Сызықтық функция графигі 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


9.04.2016 ж


6-сынып математика


Жалпы мақсаты


1.Оқушыларға сызықтық функцияның графигін салуды түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

2.Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту.

3. пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Міндеттер


  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

  • Өткен тақырыптарды оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу

  • Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру

Мұғалім үшін оқу нәтижелері


  • Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру

  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы

  • математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының

Сабақтың көрнекілігі

проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар


Күтілетін нәтиже

Оқушылар сызықтық функцияның графигін салуға байланысты амалдарды толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру

кезеңі

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру,бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу.

Оқушыларды құрастырма қағаздарды құрау арқылы, 4 топқа бөлемін.

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 36 мин

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру оқушылардың бүгінгі күніне сәттілік тілеу.

Білу- 5 мин

  • Қандай функция сызықтық функция деп аталады

  • Мысал келтір

  • Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады

  • График салу үшін қанша нүкте жеткілікті



Оқушылар мұғаліммен бірге бір-біріне сәттілік тілейді.

ТҮСІНУ-3мин Диалогтық оқыту

Әр топқа үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әр топ өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.


Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындайды. Топта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.

ТАЛДАУ- 7мин Сыни ойлауын дамыту

Балалар жұмыс жасап болған соң мен өзім теориялық түсіндіріп өтемін.

Оқулықпен жұмыс

1201, 1202,1204,1209,1210

Сергіту сәті «Серіппелі сұрақтар»



Оқушылар топта есептерді шығарады. Бірінші есеп шығарып болған оқушылар тақтаға шығады, және әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды.

Оқушылар шағын допты алып бір – біріне беру арқылы сұрақтар қояды.

ҚОЛДАНУ-15мин

  1. Сызықтық функцияны формуламен беріп, графигін толтырту

  2. Графикпен берілген функцияны формуламен жазу

  3. Кестемен берілген функцияның графигін салу



Оқушылар тапсырмаларды өз беттерімен орындайды

ЖИНАҚТАУ-6мин

E-learning тапсырмалары


Әр топ оқушылары өздеріне берілген тапсырмаларын орындайды(ноутбукта)

Бекіту 5 мин

3.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Кезбе тілші» стратегиясы

Тілші оқушы сабақ бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды, оқиға орнынан ақпарат ұсынады, куәгерлермен сұхбаттасады.

Бағалау 3мин

4.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.

Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды


Үйге тапсырма 30 секунд

5.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1213


Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

Рефлексия 30 секунд

Оқушыларға стикерлер таратамын.

Оқушылар өздеріне сай стикерлерге рефлексия жазып плакатқа жапсырады.