықтай алады. Сабақтың басында өткізілетін жаттығулар оқушыларды бірден жұмысқа кірістіретіндей қызықты болуы тиіс. Сабақтың ортасында немесе соңында, балалар жазбаша немесе тәжірибелік жұмыстан шаршаған кезде, қызықты есептеулер оларды сергітеді, жұмыс қабілетін арттырады.
Қызықты жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу сабақтың нәтижелілігі мен сапасын арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Ең алдымен бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай математика пәнінде есептер шығара білуге үйрету керек. Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға, тез шешім қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аудару керек. Бірте–бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өз бетінше көзқарасы қалыптасып, өзіне деген сенімі артады.
Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз–оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесті айтамыз. Яғни, мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдары: ауызша есептеуге үйрету тәсілдері. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілеген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды. Ауызша есептеуге үйрету уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде математикалық диктант ретінде қолдану қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы. Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендендіру және интенсивтендіру негіздеріне ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.
Шешімін таппаған мәселе өз бетінше оқып білу процесінде оқушының қабілетін дамытып, танымдық білімін қалыптастырады. Шешімін таппаған мәселенің шешу жолын іздестіреді, шешудің нұсқаларын қарастырады, қорытынды жасайды, оны тәжірибеде қолданады. Оқыту үдерісі кезіндегі мұғалімнің жұмысы–оқушылардың танымдық қабілеттерін өз бетінше қалыптастыруға, дамуы мен қалыптасуына, саяси және адамгершілік көзқарастарына, белсенді іс-әрекеттеріне бағытталған оқу әрекеттерін ұйымдастыру және оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару, бір объектіні екіншісімен салыстырып, ерекшілігін, ұқсастығын ажырату, бақыланған құбылыстарды, жалпылап, белгілі әрекет тәсілдерін таныс емес жағдайларда қолдану.
Өз бетінше оқи отырып бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында оқушылардың өз бетінше оқығанда шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі, берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б. Бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушының өз бетінше жұмысының негізгі ерекшелігі, оқушының берілген есепті мұғалімнің көмегінсіз өзінің шешуі. Есепті орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, оқушының біліміне, іскерлік дағдысына сүйсіне отырып бақылаушылығын, ойлауын, есепті шығару жолдарын байқап көреді. Есепті шығаруда бір қате екінші қатеге жалғасып, нәтижесінде қате жауап алынуы мүмкін. Шығарған есебі қате болып, оқушы қиыншылыққа кездескенде мұғалім оны тоқтатып, қателерін жөндеу керек пе? Ондағы қиыншылықтарды жойып, оқушының ойлауын, ісін дұрыс жолға бағыттау керек пе? Жоқ әлде оқушының шығарған есептің қате екендігіне көзін жеткізіп, қателерін өзіне тапқызып, өздеріне жөндете ме? Өз бетінше жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін белгілейтін мұндай сұрақтар әр мұғалімнің алдынан шығады.
Оқушылар өз бетінше жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өз бетінше ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өз бетінше жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өз бетінше жасайтын жұмыстарға үйретуі қажет. Мұғалім бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өз бетінше жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды.
Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өз бетінше орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді бағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы – оқу жұмысын тәсілдерін менгеруге байланысты.
Бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың сабақта өз бетінше орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өз бетінше жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Өз бетінше жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өз бетінше жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі.
Өз бетінше жұмысты сыныпта жүргізу бастауыш және жалпы орта білім берудің оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өз бетінше жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара және жас ерекшеліктері, үлгерім деңгейлерін барынша ескеру қажет. Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
Математика сабағында оқушылардың зеректілігін,
шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Оқушыларға математика білімінің қыр- сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау кез– келген ортада өзін еркін ұстауға, өзін – өзі тәрбиелеуге жағдай жасау ұстаздардың міндеті болмақ. Осы орайда оқушылардың ойлау қабілетін, зеректілігін, білім деңгейін арттыру- маңызды іс.
Тәуелсіз еліміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа сай тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқыту әдістерін күннен- күнге жетілдіріп отыруы керек.
Әрбір ұстаз – ойлау қабілеті жоғары оқушысы болғанын қалайды. Оқушылардың өз бетінше ойлай білу, есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір әдісі.
Математика пәні оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Әрбір оқушыға, жас ерекшелігі, ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді.
Оқушының жас ерекшелігіне байланысты бойындағы қабілетін анықтау, қасиеттерін ажырата біліп, жеке тұлға ретінде қарап, тек ғылыми білім негіздерінде ғана оқытпай әр баланың ой - өрісін дамыту, зеректілігін анықтау келешекте нағыз маман иесі болуға тәрбиелеу ұстаздардың еңбегінің жемісі. Шығармашылық- негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып, олармен жоспарлы түрде жұмыстарды ұйымдастыру керек.
Логикалық ойлау- білімді меңгертудің бірден- бір жолы.
1. Кез- келген есепті шешу барысында оқушыларды талдауға , есепті шешудің бірнеше жолдарын қарастыруға ойландыруға үйрету керек.
2. Оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек.
Орта буындарда әзіл есептер мен сұрақтар, кроссворд, ребустарды шешу, ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға тез шешім қабылдауға дайындайды. Қарапайым логикалық, әзіл есептер шығару арқылы күрделіге қарай көңіл аудара отырып, оқушының өзіне деген сенімін арттыруға болады.
Зеректілікке байланысты берілетін арифметикалық есептерді шешудің өзі оқушының ойлау қабілетін дамытуға көп әсерін тигізеді. Мысалы:
Жазылуында екі бір және екі нөль болатын төрт таңбалы неше санды жазуға болады ?
Миллиграмм- салмақ бірлігі. 25 миллиграмм килограмның қандай бөлігін құрайды ?
Әкем 31 жаста болғанда, мен 8 жаста болдым, ал енді әкемнің жасы менің жасымнан екі есе үлкен. Қазір мен неше жастамын ?
Екі рюмка он сіріңкедеген құрастырылған (суретті қара ). Үй суреті салынатындай етіп, 6 сіріңкені алмастырып қойыңдар.
1,2,5 цифрларымен жазылған барлық үш таңбалы сандарды жазыңдар. Мұндай сандар қанша ? Олардың нешеуі 2-ге бөлінеді ?
Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты- оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Сонда ғана оқушының білім сапасының жоғары болатындығы белгілі. Мұғалім оқушының белсенділігін арттырып, қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ өз мақсатына жетеді.
Сондықтан да математика пәнін оқытуда оқушылардың зеректілігі мен ойлау қабілетін дамыту арқылы нәтижеге бағытталған сапалы білімге қол жеткізуге болады.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айналадағы құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
9
5
11
13
7
5
9
15
Кестедегі бос орындарды толтыру керек
• Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.
• Жұмбақтар
Қызықтырып әркімді-ақ
Суда жүзер жылтылдап.
“Б”әрпінен басталар,
Сол жәндіктің атын тап. (...............)
Отыз екі мықты.
Қаз-қатар боп шықты
Он алтысы үсті
Он алтысы асты (...............)
Математика сабағындағы шығармашылық қабілетін
дамыту.
Логикалық есеп
• Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
• Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
Логикалық ойын
1. Екі сиырдың мүйізі қанша?
2.Бір мысықтың аяғы қанша?
3.Бес қойдың басы нешеу?
4.Үш адамның қолы нешеу?
.
Сергіту сәті
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Дамыту жолдары:
Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.
Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1.Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3.Сөздік – логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
1) Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту,практикалық іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық.
2) Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.
3) Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4) Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
5) Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6) Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7) Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8) Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9) Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
10) Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.
Қорытынды:
Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Тұрғынбаева Б.А Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005.
2. Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі // 2008.
3.«Ғасыр мектебі» // 2009. №5
4. Паньшина Т.В. «Реализация коммукативного подхода в обучении казахского языку и литературе в русской школе» // Усть-Каменогорск 2004.
5. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
6. Логикалық ойлау қабілетін дамыту //Қазақстан мектебі. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. – Алматы, 2008, №11.
7 сынып Алгебра сабағындағы сергіту сәті
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]