Разработка на тему кеңістік фигураларының симметриялары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7-апта

Күні-19.10

2-сабақ

Сабақтың аты

Кеңістік фигураларының симметриялары



Ресурстар

Интерактивті тақта,интернет материалдары,тапсырма бетшелері,куб,пирамида,призма модельдері.


Сабақтың міндеті

  • Тақырып тұжырымдамасын оқушылардың түсінуін бағалау,

Сабақ сатыларына арналған сұрақтар көмегі арқылы талқылау,практикалық жұмыс арқылы ойлы тұжырым жасауға мүмкіндік беру.


Сабақтың мақсаты

Кеңістіктегі фигуралардың симметрия осьтерін, симметрия центрін, симметрия жазықтықтарын анықтай білу.



Күтілетін нәтижесі

Кеңістіктегі фигуралардың симметрия осьтерін, симметрия центрін, симметрия жазықтықтарын таба біледі.

Сұрақтарды талқылауға қатыса алады.


Негізгі идеялар

Жас және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру


Топқа бөлу

Геометриялық фигураларды құрастыру арқылы топқа бөлінеді


Тапсырмалар көздері

1.Практикалық жұмыс.

Фигураларды(үшбұрыш,төртбұрыш,квадрат,шеңбер

беттестіре бүктеу арқылы симметрия осьтерінің санын анықтау.


3.Оқулықпен жұмыс.

8,9 -есептер




2.Постер құру.

Табиғаттағы,өмірдегі,өнердегі симметрия.




4.Мнемоникалық жаттығу.

Слайд суреттері бойынша қанша сурет есінде қалғанын анықтау.

Кейінгі тапсырма

10-есеп.Интернеттен ең биік ғимарат ,ең әдемі ғимарат туралы материалдар қарап келу.



Бағалау


Өзін-өзі бағалау, топтың бағалауы, мұғалімнің бағалауы.



Рефлексия

Стикерлер арқылы кері байланыс орнату.



Геометрия



Ітоп. Төртбұрыш,квадрат фигурасын беттестіріп бүкте. Төртбұрыш,квадрат нешеге бөлінді

ІІтоп.Тең қабырғалы, тең бүйірлі, әр түрлі қабырғалы үшбұрыштарды беттестіріп бүкте.Неше бүктеу сызығы шықты

ІІІтоп.Шеңберді неше рет беттестіріп бүктеуге болады


Геометриялық фигуралардың симметрия осьтерін анықтайды.

Түсіну

Осьтік симметрия, симметрия жазықтығы, центрлік симметрия ұғымдарын сипаттау

1.Симметрия осьі дегеніміз не Жұп болып ақылдасып анықтама беріңдер,жауаптарыңды топта талқылаңдар.

2.Куб,пирамида модельдері арқылы симметрия жазықтығын, центрлік симметриясын анықтаңдар.

3.Слайд бойынша симметрия центрі,симметрия осьі,жазықтыққа қатысты симметрия анықтамасы толықтырылады.


Осьтік симметрия, симметрия жазықтығы, центрлік симметрия ұғымдарын тұжырымдайды.

Қолдану

симметрия қасиеттерін біле отырып әр түрлі деңгейдегі есептер шығару, білімді қолдану

Оқулықпен жұмыс.

8,9-есептер орындалады.

Есептер жұпта, топта талқыланып,тақтада топтың бір мүшесі түсіндіреді.


Алған білімін

есеп шығаруда

қолдана алады

Талдау

Симметрияның өмірде қай салада қолданылаты нын анықтау

Постер құру.

Табиғаттағы,өмірдегі,өнердегі симметрия.



Симметрияның өмірде қолданылуын білді

Жинақтау

Әртүрлі жағдайдағы ақпаратты бере отырып, белгілі бір шешімге келу

Ітоп. Осьтік симметрия ұғымын тұжырымда

ІІтоп. симметрия жазықтығы ұғымын тұжырымда

ІІІтоп. Центрлік симметрия ұғымын тұжырымда

Ойланып анықтамаларды тұжырымдайды, ізденеді

Бағалау

Симметрияның маңызын білу

Ситуациялық сұрақ.

Егер әлемде симметрия болмаса,не болар еді

симметрияның күнделікті өмірде пайдалануын сараптайтын оқушы