«С. Сейфуллин атындағы №29 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
" Жас математиктер"
(интеллектуалды ойын)
Өткізген: математика пәні мұғалімі Абиев Айтуған
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: Жас математиктер.
Сайыстың мақсаты:
Сыныптар арасында танымдық білгірлер сайысын өткізе
отырып, оқушылардың пәнге деген көзқарастарын бағалау,
озық оқушыларды ерекше марапаттау. Оқушылардың
интелектуалдық ойлау қабілетін арттыру. Оқушыларды
білімділікке, шапшаңдыққа, шабыттылыққа,
инабаттылыққа, сыныптарды досыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу;
Сайыс: 7«А»-7 «Ә» сыныптар арасында өткізілді.
Көрнекіліктер: сызба плакаттар, үлестірмелер, кестелер,
Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, музыка;
1. Уа халайық! Халайық!
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді ойын жасайық!
Формула шешуін табайық!- деп
Қымбатты математиканың жанкүйерлері мен сайыс тамашалаушы жиналған қонақтар, сайысқа қатысушылар.Сіздерге қатал да, қатесіз математикалық жалынды сәлем!!!
Бүгінгі «Жас математиктер» атты Сайысымызды бастайық!
Ендеше сайысымызды бастамас бұрын топтардың атымен таныстырайық:
7 «А» сынып
7 «Ә» сынып
Ал ендеше жас математиктеріне сөз берейік. Әр топ өз командаларының атын, ұранымен таныстырады.
Ду қошемет көрсетейік!
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз, - дей келе
І бөлім «Бәйге» сұрақ-жауап (бұл бөлімде әр топқаға 7-тен сұрақ қойылады, дұрыс жауаптары үшін 7 ұпайдан беріледі, ойлануға 1 минуттан уақыт беріледі.)
7«А»-сыныпқа сұрақтар: Капитандары жауап береді
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (нөл саны)
Үшбұрышта неше қабырға неше бұрыш бар? (3қабырға, 3бұрыш)
Оң сандар және теріс сандар деп қандай сандарды атайды? (минус және плюс таңбалы сандарды).
Екі минус таңбалы сандардың көбейтіндісі қандай таңбалы сан болады? (плюс таңбалы сан).
Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі.(Евклид)
Математикадан координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі, әрі физигі. (Р. Декарт)
«Ә»-сыныпқа сұрақтар: Капитандары жауап береді
Жай сандардың ең кішісі қандай сан? (екі саны)
Төртбұрышта неше қабырға неше бұрыш бар? (4қабырға, 4бұрыш)
Теріс және оң санның модулі? (оң сандар).
таңбалары әр түрлі екі саннның көбейтіндісі қандай таңбалы сан болады? (теріс таңбалы сан).
Ең кіші екі таңбалы сан? (10)
Алгебра оқулығын ең алғаш жазған, алгебраның негізін қалаған Орта
Азиядан шыққан ғалым. (Әл-Хорезим)
Екі санды 2 және 3 саннын алыңыздар. Олардың ортасына белгі қойыңыз. Сонда шыққан сан екіден көп үштен кем болуға тиіс. (2,3)
ІІ бөлім: «Жеті жұмбақ» - тіл өнер сайысы. /бұл бөлімде жеті жұмбақтың шешімін табу керек, қай топ жұмбақты тез шешіп, үш тілде аударса 30 ұпайда, екі тілде аударса 20 ұпайдан, 1 тілде ғана айтса 10 ұпайдан беріледі/.
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай.
(натурал сан, натуральное число, real)
Бір шеңбердің үстінде, бір шеңбер.
(сегіз саны, восемь, ейт)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, ruler)
Бір бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
(сегіз саны, восемь, ейт)
Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қарағып бөлгенде,
Бірін-бірі қуғындар,
Ханы үшін де, жаны үшін де,
Бермейді олар намысын.
(шахмат, шахмат, )
... жылда ел жаңа.
(елу, пятьдесят, fifty)
ІІІ бөлім «Бәріміз біргеміз»Топ сурет бойынша берілген есепті шығарады
[pic] [pic]
ІҮ бөлім «Жанкүйерлер сайысы»
Бұл кезеңде көрермендерден бір-бір оқушы ортаға шақырылады. Жанкүйерлердің екі қолына да бор беріледі. Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек. Берілетін баға – 5 ұпай. Жанкүйерлер алған бағасын өзінің тобына береді.
Үбөлім (Фомулалар сөйлейді)
(Бір топ формуланың басын жазады екінші топ жалғастырады 3 формуладан)
ҮІ бөлім «Логикалық есептер»
1-топ: 1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 2 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар?
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан?
5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?
2-топ: 1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар?
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?
5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар?
ҮІІ бөлім «Кім жылдам» ойыны
1 Отызға дейін жылдам санау керек үшке бөлінетін, соңғы цифры үшпен аяқталатын санның орныны жаңылмаймын деп айту керек
1,2, жаңылмаймын.4,5, жаңылмаймын,7,8, жаңылмаймын,10,11, жаңылмаймын, жаңылмаймын,14, жаңылмаймын,16,17, жаңылмаймын,19,20, жаңылмаймын,22, жаңылмаймын, жаңылмаймын,25,26 жаңылмаймын,28,29, жаңылмаймын.
2 Онға дейін санау керек. Үш тілде
бір,два, сри, төрт, пять, сиккс,жеті, семь, найн, он
ҮІІІ бөлім «Әріптер сөйлейді» Әр топтан бір оқушы шығып екі минутта сөз құрау керек, кім көп сөз құраса сол команда жеңеді
ІХ бөлім«Қорытынды» әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз топтарға марапаттау қағазы мен сыйлықтар берілді.
[pic] [pic]
[pic] [pic]