матаматика 2 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген тақырыптар бойынша оқып үйренгендерін пысықтау. Баланың білім біліктілік дағдыларын тексеру.

2. Шапшаңдылық, танымдылық, ойлау қабілеттерін арттыру.

3.Табиғатты сүюге, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақылды тақта.

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу. Балалар орындарынан тұрып сәлемдеседі.

Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, өткені сабағымыз өзге сыныпта, ақылды тақтаның, қонақтардың қатысуымен өтеді. Сондықтан біз білімімізді көрсете алуымыз керек.  Балалар  біздің тағы бір қонағымыз бар, бірақ біз оның кім екенін әлі білмейміз. Оның кім екенін білу үшін мына ақылды тақтада көрсетілген тапсырмаларды орындасақ жасырынып тұрған қонағымыздың аты шығады. Демек бәріміз ақылды тақтаға назар аударайық.

[pic]

Тақтада екі шаршы және тік төртбұрыштың ішінде жазылған тапсырмалар болады.

  1. санды өрнекті тап және оқы.

  2. әріпті өрнек тап және оқы.

  3. теңсіздікті тап және оқы

1.  а+5                    2.    с-6                      3.    4>3

3-2=1                       5-2=3                         7-5=2

4+1=5                      7<9                            3+а

 

Сонымен балалар бүгінгі қонағымыздың аты Тапқышбек.

Ақылды тақтадан Тапқышбектің суреті шығады.

Балалар Тапқышбек өзімен бірге бізге көптеген тапсырмалар әкелген екен. Сол тапсырмаларды орындасақ, Тапқышбек сендерге жақсы бағалар қояды.

Балалар бәрімізге түсінікті ме?

1. Тапсырма. Жылдың қай мезгілі?

-Көктем. Сурет шығады.

-Балалар көктем туралы не айтар едіңдер? Балалардың пікірін тыңдау.

Балалар сендер құстар келеді деп айтып отырсыңдар ендеше құстардың дауысын естігілерің келеді ме? Қане ақылды тақтаға құлақ салайық. Балалар құстардың дауыстары бірдей ме ?, әлде әртүрлі ме? Қандай құстардың аттарын білесіңдер?

Құстар өз ұяларын қайда салады? Құстардың ұясын бұзуға балады ма? Неге?

Құстар біздің досымыз біз оларға қамқоршы болуымыз керек. Келесі тапсырма құстар туралы. Ағаштың басына бір құс яұ саладыда сол ұяға үш балапан басып шығарады. Осы балапандарды бір жылан жемекші екен. Тапқышбек сендерге осы балапандарды құтқарыңдаршы деп өтініпті әрі сендердің құстарға қалай қамқорлық жасайтындарыңды байқамақшы. Қане балалар құстарға көмектесемізбе? Ол үшін келесі тапсырманы орындауымыз қажет. Олай болса бәріміз орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық. Тапсырманы қатесіз дұрыс орындау ұүшін жақсылап дайындалып алайық.



[pic]

Ұшты-ұшты ойыны арқылы жасатамын.

Ұшты ұшты қаздар ұшты

Ұшты ұшты қыздар ұшты

Ұшты ұшты ұшақ ұшты

Ұшты ұшты ұлдар ұшты.

Орнымызға отырамыз бәріміз дәптерімізді ашамыз. Дәптерімізді кенделікті жазу ережесіне сай дұрыстап қойып өзіміз дүрыс отырып жазуға кірісеміз.Бүгінгі күнді сынып жұмысы, көркем жазу 698  екі тор көз қалдырамыз, 1 жол жазамыз.

М.д

1. 6 санымен 3 санының қосындысын жаз.

2. 9 санымен 4 санының айырмасын жаз.

3. Оң қолыңда неше саусақ бар?

4.Ең үлкен бір таңбалы санды.

5.7 санымен 2 санының қосындысын жаз.

өздері ақылды тақта арқылы тексереді, бағалайды.

Ал балалар манағы құстардың балапандарын құтқарып құсқа көмектеуге дайын болсақ іске керісейік. Тапқыштектің тапсырмасы сөз есеп.

Алдымен сөз есептің құрамына тоқталсақ сөз есептің құрамы қандай болады?

Сөз есептің:   Берілгені

Шарты:

Сұрағы:

Шешуі:

Жауабы:  болады. Сөз есептің берілгенін ақылды тақтадан оқып, мазмұнын талдап, қысқаша шартын құрамыз.

Берілгені: Бақшаға Бақытжан 5 түп, ал  Марат 4 түп қызанақ отырғызды. Балалар бақшаға барлығы қанша түп қызанақ отырғызды.

 

Б- 5 түп

?

М- 4 түп

________________

Ш: 5+4=9

Ж: Барлығы 9 түп қызанақ отырғызды.

Сергіту сәті: Бала бала балапан

Қане қайсы алақан

Саусақтарың әйбап

Былай былай ойнат.

Жарайсыңдар балалар балапандарды құтқардыңдар құсқа көмек бердіңдер. Енді оларға ешкім тимейді, үлкен болып өседі. Балалар көктемде адамдар қандай жұмыстар істейді?

Тапқышбектің келесі тапсырмасы «Ағаш отырғыз» деп аталады.Табиғатымыз сұлу болсын деп адамдар көктемде ағаштар отырғазады . олар үлкен болып өсіп бізге пайдасын тигізеді. Олай болса біз тапсырманы дұрыс орындасақ Тапқышбек  сендерді де ағаш отырғызды деп есептеп жақсы баға бермек. «Ағаш отырғыз» тапсырмасын Тапқышбек өздік жұмысы ретінде ұсынып отыр.

1.Егер а+7  десек мұндағы  а =0, 1, 2, 3

Егер 9-а десек мұндағы    а = 0, 1, 2, 3.

2.Салыстыру.

2см   *   3см                          8см    *    5см

9см   *   7см                          6см    *  4см

Өздері тексереді, бағалайды.

Балалар сендерге Тапқышбек өз ризашылығын білдіріп өте тамаша балалар екен дейді. Енді бұл балалардың жалпы білімдерін тексеріп көргісі келеді оны тест арқылы тексермекші екен.

Қазір барлықтарың тест  жазылған қағазды алып сұрақтарына жауапты дөңгелекшелерді бояу арқылы орындаңдар, азғана уақыт беріледі.

 Тест.

1.Өрнектің мәнін тап.

3+5

А.  5

В .  4

С .  3

2. Геометриялық пішіндерді көрсет.

 

А .  1,2,3.

В .

С .   0,4,5

 3.5см кесіндіні көрсет.

А .

В .

С .

4.Азайғыш пен азайтқыштың мәнін тап.

5-3

А .   4

В .   3

С .   2

5.7+2=9 екінші қосылғышты ата.

 А .  7

В .   2

С .   9

Ақылды тақтамен салыстыра отырып өздерін тексереді, бағалайды.

Қорыту  Сабақта қандай тапсырмалар орындадық не үйрендік сабақ ұнады ма?

Балалар бүгінгі сабақта тапсырмалардың бірінен бестік баға алған балалар бес алады, егерде бір төрті бар болса төрт алады, үші бар бала үштік баға алады .

Балалар бүгінгі сабағымыздың қонағы Тапқышбек сендерге  рахмет айтып, балалардың қандай арманы тілегі бар екендігін біліп,сендермен қоштаспақшы. Қане кімде қандай арман бар? Бәріміз сау болыңыз деп шығарып салайық.