Бірмүше және көпмүше. Бірмүше және көпмүшенің дәрежесі (7 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Алгебра

Мерзімі: 20.10.2016 жыл

Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Бірмүше және көпмүше. Бірмүше және көпмүшенің дәрежесі

Сабақтың реті:

22– сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

  • Бірмүше және көпмүшенің дәрежесін анықтауды, бірмүше мен көпмүшені стандарт түрде жазуды үйренеді;

  • Бірмүше және көпмүшелерді ықшамдап, есептер шығару қабілеттерін жетілдіреді. Проблемаларды анықтау және оның шешілу жолдарын таба біледі;

  • Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге, ой-пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылады.

Күтілетін оқу нәтижелері:


Оқушылар бірмүше және көпмүше жайлы мағлұмат алады.

- өз бетінше есеп шығара алады;

- қате жазылған есептерді түзете алады.


Түйінді идеялар:

Математикада бірмүше және көпмүшені стандарт түрде жазуды, өрнекті ықшамдауды пайдаланып өз бетінше есептер шығара алады.

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Тренинг-тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сәлемдесу, «топтас, бірік, бөліс» әдісі

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, үлестірме материалдар, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер

І Қызығушылығын ояту кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1-әрекет . Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру.

Топқа бөлініп,топ мүшелері бір-біріне тілек айтады. Дәреже,Бірмүше, Көпмүше, Функция

2-әрекет. «Геометриялық фигуралар» арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады

3-әрекет. «Көршіңе есеп» әдісімен үй тапсырмасын тексеру.

(өтілген тақырып бойынша бір-біріне есеп беріп, жауап алу).

4-әрекет. Бағалау «Көрші топты бағала» әдісі арқылы бағаланады

Топтар бір – бірінің жауабын тексеріп,бағалайды

ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі

5-әрекет. Миға шабуыл әдісі

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты ашу. Бірмүше,көпмүшеге мысалдар келтіру(адам мүшесін алу, Гүл сабағы мен жапырақшалары т.б)

6-әрекет. Топтық жұмыс: «Топтас,бірік,бөліс» әдісі



Оқушылар өздерінің топтарында жаңа тақырыпты оқиды, талқылайды, басқа топпен бөліседі


Сергіту жаттығуын жасату

33 ойынын ойнайды

ІІ Ой толғаныс кезеңі

7- әрекет. Жеке жұмыс. «Түртіп ал» әдісі бойынша дәптерге мәлімет жаздыру

Оқулықта берілген есептерді оқушылар дәптерлеріне шығарады, жазады, қорғайды

155(3,4,5,6); №156(3-6);№157(3-6);№158(5-8)

8-әрекет. «Ой қозғау» әдісі бойынша өз беттерімен тест шешеді

Оқушылар берілген тест жұмысын шешеді. Ауыстыру әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

ІІІ Қорытындылау кезеңі

9-әрекет. Бағалау


Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын орындарын ауыстыру арқылы бағалайды, жинаған балдары арқылы бағаланады.

10-әрекет.Үй тапсырмасы

§1 оқу. №155- №158 есептің қалғанын шығаруға.

11-әрекет.Кері байланыс

Өзін-өзі бағалау парағы бойынша

Мұғалім:

Кузенбаева Айсулу Шукпанкызы