Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы тақырыбына есептер шығару ҚМЖ (9-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тексерген: Ниязов А


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пәні: алгебра

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы

Сабақтың мақсаты

Арифметикалық прогрессияның анықтамасы мен айырымын, п-ші мүшесінің формуласы білу,формулалармен дұрыс жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру

Оқу нәтижесі

Тізбектердің мүшелерін тиімді жолмен есептей алады; Формуланы дұрыс қолдана біледі

Ресурстар

ОМЖ, ҚМЖ, оқулық, жұмыс дәптерлері, бағалау парақшасы, плакат, маркер, қима қағаздар,

Оқытудағы әдіс-тәсілдер

Диалогтық оқыту,топпен жұмыс, интербелсенді тақта,слайдтар

«Қоржын, еттартқыш,қоқыс жәшігі» кері байланысы

Модульдің кіріктірілуі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау, Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқыту, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басару және көшбасшылық.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Әр оқушы сабаққа есімінің бас әріпінен басталатын тілек айтады, мысалы «Салиха- сәттілік тілейді»

Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы тілектер айту арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.

Постер қорғау

Үйге өтілген материалдар бойынша

І топ. Тізбек және оның түрлері

ІІ топ. Тізбек және оның берілу тәсілдері

ІІІ топ.Арифметикалық прогрессия тақырыбында постер әзірлеу тапсырылған.

Тапсырмалар бойынша топтар постер қорғайды.

Топтар бір-бірін бағалау критерийлеріне сүйеніп, дескрипторларды ескере отырып смайликтермен бағалайды.

Қызығушылықты ояту

2 5 7 3 19 13 1 11 17

р т о о н ф э с е

Сандарды өсу ретімен орналастырың дар да, оған сәйкес әріптерді тізбек теп оқығанда қай математиктің аты шығады? Ол жайлы не білесің?

Оқушылар Эротосфен елегі жайлы әңгімелейді.

Кім тапқыр?

Ауызша есептеулер

Өсу ретімен алынған тақ сандар тізбегі:

Өсу ретімен алынған жұп сандар тізбегі:

Натурал сандар квадраттарының тізбегі:

3-ке бөлгенде 2 қалдық қалатын 20-ға дейінгі сандар тізбегі:

20-ға дейінгі тақ жай сандар тізбегі:


Топтар тізбектерді жазып шығады.

Кім жылдам?

Ауызша есептеулер

1. 3,13,23,33...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?

2. -15, 5, 25, 45, ...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?

3. 3, 33, 333, 3333...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?

4. 4/2, 4/5, 4/7, 4/9...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?


Оқушылар жылдам жауаптар әзірлеп,дәлелдер келтіреді.

Ауызша есептеулер

1. 6; 10; 14; 22; 26; 30; ...

2. 13;8;3; -2; -7; -12; ...

арифметикалық прогрессияның айырымын табыңыздар


Оқушылар жылдам есептейді.

«Ойлы болсаң, озып көр»

топпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс №166, 168

Оқулықтағы №166, 168 есептерді топ болып орындайды

Тарихи деректер

Прогрессия- латын сөзі, өрлеу, ілгері қозғалыс деген мағынаны білдіреді. Прогрессиялар мен тізбектер туралы алғашқы ілім мысырлықтар мен вавилондықтардан басталды. Мәселен, біздің заманымызға дейінгі вавилондықтардың сына жазу кестелерінде, ежелгі грек папируста рында арифметикалық және Геометриялық прогрессияларға көптеген мысалдар кездеседі.


Тарихи деректерден хабардар болады

Сергіту сәті

Мақал-мәтелді тап

[pic]

Ребустың жауаптары:

Күш атасын танымас

Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтіреді

Үйге қарай жүгірме

Әсем әнмен тәтті күй, құлақтан кіріп бойды алар

Аузы қисық болса да,байдың ұлы сөйлесін


Тапқыр болсаң- тауып көр”

Ойлан – бөліс – талқыла







Оқушы ойланады, көршілерімен ой бөліседі, жауаптарын талқыға салады

Қорытындылау

Бағалау.


Бағалау критерийлеріне сүйене отырып,бағалау парағындағы смайликтеріне сәйкес ұпайларды жинақтайды.


Формативті бағалауды жиынтық бағаға айналдырады

Үйге тапсырма:№171,172


Рефлексия. «Қоржын, еттартқыш, қоқыс жәшігі»

[pic] [pic] [pic]

Не білдім? Әлі де толықтыруым,керек.. Сабақта артық болғаны




Пән мұғалімі: Алимбаева С