Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:

Бізді қоршаған әлемдегі параллелограмдар, тіктөртбұрыштар, ромбылар, квадраттар және трапециялар.(Танымдық сабақ)

Мақсат:


Жаңа білім

Параллелограмның симметриялылығын, астрономиядағы басқа параллелограмға ұқсас денелерді сипаттайды. Архитектурадағы параллелограмның қолданысын атап шығады.

Жаңа түсінік

Симметрияның анықтамасын парафразалайды.
Біз параллелограммды жай өмірде не үшін қолданатынымыздың түсіндірмесін береді. Тіктөртбұрыш пен квадраттың қолданысын айырып таниды Күнделікті өмірден басқа қандай параллелограмм тектес денелерге де мысал келтіреді.


Қолданым әрекеті

Астрономия мен геометрияның байланысын анықтайды. Кітап шығаруда қандай пішін қолдану керек екендігін болжайды.

Талдау әрекеті

Қораптарды жасағанда неліктен тіктөртбұрыштарды қолдану керек екендігінің сырын ашып біледі

Шығармашылық әрекет

Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция және параллелограмның қолданысына мысалдар ойлап табады.


Бағамдау әрекеті

Басқа ғылымдардағы геометрияның рөлін сынайды.
Әр түрлі салалардағы тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция және параллелограмның қолдануын сипаттайды. Олардың өмірдегі рөлін ерекшелейді.

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу (14 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V.Бағамдау - бағалау (3 мин.).

Сабақ типі: фронтальді, топтық

Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


Оқушыға жол сілтеу, оқушының индивидуалдық қасиеттерін дамыту.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Параллелограмм, Доклэнд, жұлдыздар тобы, архитектура, архитектор, симметрия, Пирамида, тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция, кереге, ою, дизайн.

Оқушыда дағды қалыптастыру:


Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарға жауап беру, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау. Геометрия сабағы болғанымен, тек есеп шығарып қана қоймай қызық информация білу.

Ақпарат көздері:

  1. Доклэндтің бейнелері. Онлайн сурет. [link]

Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.

Үй тапсырмасы:

Өмірдегі әр фигураның қолданысына бір мысалдан келтіріп, талдап келіңіздер


САБАҚ БЛОКТАРЫ ○


Тақырып жоспары:
  1. Симметрия және параллелограмды қолданудың маңызы.

  2. Параллелограмның өмірдегі қолданысы

  3. Тіктөртбұрыштар, ромбылар, квадраттар және трапециялардың ерекшеліктері.

  4. Тіктөртбұрыштар, ромбылар, квадраттар және трапециялардың өмірдегі қолданысы

Слайдтар:

4 – слайд Симметрия дегеніміз не?

Симметрия деп екі дененің бір нүктеге, түзуге не жазықтыққа қатысты біртектілігін, ұқсастығын айтамыз.


[pic] [pic] [pic]

5 – слайд Параллелограмды қолданудың маңызы

  • Параллелограмм біздің өмірде өте көп қолданылады. Өйткені, біз симметрияны ұнатамыз. Симметриялы заттар бізге әдемірек болып көрінеді. Ал, параллелограмм ол симметриялы орналасқан төртбұрыш. Екі диагональін сызсақ та, біз екі тең үшбұрыштарды көре аламыз.

  • Параллелограмның жай үшбұрыштардан тағы бір ерекшелігі оның қабырғалары параллель орналасқан, ол да әдеміліктің белгісі.


6 – слайд Күнделікті өмірде байқауға болатын параллелограмдар



7 – слайд Күнделікті өмірде байқауға болатын параллелограмдар



8 – слайд Астрономиядағы параллелограмдар

  • Лира (Lyra) жұлдыздар тобынан осындай жұлдыздардың параллелограмм жасап тұрғанын көруге болады.

  • Қызығушылық танытсаңыз осы параллелограмның бір қабырғасында Нэбула сақинасы (Ring Nebula) орналасқан. [pic]


9 – слайд Архитектурадағы параллелограмдар

[pic] © 2010 T. Faltings. All rights reserved.


10 – слайд Архитектурадағы параллелограмдар [pic]

Аты: Доклэнд

Орналасқан жері: Гамбург, Германия

Салынған уақыты: Қаңтар, 2006

Архитекторы: Хади Тегерани

Параллелограмм тектес офистік құрылым


11 – слайд Доклэндтің суреттері

[pic] [pic] [pic]

12 – слайд Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және трапециялардың

ерекшеліктері

  1. Енді, өтетін фигуралар да параллелограмм сияқты симметриялы фигуралар. Сол үшін бұл фигуралар бұрыннан бері қолданыста. Үй салғанда бөлмелеріміздің пішіні, терезелердің пішіні және есіктердің пішіні. Әр кез қолданатын техникаларымыз да осы фигураларға ұқсайды

  2. Параллелограмды бөлек талқылаудың себебі, параллелограмм барлығының (тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және трапециялардың) негізі болып тұр


13 – слайд Бізді қоршаған әлемдегі тіктөртбұрыштар



14 – слайд Бізді қоршаған әлемдегі тіктөртбұрыштар

Гректердің сиынатын орны - Парфенон.Афинада орналасқан. Яғни гректер бұрынғы кездің өзінде тіктөртбұрыштарды жиі қолданған. [pic]


15 – слайд Бізді қоршаған әлемдегі квадраттар [pic]

Киіз үйдің бөлігі болатын кереге квадрат тәріздес. Яғни, біздің ата-бабаларымыз геометриялық фигураларды күнделікті өмірлерінде қолданған.


16 – слайд Бізді қоршаған әлемдегі квадраттар

Ата-бабаларымыздан тағы да мұра болып қалған керемет – ол оюлар. Қазіргі заманғы дизайнерлік ашуларды қазақтың бұрынғы ою-өрнек стиліне қолдансақ көркем бір бейне шығады [pic]


17 – слайд Бізді қоршаған әлемдегі ромбылар

Қазіргі кезде дизайнерлер киімдерді безендіруде ромбы пішіндес фигураларды кеңінен қолдануда.

[pic]


18 – слайд Бізді қоршаған әлемдегі трапециялар

Суреттегі кіші пирамидаларға қарасақ, олар бір-бірінің үстіне тұрғызылған трапециялардан құралған. Жоғарыға көтерілген сайын трапециялар кішірейе берген. Яғни бұл әдемілікті де сақтайды және осы әдіспен үлкен құрылымдар тұрғызуға болады. [pic]


іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Қорытынды:___________________________________________________________


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Симметрия дегенді өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

  2. Сіздің ойыңызша біз параллелограмды жай өмірде не үшін қолданамыз?

  3. Параллелограмның симметриялығын түсіндіріңіз

  4. Тіктөртбұрыш пен квадраттың қолданысын салыстырыңыз

  5. Күнделікті өмірден басқа қандай параллелограмм тектес денелерді білесіз?

  6. Астрономиядағы басқа параллелограмға ұқсас қандай денелерді білесіз?

  7. Архитектурадағы параллелограмның қолданысын атаңыз


ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Астрономиядағы геометрияның рөлін қандай деп ойлайсыз?

  2. Егер сіз кітап шығарушы болсаңыз қандай пішін қолданар едіңіз?


ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Қораптарды жасағанда неліктен тіктөртбұрыштарды қолданады?


Топтық жұмыс.

Бес топқа бөлініп келесі тапсырманы орындаңыздар:

І топ

Тіктөртбұрыштың бір салада қолданысын мысалдармен сипаттап берсін.

ІІ топ

Ромбының бір салада қолданысын мысалдармен сипаттап берсін

ІІІ топ

Квадраттың бір салада қолданысын мысалдармен сипаттап берсін

IV топ

Трапецияның бір салада қолданысын мысалдармен сипаттап берсін.

V топ

Параллелограмның бір салада қолданысын мысалдармен сипаттап берсін.


Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________