7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты .
Сабақтың мақсаттары:1.Білімділік: Екі өрнектің қосындысының квадраты және
айырымының квадраты
формулаларын меңгерту , есептер шығаруда формулаларды
пайдаланып есептер шығару, өрнектерді түрлендіруді үйрету.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды есептер шығаруда байқағыштыққа,
ұқыптылыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Екі өрнектің қосындысының квадраты және
айырымының квадраты формулалары жайлы білімін дамыта
отырып, күрделі есептерді тиімді формуламен есептеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру, есептер шығару.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп - саралап оқыту, сыни тұрғыдан оқыту технологиясы
элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, тест тапсырмалары , тиісті өрнекті толтыру, қайталау сұрақтары , ауызша тапсырмалар жазылған плакаттар, Венн диаграммасы, Конверт-есептер, жалғасын тап, бағалау жетондары.
Сабақтың барысы: І кезең.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, оқу-жабдықтарын тексеру. Оқушылардың психологиялық ахуалын көтеру. «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бірі-біріне тілектер айтады.
ІІ кезең.Үй тапсырмасын сұрау. №162 №168
ІІІ кезең. Қызығушылықты ояту.
1.Сауалнама. Қайталау сұрақтары. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
2.Тиісті өрнекті толтыру.
Оқушылар тиісті өрнекті толтыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты .
ІV кезең. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақты түсіндіру.
V кезең. Жаңа сабақ бойынша есептер. Зерттеу.
3.Ауызша тапсырмалар беру.
4.Жалғасын тап. Оқулықтан есеп шығару , материалды реттеуге, жүйелеуге берілген тапсырмалар.
5. Конверт-есептер. Жаңа білімді меңгертуге есептер. Қосымша әдебиеттер.
6. Есептер құрастыру және оны есептеу. Мысалдар мен есептерді өздігінен құрастыру және оны шығару.
VІ кезең.7. Жаңа сабақты бекіту. Екі өрнектің қосындысының квадраты және екі өрнектің айырымының квадратын Венн диаграммасымен айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату.
VІІ кезең. Үйге тапсырма беру. №177 (5,6) №193
VІІІ кезең. Бағалау. Оқушыларды жетон арқылы бағалау.
(а+b)(а+b)=(a+b)2 (а+b)(а+b)=a2+ab+ab+b2= a2+2ab+b2
Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадраты , екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өрнектің квадратының қосындысына тең.
І кезең.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, оқу-жабдықтарын тексеру. Оқушылардың психологиялық ахуалын көтеру. «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір-біріне тілектер айтады.
ІІ кезең. Үй тапсырмасын сұрау. №162 №168
ІІІ кезең. Қызығушылықты ояту.
1.Сауалнама. Қайталау сұрақтары. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
1.Сауалнама.
1. а2-b2=(a-b)(a+b) (1) формуланы қорытып шығару үшін қандай ережелер мен түрлендірулер қолданылады?
2. а2-b2=(a-b)(a+b) (1) формула “оңнан солға қарай” және “солдан оңға қарай” қалай оқылады?3. а2-b2=(a-b)(a+b) (1) формуланың маңызы қандай және қалай қолданылады? Мысалдар келтіріңіз.
2.Тиісті өрнекті толтыру. 1. а2- =(a- )(a+b)
-b2=( -b)(a+b)
а2-b2=( -b)( +b)
Оқушылар тиісті өрнекті толтыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты .
ІV кезең. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақты түсіндіру.
1-мысал:(2х+3у)2 = [pic]
2-мысал:4а2+4аb+b2 = [pic]
3-мысал:(4a2-5b3)2 = [pic]
4-мысал:0.04x4-2x2y+25y2 = [pic]
V кезең. Жаңа сабақ бойынша есептер. Зерттеу.
3. Ауызша тапсырмалар .
№176. Көпмүше түрінде жазыңдар:
(m-n)2 = [pic]
(-m-5)2 = [pic]
3) (-m+5)2 = - [pic]
4) (5a-2b)2 = [pic]
№177.Амалдарды орындаңдар:
1)(m-1/2)2 = [pic]
2)(a-1/5)2 = [pic]
3)(x/2-y/3)2 = [pic]
4)(a/4-b/3)2 = [pic]
4.Жалғасын тап.
№186 Көбейткіштерге жіктеңдер:
1.2x2-20xy+50y2 = [pic]
2.-3a2-6ab-3b2 = [pic]
3.6n3-1.2n2+0.06n = [pic]
4.m2 -10m+25= [pic]
№187. Теңдеуді шешіңдер:
1)(x+4)2-(x-2)(x+2)=0, 8x+20=0, 8x=-20, x=-2/5
2)(2x-5)2-(2x-3)(2x+3)=0, -20x+34=06 -20x=-34, -10x=17, x=-1,7
3)(3x+5)(3x-5)-(3x-1)2=10, 6x=10+26, 6x=36, x=36:6 , x=6
4)2(2x+1)2-8(x+1)(x-1)=34, 8x=34-10, 8x=24, x=24:8, x=3
№192 Көпмүшені екінші көпмүшенің квадраты түрінде жазыңдар.
1)a10-10a5b8 +25b16
2)a6+6a 3x4+9x8
3)81a6-90a3b2c+25b4c2
4)16x2+24x3+9x4
№194 Теңсіздікті қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды табыңдар:
1)(3x-1)2 -7< (9x+2)x+2
2)2x(8x+3)+1> (5-4x)2-1
3)(0.3x+0.2)2 +0.58x >3.9-(2-0.3x)(2+0.3x)
4)(0.2-0.8x)2 +0.16 < (0.5+0.8x)2 -0.25
5.Конверт-есептер.
Қосымша әдебиеттер. 1-бөлім
№123 Есептеңіз:68-бет (0,3)2+0,6*0,7+(0,7)2;
№221 Өрнекті ықшамдаңыз: 16а2 - 8ав + в2;
№226 Квадраттардың айырмасы қайсы көбейтіндіден көрінеді.
А) (а-в)(а-в) С) (а-в)(а+в)
В) (а+в)(а+в) Д) а2 - 2ав + в2
Е) (а-в)2
6. Есептер құрастыру және оны есептеу.
VІ кезең.7. Жаңа сабақты бекіту. Жаңа сабақ бойынша топтастыру . Венн диаграммасы
VІІ кезең. Үйге тапсырма беру. №177 (5,6), №194, № 176 /5,6,7,8/, №188
Геометриялық фигурамен формулаларды табу.
VІІІ кезең. Бағалау. Оқушыларды жетон арқылы бағалау.