Жаңа білімді игерту. Сабақ барысында оқушыларға теориялық тұжырымды (анықтама, теоремалар) еске түсіреді, сол мәселе бойынша өз ойлары мен пікірлерін анықтау мақсатында олар төмендегідей тапсырмаларды орындайды: Теориялық тұжырымдар: Бір жазықтықта жатқан екі түзу қиылысуы да, қиылыспауы да мүмкін. Екі түзу қиылысуы үшін олардың ортақ нүктелері болуы керек екені белгілі. Жеке жұмыс. Әр оқушы «Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер кездесе ма?» деген сынды сұрақ төңірегінде берілген 1-2 минут ішінде жекелей ойланады. Мысалы:түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, түзу жолдағы темір жолдың, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б. Топтық жұмыс. «Параллель түзулерді қалай салуға болады?» деген сынды сұрақ төңірегінде берілген 1-2 минут ішінде ойланып жауап береді. Параллель а және в түзулерін жүргізу үшін: 1/. Сызба бұрыштықтың бір жағын сызғышқа жылжытып, екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз. 2/. Сызғыштың бойымен сызба бұрыштықты жылжытып қалаған бағытта екінші в түзуін жүргіземіз. Бір жазықтықта жататын бір бірімен қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады.“Параллель” сөзі гректің parallelos- “қатар жүруші” деген сөзінен шыққан. || параллельдік белгі. a ||b Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель Параллель түзулерде жатқан кесінділер де, сәулелер де өзара параллель болады. Параллель түзулердің негізгі қасиеті: Түзудің бойында жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады. Параллельдік аксиомасы Параллель екі түзудің біреуін қиып өтетін түзу екіншісін де құятындығы туралы теореманың дәлелдеуі слайдта көрсетіледі Екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштармен /айқыш, сәйкес, тұстас/ таныстыра келе, түзулердің параллельдік белгілері беріледі Түзулердің параллельдік белгілері: 1.Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады. 2. Егер екі түзу мен қиюшы жасайтын ішкі айқыш бұрыштар тең болса, бұл түзулер параллель болады. 3. Егер екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда 1) ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 180º-қа тең болса; 2) сәйкес бұрыштар тең болса, онда берілген екі түзу параллель болады. Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгенін тексеру (жеке оқушыларға арналған үлестірме таратылады). Жаңа білімді бекіту (сұрақтар қойылады және оқушы білімі бағаланады) Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде оқушылар өз ойларымен бөліседі, оларды талқылайды, өз ойларын толықтырады. Әрбір топтан бір оқушы (спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады. 1. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады? 2. Екі түзуді үшінші бір түзу қиғанда қандай бұрыштар пайда болады? 3. Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады? 4. Егер түзу берілген түзулердің әрқайсысына параллель болса, онда қандай түзулер берілген? №17,18,19,21 жаттығуды орындау |