Математика Ауданды өлшеу. Палетка

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың атауы

Ауданды өлшеу. Палетка

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

1. Фигураның ауданы туралы түсінік беру, фигуралардың ауданын

салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру.

2. Квадрат сантиметрді пайдаланы отырып, фигуралардың ауданын табу,есеп шығару, амалдарды орындау дағдыларын бекіту.

3. Оқушыларды жауапкершілікке, тапқырлыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, топтау, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: слайд, топшама, геометриялық фигуралар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру

Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

Бізге есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Сандарды тура табатын

Математика болатын.

І. Қызығушылығын ояту

1. Математикалық диктант.

1) 3 пен 4-тің көбейтіндісін тап.

2) 15 пен 5-тің бөліндісін тап

3) 0 мен 20-ның көбейтіндісін тап

4) 90 мен 90-ның бөліндісін тап

5) 1 мен 36-ның көбейтіндісін тап.

6) 0 мен 15-тің бөліндісін тап

7) 1 мен 4-тің қосындысын 5 есе арттыр

Жауабы: 1) 12; 2) 3; 3) 0; 4) 1; 5) 36; 6) 0; 7) 25

Бағалау: «5»- қате жоқ

«4»- 1-2 қате

«3»- 3-4 қате

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Қайталау қосу, азайту өрнек құру

Көбейту, бөлу Математика теңдеу шешу

сабағында

не үйрендік?

Шығармашылық тапсырма геометриялық периметрді табу

фигуралар


- Балалар, сендер қандай фигураларды білесіңдер?

- Ал, балалар, периметр дегеніміз не?

- Периметрді табудың неше тәсілі бар?

- Біз тік төртбұрыштың периметрін тапқанда көбіне қай тәсілді қолданамыз?

- Біз математикадан көп нәрсені біледі екенбіз, бірақ әлі білеріміз көп.

Мағынаны тану.

Фигуралар:

Әр заттың орны бар. Мысалы сынып бөлмесіндегі кітап, дәптер, т. б.

Мына фигуралардың да алатын орны бар

Оның қалай аталатынын білесіңдер ме?

Ендеше, оны аудан деп атайды. Біз бүгін аудан, ауданның өлшем бірлігі туралы үйренеміз.

І Слайд

  • Қандай фигура үстелден көбірек орын алып жатыр?

  • Оқушылардың пікірін тыңдау.

ІІ слайд . Салыстыру

  • Ережені айтамыз.

  • Ауданды S әрпімен белгілейміз.

  • Енді осы ауданды табу үшінбірнеше өлшем бірліктерін пайдаланамыз.

  • Бүгін біздер ауданның кішкене өлшем бірлігімен танысамыз.

1 см2 Дәптерге сыздыру.

  • Бүгін біздер геометриялық фигуралардың ауданын тапқанда осы өлшем бірлігін пайдаланамыз.

Сергіту сәті

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.



Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

«Бәйге» ойыны. Шығармашылық жұмыс.

  1. Екі қолыңдағы саусақ саны

  2. Аптадағы күн саны

  3. Бір жылдағы күн саны

  4. Төрт үстелдің аяғының саны

  5. Жеті сиырдың мүйізінің саны

  6. Периметрді қалай табамыз?

  7. Ауданды қандай әріппен белгілейміз?

Практикалық жұмыс

Геометриялық фигуралардың ауданын табу. (Жеке жұмыс)

VIІІ слайд Логикалық есептер

а)11 түйе, 5 жылқы,

2 сиыр, 4 ешкі.

2 қоян, 3 түлкі,

Болды сонда нешеуі?

ә) Түйе, бота маң басқан,

4 аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ 5 ешкі,

Төрт қозылы 2 қой,

Бәрі нешеу айта ғой?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.