Математика пәнінен ашық сабақ: Біздің өміріміздегі проценттер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп









Сабақтың тақырыбы:

«Біздің өміріміздегі проценттер»

6 сынып.





Пән мұғалімі: Амирова М.А



















2015-2016 оқу жылы





Сабақтың тақырыбы: Біздің өміріміздегі проценттер

Сабақтың мақсаты: 1.Процент туралы оқушылардың алған білімдерін кеңейту, тереңдетіп жинақтап, жүйелеу. Мәтінді есептер шығартып үйрету.

2. Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту.

3. Күнделікті өмірде осы материалды қолдана білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасы

3. Ой қозғау

4. Ауызша есепте

5. Теорияны қайталау

6.Сәйкестігін тап-тест

7. Деңгейлік тапсырмалар

8. Шығармашылық тапсырма

9. Қорытындылау

Үй тапсырмасы: Процент туралы жаңа мағлұматтар дайындап келу

Ой қозғау : Проблемалық сұрақ: Проценттің өмірге қажеті бар ма?

«Процент» атауы қалай пайда болды?

1-оқушы . Процент ұғымы ежелгі Римде өте кең қолданылған. Римдіктер өздеріне қарыз адамдардан қарызға берген лихваның (лихва-ақша) үстіне үстеме қосып алған. Олар былай деген: «На каждые 100 сестерциев долга заплатишь 16 сестерциев лихвы» Ал «на сто» сөзі латынша «pro centum» , яғни жүзден бір бөлікті көрсетеді. Сондықтан 1/100 бөлік процент деп аталған.

2-оқушы. %- белгісі қалай пайда болды?

Процент-«pro centum»

Pro cento—cento—cto—c/o--%

1685ж Парижде «Коммерциялық арифметикаға басшылық» кітабы жарық көрді, сонда теруші сto дегенді қате % терген.

Ауызша: Европада ең алғаш процент сөзі қашан пайда болды, кім енгізді. Ол үшін қарапайым кестені толтырайық.



Т 7% = С 23/100=

Е 65% = И 30%=

Н 9/100 = В 84/100=

Симон Стевин голландиялық математик 1584ж проценттер кестесін жасаған.

Теорияны қайталау. Сен білесіңбе?Сериясынан.

1. Санның процентін табуды

2. Проценті бойынша санды табуды

3. Бір сан екінші санның неше проценті екенін

4. Концентрация дегеніміз не екенін

Сәйкестігін тап-Тест

Деңгейлік тапсырмалар.

А деңгейі.

1 топ. Терминал арқылы ақша салу

1.Ұялы телефонда 80 тг ақша бар. Мен телефоныма 200 тг салмақшымын. Қызмет көрсетуі-15%. Телефонда неше тг болады?

2.Келесі дүкенде 300 тг салсам 45 тг ұсталады деп жазылып тұр. Қайсысы тиімді?

2 топ. Бүгінгі күні Зайсан көлінің ихтиофаунасы 21 түрден тұрады, оның ішінде 16 түрі байырғы немесе жергілікті балықтар болса, 5 түрі жерсіндірілгендердің қатарына жатады, яғни ол 24%құрайды. Ол балықтардың ішінде жыртқыш балықтарға ақбалық, алабұға, көксерке, шортан,таймень, нәлім жатады. Жыртқыш балықтар барлық балықтың неше процентін құрайды?

3 топ. Адам ағзасына көптеген дәрумендер өте қажет. Сүт тағамдары В витаминіне өте бай.

В витамині

  • Мидың жұмысын жақсартады

  • Асты жақсы қорытады

  • Баланың өсуіне ықпалы бар

Есеп. 12 жастағы оқушының күніне ішетін сұйығының 12,5%-ін сүт тағамдары құрау керек. Егер 6-шы сынып оқушысы 1 күнде 2 литр сұйық ішсе соның неше литрі сүт, айран болуы керек?

Практикалық жұмыс

В деңгейі.

1 топ. Қаңтар айындағы шананың бағасы 2400 тг. Оның бағасы ақпан айында 15%-ке арзандатылып, наурыз айында соңғы бағасы тағыда 20% ке арзандатылды. Шананың наурыз айындағы бағасы неше тг? Қай айда сатып алған тиімді?

2 топ. 1.Қазақстанда адамдардың орташа өмір сүру жасы 70 жас. Егер жасөспірім темекі шексе өмірін 15%қысқартады. Онда оның орташа жас қанша?

2. Қазақстанда 4,2 млн адам темекі шегеді. Ол барлық халықтың неше проценті? Қазақстандағы халық саны 17,5 млн.

3топ. “ Көлікке екінші өмір сыйла” акциясы жүріп жатыр. “Авто-Азия”салонында күйі өте жақсы, бұрын ұсталған көліктер қол жетімді бағаға сатылуда. Егер сатып алуға ақшаңыз толық жетпесе 3 айға несиеге алуыңызға болады.

Көліктің бағасы-1000000 тг .

Желтоқсан айында –көліктің бағасының 60% төлейсіз.

Қаңтар айында –қалған ақшаның 75% төлейсіз.

Ақпан айында –қалған ақшаны төлейсіз.Есепте.

Шығармашылық тапсырма:

«Отбасы бюджеті» Математикалық моделін құру

Тамаққа -45%

Тұрғын үйге -9%

Киімге -18%

Шаруашылық товарларына-5%

Көңіл көтеруге-15%

Көлікке-8%

Отбасы бюджетін бір мөлшерде ұстап тұруға болады ма?

Қорытындылау: «Балалар сендер өте таланттысыңдар, егер алдарыңа мақсат қойып сол мақсатқа жетуге ұмтылсаңдар, өздеріңнің ақылды, көп нәрсені істей алатындарыңа әлі таң қаласыңдар»

Ж.Ж. Руссо

Ақылдың 6 қалпағы.

Ақ- нақтылық

Қызыл- көңіл-күй

Сары- оптимист

Қара – суық, кемшілікті көреді

Жасыл- шығармашыл

Көк- көшбасшы

Үйге тапсырма:

Тест есептері

1. Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. Құрамында тұздың концентрациясы 1,5% болу үшін 15л теңіз суына қанша литр тұщы су құю керек?

Бағалау: