ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Сыни ойлау арқылы төртбұрыштардың ерекшеліктерін меңгеру, қасиеттеріттерін есептер шығаруда қолдануға дағдылану
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Төртбұрыштың ерекшеліктерін біледі, есептер шығаруда, тапсырмалар орындауда қасиеттерін қолдана алады.
Сабақ кезеңдері / уақыты
Сабақтағы іс-әрекет
Бағалау
Ресурстар
Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)
Ынтымақтастықты қалыптастыру «Кішіпейілділіктің сиқырлы шеңбері» тренингі
Оқушылар жұптарымен шеңберде тұрады, өз көңіл-күйлерін бір-біріне таратады.
«Айналмалы бекет» жұппен жұмыс
Венн диаграммасын маршрут картасы арқылы толықтыру
Трапеция-паралелограмм
Трапеция – ромб
Трапеция – квадрат
Оқушыларға партадағы қатар бойынша үш қатарға Венн диаграмасын толтыруға тапсырма беріледі. Сол бойынша бағалайды.
Талқылау, жылы сөздер ұялату
Өзара бағалау (2 жұлдыз, 1 тілек)
Плакат, маркер, стикер
Жаңа материалдың таныстырылымы
Жұппен жұмыс «Көршіңмен әңгімелес» әдісі. Есеп шығару оқулықтан №86, 89, 92. Есептің шешімін қарастыру. Көршісімен талқыласу арқылы есеп шығару алгоритмін талқылау.
№86. Тең бүйірлі трапецияның қарсы бұрыштарының айырымы 56˚-қа тең. Трапецияның бұрыштарын тап.
№89. АВСД трапециясы берілген. В төбесінен СД бүйір қабырғасына параллель жүргізілген түзу АД үлкен табанына Е нүктесінде қиып өтеді. АВЕ үшбұрышының периметрі 18 дм, ал ЕД=5дм болса, берілген трпацияның периметрін табыңдар.
№92. Теңбүйірлі трапецияның сүйір бұрышы 45˚-қа тең, биіктігі 3,5см, ал табандарының қосындысы 17см. Трапецияның табандарының ұзындықтарын табыңдар.
Өзара бағалау
Бағдаршам арқылы
«Геометрия» 8-класс, Ж.Қайдасов, Г.Хабарова, А.Абдиева
Жаңа материалды қолдану
Топпен жұмыс: «Үй жиһаздары» суреттерін топтастыру
[pic]
Жеке жұмыс: Оригами жұмысы (төртбұрыш тектес фигураларды қию арқылы трапеция шығару)
Топ аралық бағалау
Мазмұны
Ерекшелігі
Үш шапалақ
Үй жиһазы суреттер топтамасы, клей, фигуралар жиынтығы, плакат
Қорытынды
Жеке жұмыс: «Ақиқат па? Жалған ба?»
Трапецияның 3 түрі болады (Ия)
Теңбүйірлі трапецияның диагональдары тең болмайды (жоқ)
Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 360 градусқа тең (ия)
Паралелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең болады (ия)
Трапецияның екі қабырғасы параллель болады (ия)
Ромбыны өмірде қолдана аламыз ба? (ия)
Рефлексия «Қосу, алу, қызықты »
Қосу графасына «бүгінгі сабақта алған білімдері»
Алу графасына «бүгінгі сабақта қажет емес ақпарат»
Қызықты графасына «бүгінгі сабақта қызықты ақпарат»
Өзін-өзі бағалау
(Ия – қол шапалақ, жоқ – аяқпен топылдату)
Стикер, плакат, маркер
Не сәтті өтті?
Венндиаграммасын тапсырмасын сызба арқылы бергенім;
Үй жиһаздарын топтастыру;
Есептер шыруда жұппен жұмыс жасау;
Оригами жұмысы
Не сәтсіз өтті?
«Ақиқат па? Жалған ба?» әдісі бойынша сұрақтар қойылғанда кейбір оқушылар білетін сұрақтарын дұрыс назар аударып тыңдамағандықтан қателесін жатты.
Нені өзгерткіңіз келеді? Нені дамыта аласыз?
Оқушылардың назарын аудару мақсатында бір сәті жинақтап алуым керек және сұрақты дауыс интанациясына қарай қоюға үйренгендерін аңғардым.