|
Сайыс сабақ Білім тарландары
Автор публикации: Султанмуратова А.К.
Дата публикации: 2016-11-12
Краткое описание: Тақырыбы:«Білім тарландары» Мақсаты:Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.Көрнекілігі:Компьютер слайды, үлестірмелі тапсырмалар, логикалық есептер. т.б Барысы:І. Ұйымдастыру Сайысқа қатысатын оқушылармен таныс...
Тақырыбы: «Білім тарландары» Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау. Көрнекілігі: Компьютер слайды, үлестірмелі тапсырмалар, логикалық есептер. т.б Барысы: І. Ұйымдастыру Сайысқа қатысатын оқушылармен таныстыру ІІ. Сайыстың жоспарымен таныстыру 1-тур. « Бәйге» 2-тур. «Дода» 3-тур. «Көп ойла, тез ойла» 4-тур. «Нартәуекел» 5-тур. «Жорға» Жүргізуші: Біліміңнің ұшқырлығын танып сен, Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен! Уақыт деген зымырап, зулап жатыр, Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен,- дей келіп, кезекті бәйге сұрақтарына береміз. Мақсатымыз: Алғырлықты байқау 1-кезең: «Бәйге» 1. Жазықтықтың шегі бар ма? (жоқ) 2. 90º-тан кіші бұрыш? (сүйір) 3. Ең үлкен хорда? (диаметр) 4. Екі нүкте арқылы неше түзу өтеді? (бір) 5. ах+ву=с функциясының графигі қандай сызық? (түзу) 6. Математикаға координаттар әдісін енгізген Француз математигі, әрі физигі? (Рене Декарт) 7. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 º) 8. 7 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан) 9. Ең кіші натурал сан? (1) 10. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция) 11. 60-тың 50%- ы? (30) 12. 3/4-ке кері сан? (4/3)
2-кезең: «Дода» Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай таным да, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста. Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып. 2-кезеңнің шарты: Таблода сәйкес сұрақтың тұсында сол сұрақтың құны белгіленген. Егер таңдалған сұраққа дұрыс жауап берілсе, ұпай сол ойыншыға беріледі.
Арифметика 5 10 20 10 Логика 5 10 20 10 Жұмбақтар 5 10 20 10
1. Арифметика. 1) 5, 075 санын ондық үлестерге дейін дөңгелекте? (5, 1) 2) Шаршының қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? (36см) 3) Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды табыңдар? (111) 4) Бөлімдері 10, 100, 1000 болып келген бөлшектер қалай аталады? (ондық) 2. Логика 1) 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5 бала) 2) «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1сағ 43 мин) 3) 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір) 4) 10 ақ шар, 8 қызыл шар, 11 қара шар бар. Міндетті түрде бір ақ шар алып шығу үшін неше шар алу керек? (20)
3. Жұмбақтар 1) Біз санбыз... Сызықпыз бөлінген Математиканы ұқпас адамға. Құбыжық болып көрінген, Дұрыс, бұрыс, аралас. Ондық болып бөлінген. Қандай сан? (Бөлшек сан)
2) Бір, үш, бес, он, Жиырма, елу, Жүз, екі жүз, мың бар, Әрқайсының құны бар. Ол не? (теңге)
3) Бүтін сан, бөлшек сандар, Барлығы да бар онда. Бұл қандай сан айтыңдаршы, Оң, теріс сандар осында! (рационал сан)
4) Алды артымыз шексізде, Жете алмайсың біздерге, Сәуле менен кесінді, Шыққан еді біздерден. (түзу)
3-кезең: «Көп ойла, тез ойла!» 1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) 6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын) 7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
4-кезең: «Нартәуекел» 1. Қазақта қолданылатын салмақ өлшеуішін ата (зілдей) 2. 7-сынып Алгебра оқулығының авторы: (Шыныбеков) 3. Берілген нүкте арқылы түзуге неше перпендикуляр түзу жүргізуге болады? 4. Құрамында әрпі бар өрнектер? 5. у=х²- 3 функциясының графигі қалай аталады? 6. Теңдеуді шешіңдер: |х-4|=7 7. Пропорция деген не? 8. Қараңғы бөлмедегі шкаф тартпасында 24 қызыл және 24 көк түсті шұлықтар бар. Біз қараңғыда түстері бірдей шұлық алу үшін тартпадан кемінде неше шұлық алуымыз керек? 9. 1-ден 100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы кейіннен әлемге әйгілі болған математик. Ол кім? 10. Бала тақтаға 86 санын жазып қойып жолдасына айтты. «Ешқандай амал қолданбай 12-ге арттыр»- деп. Ол қандай сан? 11. (жауабы: 6, 15, 48)
«Жорға» 1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі) 2. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу (параллелъ) 3. Екі теріс санның көбейтіндісі? (оң сан) 4. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз) 5. Бір нүктеден шыққан түзу (сәуле) 6. Ең кіші үш таңбалы сан? (100) 7. Шеңбердің радиусы 6 см. Диаметрі неге тең? (12 см) 8. Жазыңқы бұрыштың өлшемі (180º) 9. Милли санының жазылуында неше нолъ бар? (6) 10. 20 минут сағаттың қандай бөлігі? (1/3) 1. Барлық қабырғалары тең болатын үшбұрыш? (тең қабырғалы) 2. Қанша цифр білесіз? (10) 3. Таңбалары қарама-қарсы екі санның көбейтіндісі қандай сан? (теріс) 4. Бұрышты өлшеу құралы (транспортир) 5. Шеңбер диаметрі 8 см. Радиусы неге тең? (4см) 6. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы қалай аталады? (периметр) 7. Сағаттың ¼ бөлігі неше минут? (15 мин) 8. Метрдің 1%- ы? (1 см) 9. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99) 10. Бөлімінен алымы көп бөлшек? (бұрыс)
Қорытынды: Жеңімпаздарды марапаттау.
|
|