Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Математика Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

Сабақ типі: жаңа материалды игерту

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ жабдығы: интерактивті тақта, презентация, оқулық, тапсырмалар жазылған топтамалар.

Сабақ әдісі: сұрақ –жауап, баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару.

Сабақтың өту жоспары:

Ұйымдастыру бөлімі.

а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгендеу;

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй жұмысын тексеру. Өтілген тақырыптарға шолу есептері «Оқылуына сәйкес санды тап» (сандарды дұрыс тапса, сандардың астындағы әріптерден ең кішкентай құстың атын оқиды)

Екі бүтін оннан бес

Ноль бүтін мыңнан екі

Үш бүтін мыңнан елу бес

Он алты бүтін жүзден жеті

Он сегіз бүтін жүзден тоғыз

Бес бүтін онмыңнан қырық бес

Отыз төрт бүтін мыңнан жүз бес



Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа тақырып мазмұны. Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу немесе азайту үшін жай бөлшектерді ондық бөлшекке келтіріп жазып ондағы аттас разрядтарды бірінің астында бірі тұратындай ( үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп, баған түрінде жазып, разрядтары бойынша қосу немесе азайту керек;

Мысалы: 25,7-10 3/20+35=25,7-10,15+35=50,55

Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу немесе азайту үшін ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазып жай бөлшектерді қосу немесе азайту ережесін пайдаланып есептеуге болады.

Мысалы: 7 5/12+32,5-31/3=75/12+321/2-31/3=(7+32-3)+((5+6-4)/12)=367/12



Жаттығулар орындау. №966 №967 №969 №993

Сергіту сәті.

  1. Колибри – әлемдегі ең кішкентай құс. Оның көлемі түкті арамен бірдей, ал салмағы 1,5 -2 грамм.

  2. «Кім қырағы?» (тақтада көрсетілген амалдардағы өшіріліп қалған үтірлерді қою қажет) 48+22 7 945-545 4 11+3308 4408 53-117 413 12+92 212

  3. (математикалық жаттығу жасау) Қолдарыңызды белге қойыңыздар. Жауабы дұрыс болса оңға бұрыласыңдар,қате болса- солға бұрыласыңдар. 1-0,8 = 2 3,2-0,2 =3 0,7-0,2 =0,5 4,9-0,9 =5 0,8-0,3 =5 1-0,8 = 0,2

  4. Ең жүйрік жануар» (теңдеуді шешу№1011 х+(6 2/5-4,91)=5,35 (7,43-2 3/25)+х=7 х+1,49=5,35 5,31+х=7 х=3,86 х=1,69 Бұл теңдеуді ең бірінші болып шешкен оқушы ең жүйрік жануарды жариялайтын болады. Гепард – ең«жылдам сүтқоректі жануар. Өз жемін аулағанда ол 120 км/сағ жылдамдыққа дейін жүгіре алады.

  5. «Сен білесің бе?» (блок - схемадағы есепті шешу) Кенгурудің неше метр биіктікке секіретінін білгілерің келе ме? Ендеше мына блок-схема көмегімен есептеуді дұрыс орындасаң, жауабын білетін боласыңдар. (жауабы: 8 метрден 10 метрге дейін ) +8,69 -1,76 --1,24 +8,69 -1,76 +0,76



Үйге тапсырма.

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.