Аудандық әдістемелік сараптамалық кеңесінде қаралып, аудан көлемінде таратуға ұсынылды. (хаттама №3, 19.08.2016 ж.)
Құрастырған: Елекешов Берик Серикович – Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің физика-математика пәндерінің әдіскері
Рецензент: Тлегенова Гульжанат Амангельдиевна – Бударин орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі
Математикадан факультативті курс жоспары пән бойынша білімді тереңдетуге бағытталған. Бағдарламаның тақырыбы негізгі 5 сынып бағдарламасына толықтырма болып келеді. Бірақ сабақ нәтижесінде оқушылар әртүрлі есептерді, қиындығы жоғары және олимпиада есептерін шеше білу керек және дағдылану керек.
Түсінік хат
«Дарынды балалармен жұмыс» бағдарламасының ең маңыздысы 5 сыныпқа арналған математикадан факультативті сабақтар. Сабақ өткізудің бірінші кезеңінде оқушыларға мектеп оқулығынан басқа материалдарды пайдаланып пәннің әдемілігі мен қызықтылығын көрсету мақсаты қойылған. Әрі қарай бейін оқуға көшу кезіндегі қазіргі таңдағы актуальды мақсаттар қойылады.
Мысалға, бүгінгі таңда факультативті сабақтар төмендегідей мақсатқа жету үшін бағытталған:
логикалық ойлауды дамыту;
баланың шығармашылық қабілетін ашу;
мақсатқа жету жолындағы табандылықты тәрбиелеу;
пәнге деген қызығушылығын ояту.
Одан басқа, факультативті сабақтар бүгінгі таңда келесі міндеттерді шешеді:
Курстың бағдарламасында негізгі мектеп курсында оқытылмайтын, бірақ олимпиадалық есептерді, күрделі деңгейдегі есептерді шешкенде қажет мәліметтер қарастырылады.
5 сыныпқа арналған математикадан факультативті курс жоспары пән бойынша білімді тереңдетуге бағытталған. Бағдарламаның тақырыбы негізгі 5 сынып бағдарламасына толықтырма болып келеді. Бірақ сабақ нәтижесінде оқушылар әртүрлі есептерді, қиындығы жоғары және олимпиада есептерін шеше білу керек және дағдылану керек.
Бағдарлама құрылымы концентрациялы, яғни бір тақырып 5,6 және 7 сыныптарда оқытылуы мүмкін. Бұл оқытудың әр сатысында оқушылар бір тақырыпты одан бұрын алған білімдерін ескеріп қиындатылған түрде оқиды.
Бағдарламаға қосылған сұрақтар оқушыларға олимпиадаларға және әртүрлі математикалық конкурстарға дайындалуға мүмкіндік береді. Сабақтар ойын, әңгіме, лекция, экскурсия түрінде өтуі мүмкін. Басты назар қиындығы жоғары есептерге аударылады.
Математикадан факультатив курсының міндеттері:
оқушыларда логикалық ойлауды дамыту;
кеңістікте ойлауды және графиктік мәдениетті қалыптастыру;
пәнді оқуға қызығушылықтарын ояту;
пән бойынша білімдерін тереңдету;
дарынды балаларды анықтау;
оқушыларда әрі қарай үздік білім алу үшін, мақсатқа жетуге деген ұмтылыс, еңбек сүйгіштік, білуге деген құштарлық, ұқыптылық, жауапкершілік сезімі, тұлғалық мәдениет қабілеттерін қалыптастыру;
бейін бағытында оқытатын орта буынға оқушылардың бейімделуі.
Қойылған мақсат пен міндеттерге табысты жету үшін топтарды қалыптастырғанда тек қана баланың тілегін емес, сонымен қатар оның нақты математикалық қабілетін ескерген жөн. Оны бастауыш сынып мұғалімімен әңгімелесу кезінде немесе мектепішілік олимпиада және бастауыш курс тақырыптарына құрылған тест жұмыстары арқылы анықтауға болады. Аптасына 1 сағат. Бағдарлама 34 сағатқа арналған.
Оқу қызметінің түрлері мен формалары:
Курсты оқып-үйрену оқушылардың белсенділігін арттыратын әр түрлі формалар мен әдістер арқылы жүзеге асады:
өз бетімен білім алу;
алған білімді қолдануға жаттығу;
жеке, топтық, жұптық жұмыстар;
өзін- өзі бағалау, кері байланыс.
Күтілетін нәтиже
Сабаққа қатысатын оқушылар оқу жылы аяғында білу керек:
логикалық есептерді шешу барысында таблицаны пайдаланып тиімді шешімдерді табу;
ойлаудың логикалық дұрыстығын бағалау;
жазық геометриялық фигураларды танып, олардың қасиеттерін есеп шығару барысында пайдалана білу;
қарапайым комбинаторикалық есептерді әр түрлі нұсқаларды құрастыру арқылы шығару;
қызықты есептерді құрастыра білу керек;
есептерді шығару барысында кейбір жылдам есептеудің әдістерін пайдалана білу;
алған білімдерін циркуль және сызғыш арқылы фигураларды салғанда пайдалану;
алған білімдерін математика сабақтарында пайдалану.
Курс бағдарламасының тақырыптық жоспарының мазмұны
1. Адамдар санауды қалай үйренген (6 сағат)
Ғылымнан сандар туралы. Арифметиканың даму тарихы. Натурал сандарды көбейту және бөлу. Қызықты ребустар, жұмбақтар
2. Геометрия туралы әңгімелер (5 сағат)
Геометрияның даму тарихынан. Геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, шеңбер). Сіріңке шилерімен есептер шығару. «Сиқырлы» фигуралар
3. Есептеу мәдениетінің дамуы (11 сағат)
Ауызша есептеуді ұйымдастыру: тез есептеудің кейбір әдістері. «Қоспаға» арналған есептер. Салмаққа байланысты есептер. «Қоспаға» байланысты есептер. Пайызға арналған есептер. Логикалық есептер
4. Өлшемдердің метрикалық жүйесі (4 сағат)
Ежелгі қазақ өлшемдері. Қиындығы жоғары есептерде ұзындық, уақыт, массаның өлшемі
5. Кейбір есептер (8 сағат)
Комбинация және орналастыру. Математикалық ойындар. Математикалық сайыс. «Кенгуру» есептері. Әртүрлі деңгейлі олимпиада есептері
Тақырыптық оқу жоспары
Оқытылатын тақырыптар Сағат саны
Күні
1
Адамдар санауды қалай үйренген
6
Ғылымнан сандар туралы
Арифметиканың даму тарихы
Натурал сандарды көбейту және бөлу
Натурал сандарды көбейту және бөлу
Қызықты ребустар, жұмбақтар
Қызықты ребустар, жұмбақтар
1
1
1
1
1
1
2
Геометрия туралы әңгімелер
5
Геометрияның даму тарихынан
Геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, шеңбер)
Сіріңке шилерімен есептер шығару
«Сиқырлы» фигуралар
«Сиқырлы» фигуралар
1
1
1
1
1
3
Есептеу мәдениетінің дамуы
11
Ауызша есептеуді ұйымдастыру: тез есептеудің кейбір әдістері
Ауызша есептеуді ұйымдастыру: тез есептеудің кейбір әдістері
«Қоспаға» арналған есептер
Салмаққа байланысты есептер
«Қоспаға» байланысты есептер
«Қоспаға» байланысты есептер
Пайызға арналған есептер
Пайызға арналған есептер
Логикалық есептер
Логикалық есептер
Логикалық есептер
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
4
Өлшемдердің метрикалық жүйесі
4
Ежелгі қазақ өлшемдері
Ежелгі қазақ өлшемдері
Қиындығы жоғары есептерде ұзындық, уақыт, массаның өлшемі
Қиындығы жоғары есептерде ұзындық, уақыт, массаның өлшемі
1
1
1
1
5
Кейбір есептер
8
Комбинация және орналастыру
Математикалық ойындар
Математикалық сайыс
«Кенгуру» есептері
«Кенгуру» есептері
Әртүрлі деңгейлі олимпиада есептері
Әртүрлі деңгейлі олимпиада есептері
Әртүрлі деңгейлі олимпиада есептері
1
1
1
1
1
1
1
1
Әдебиеттер:
И.Я.Депман, Н.Я.Виленкин. «за страницами учебника математики: Пособие для учащихся 5-6 классов сред школ. – М.: «Просвещение», 1989г.
«Все задачи «Кенгуру»», С-П., 2003 г.
Л.М.Лихтарников. «Занимательные задачи по математике», М., 1996 г.
Е.В.Галкин. «Нестандартные задачи по математике», М., 1996 г.
А.Я.Кононов. «Математическая мозаика», М., 2004 г.
Б.П.Гейдман. «Подгатовка к математической олимпиаде», М., 2007 г.
Т.Д.Гаврилова. «Занимательная математика», изд. Учитель, 2005 г.
Е.В.Галкин. «Нестандартные задачи по математике, 5-11 классы», М., 1969 г.
«Ума палата» - игры, головоломки, загадки, лабиринты. М., 1969 г.
Е.Г.Козлова. «Сказки и подсказки», М., 1995 г.