Ұйымдастыру .Сабақтың мақсат -міндетін түсіндіру Тренинг (психологиялық ахуал): Рефлексия. «Шаттық шеңбері» Топқа бөлу(«Мен ұнатқан сан»сандар таңдау арқылы,)
А)Үй тапсырмасын тексеру бір-бірінің дәптерлерінен өзара тексеру ұйымдастырылады,талдайды,бағалайды(жұптық жұмыс);
АКТ:компьютер,слайд,интерактив тақта,актив студияда орындалады. Ә)Интерактив тақтада (Оқушы үй тапсырмасы бойынша дайындап келген сұрақтары бойынша сыныптастарына сұрақ қояды,5сыныптан қайталау)
В)Мұғалім тапсырмалары. (Интерактив тақтамен жұмыс) Айырықша сұрақ.
Қадағалау сұрағы.Координаталық сәуледе орналасқан суреттердің координаталарына сәйкес нүктелерді атаңыз?
Жаңа сабақ . Диалог:зерттеушілік әңгіме арқылы іс-әрекеттер орындалады. Дайындық тапсырмасын орындайды(оқулықтан).Қорытынды жасайды,яғни оң бағытта және қарама-қарсы бағытта қандай сандар орналасатынын анықтайды. Координаталық түзудің анықтамасын тұжырымдайды. Практикалық жұмыс: жеке орындайды,жұп болып тексереді,топ болып талқылайды. Жұмыс жасауға нұсқау:(Оқушыларға үлестіріледі) 1.Координаталық түзу сыз.(Бірлік кесінді,санақ басы,оң бағыт) 2. Координаталық түзуде-балалардың жүгіруді бастайтын орнын белгіле; 3.Асан мен Үсеннің 1с-тағы қашықтықтарына сәйкес нүктелерді тауып,координаталарын жазыңыз. Талдау сұрақтары: 1. 0 нүктесі координаталық түзуді қандай бағыттарға бөлді? 2.Қандай қорытынды жасадыңыз? Оң сандар қандай бағытта,теріс сандар қандай бағытта орналасады деп ойлайсыз? 3. Берілген санға координаталық түзуде неше нүкте сәйкес келеді деп ойлайсыз?
Оқулықтан деңгейлік есептер шығарады: А.№306,№308; В.№313,№316; Жеке тапсырма:Әсемге№320(А),Артурға №316(В),Жібекке №310(С) Кеңейтілген тапсырма; 3 оқушыға(Бибінұр,Аида,Бекзат) С-тобынан беріледі,№314есеп
1.Тірек-кестесін толтырады. 2.Интерактив тақтада суреттер көрсетіледі. Сараптамалық сұрақ: Қай суретте координаталық түзу кескінделген? Себебі? 3.Проблеманы шешетін сұрақ.
Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеудің қажеттілігі, күнделікті өмірдегі қолданылуы және білімдегі маңыздылығы қандай?
Сабақ кезеңдері бойында бағаланып отырады. Бірін -бірі қолдады,мадақтады,өзін- өзі бағалады, бір- бірін бағалады
Үйге тапсырмасы түсіндіріліп беріледі.П2.3.А.№307,309;В,№317;С,№321 Ізденіс тапсырмасы:Координаталық түзу туралы тарихи мәліметтер
Кері байланыс. Рефлексия(Сабақта өзіне не ұнады,қандай әсер алды және сабақтағы өзіне ұнаған белсенді қатысқан сыныптасына тілек стикерге жазу ) |