Квадрат теңдеу тақрыбына сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕР

тарауын қайталау бойынша

ОҚУ ПАРАҒЫ

(2 сабақ)

ТАҚЫРЫПТЫ ОҚУ БАРЫСЫНДА



БІЛУ:

  • Бір айнымалысы бар екінші дәрежелі теңдеулерді ажырата білу;

  • Виет теоремасына кері теореманы;

ҚОЛДАНУ:

  • Бір айнымалысы бар екінші дәрежелі теңдеулерді шешу;

  • Квадрат теңдеулерді шеше алу;



Алгоритм бойынша жұмыс жасау керектігін есіңде сақта!

Тексерістен өтуді, дәптердің шетіне белгі қоюды, тақырыптың рейтинг парағын толтыруды ұмытпа.

Өзіңде пайда болған сұрақты жауапсыз қалдырма.

Біріңді-бірің тексеруде объективті бол, бұл өзіңе де, тексерушіге көмектеседі.



СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!

1 ТАПСЫРМА

1) Берілген екі теңдеудің таңдаған біреуін шеш: а) х2-81=0 ә) 3х2=27 (1 ұпай)

2) Толымсыз квадрат теңдеулердің таңдаған екеуін шеш:

а) 3х2-12=0; ә) 2х2-3х=0; б) 12х2-8x=0 (4 ұпай)

3) Квадрат теңдеулерді шеш:

а) 2х2+5x+4=0; ә) 3х2-22x+7=0; б) х2-6x+9=0; (6 ұпай)



1 ТЕКСЕРУДЕН ӨТ!

Жарайсың! кірісуге болады.



2 ТАПСЫРМА

ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСЫ №1

І деңгей:

1) Толымсыз квадрат теңдеуді шеш:

а) х2-144=0; ә) 2х2-8=0; б) х2-5x=0 (3 ұпай)

2) Келтірілген квадрат теңдеулерді шеш:

а) х2-8x+7=0; ә) х2+x-6=0; б) х2-4x+3=0; (3 ұпай)

3) Квадрат теңдеулердің формулаларын қолданып шығар:

а) 3х2+5x-2=0; ә) 2х2-9x-5=0; б) 8х2+15x-2=0; (3 ұпай)







ІІ деңгей:

Теңдеулердің таңдаған біреуін шеш:

а)(х-4)(х+2) =-х(х+2) ә) (х-2)(х+2) =-х2 +2х (3 ұпай)

ІІІ деңгей

Теңдеулердің таңдаған біреуін шеш:

а) (х+2)(х2-2х+8)-х2(х+2) =0; ә) (х-2)(х2+х+2)-х2(х-2) =0 (5 ұпай)



БАРЛЫҒЫ: 16 ҰПАЙ

«5»-16 ұпай;

«4»-12 ұпай;

«3»-9 ұпай;



3ТАПСЫРМА

1) Виет теоремасын және оған кері теореманы тұжырымда. (1 ұпай)

2) Жаңа айнымалы енгізу әдісін қарастырудың қандай қажеті бар? (65-бет) (1 ұпай)

3) Түбірлері бойынша квадрат теңдеу құр: х1=3; x2=-2 (1 ұпай )



4 ТАПСЫРМА

1) Теңдеу түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін тап (таңдаған біреуін орында) а) х2-6x+8=0; ә) х2-3x+1=0; (2 ұпай)

2) Биквадрат теңдеудің түбірлерін табыңдар. (таңдаған біреуін орында)

а) х4-x2-20=0; ә) х4-6x2+9=0; (3 ұпай)



5 ТАПСЫРМА

2 тексеру жұмысын орындап, өз біліміңді тексер.



І деңгей:

1) Теңдеу түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін табуда,кез-келген біреуін шығар;

а) х2+2x-3=0; ә) х2-6x+5=0; б) х2-5x+6=0 (2 ұпай)

2) Белгілі түбірлері бойынша квадрат теңдеу құр, кез-келген біреуін шығар;

а) 2 және 3; ә) 6 және 2; б) 5 және 3 (2 ұпай)

3) Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын қолданбай, түбірлерін табыңдар, кез-келген біреуін шығар;

а) х2-10x+25=0; ә) х2+6x+9=0 (2 ұпай)

ІІ деңгей:

Таңдаған біреуін шеш:

а) 5х2+рx-7=0 теңдеуі түбірлерінің бірі 1-ге тең. Екінші түбірін және р коэффициентін есептеңдер.

б) 10х2+bx-12=0 теңдеуі түбірлерінің бірі 1-ге тең. Екінші түбірін және b коэффициентін есептеңдер. (3 ұпай)



ІІІ деңгей

Жаңа айнымалы енгізу тәсілімен теңдеудің шешімін табыңдар (Таңдаған біреуін шеш)

а) (х-20)2 -(х-20)-20 =0; ә) (х-2)2+(х-2)-6 =0 (5 ұпай)



БАРЛЫҒЫ: 14 ҰПАЙ

«5»-14 ұпай;

«4»- 9 ұпай;

«3»-6 ұпай;



6 ТАПСЫРМА

Қосымша шығармашылық тапсырмалар:

1) а) Сандар қатары қандай да бір заңдылықпен берілген. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазылуы крек?

14 (625) 11; 12 (196) 2; 10 (?) 5

ә) Барлық бағандардағы және қатардағы сандардың қосындылары тең болса, А+В+С+Д неге тең?



2) Квадрат теңдеулер тарауы бойынша сөзжұмбақ құрастыр

3) «Білу», «квадрат», «түсіну», «теңдеу», «қолдану» сөздерін қолданып төрт шумақ өлең құрастыр.







Квадрат теңдеулер тарауы бойынша

РЕЙТИНГ ПАРАҒЫ



Т.А._________________________________________________, _______сынып



Барлығы: 49 ұпай

«5» - 34-49 ұпай

«4» - 21-33 ұпай

«3» - 9-20 ұпай