Тақырыбы | Формулалар |
Мақсаты | Оқушыларға формула туралы мағлұмат беру. |
Күтілетін нәтиже | Тақырып бойынша формулалар ұғымын меңгереді. |
7 модульдің қолданылуы | «АКТ”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | бағалау парағы, «БББ» кестесі |
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, тақта,оқулық |
Ұйымдастыру кезеңі
| Жаңа тақырыпқа байланысты сыныпты 2 топқа бөлу (санау арқылы) -үй тапсырмасын тексеру(дұрыс болса «+» , қате болса «- » қояды) -өткенді пысықтау (бір-біріне сұрақ қою арқылы) -жаңа сабаққа кірісу ( өтілген тақырыппен байланыстыру арқылы жаңа сабақтың мақсатын қояды)
| Оқушылардың мұндағы мақсаты топта жұмыс істеуге бейімдеу. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білу
Қызығушылық тарын ояту | Суреттер сөйлейді Суреттер (геометриялық фигуралар) арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауап
|
Флипчарттағы фигуралар бойынша әр топқа тапсырма беріледі, олар фигура арқылы не білетіндерін не үйренгендерін ортаға салып бөліседі
P=2(a+b) P=a+b+c S= ab V=abc S=vt C=an
| Оқушы берген тапсырманы орындау Әр топ геометриялық фигуралармен жұмыс істейді, бүгінгі тақырыптан не білгендерін айтады |
Түсіну |
Кеспе қағаздағы есептерді шығарады (флипчарт) | Өткен тақырыпты толық меңгеріп жаңа тақырыпқа сұрақ - жауап қадамы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз Ол үшін әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, сол тапсырмалар төңірегінде оқушылар талдайды, пікір-алмасау арқылы тапсырманы орындап түсінгендерін бір-біріне жеткізеді | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағанасын ашу, түсініп білу Топпен жұмыс жасау |
Қолдану | Мұғалімнің көмегімен деңгейлік тапсырмалар орындайды. | Әр топқа тапсырма тарату арқылы тараудан не біліп не үйренгендерін айтып түсіндіреді
Оқулықпен жұмыс. № 104, №106 (жұппен, топпен тексереді) | Барлық топ өз ойларын тапсырма бойынша баяндап береді. |
Сергіту сәті | музыка бойынша сергіту сәті | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
Талдау | «Кім білімді» Топтар жарысы | Топтарға тапсырма мен сұрақтар беріледі, әр топқа уақыт беріледі, қай топ бітсе, сол топ ортаға шығып жауаптарын көрсетеді Мұғалім келесі топқа сұрақтар қойғызады. | Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Қай топтың тапсырмасы мен сұрақтары дұрыс болса сол топ жеңімпаз болады |
Жинақтау | Математикалық диктант арқылы сабақты жинақтайды | Тақырып бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа нұсқа бойынша тапсырмалар орындау тапсырылады | Әр топ өзара тақырыпқа қатысты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып,мағанасын ашу,түсініп білу.Топпен жұмыс жасау |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау (2 мин) бағалау парақшалары (ұпаймен) | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін өзі топпен бағалайды |
Үй тапсырмасын беру | 33-36 бет оқу, тақырыпқа байланысты сөзжұмбақтар құрастыру, № 112 | Не істеу керек екендігін түсіндіріп береді | Белгілеп алады. |
Рефлексия | «БББ» кестесін толтыру | Оқушыларға «БББ» толтыруды ұсыну | Ұсынылған кестені толтыру |