Тақырыбы : Ең үлкен ортақ бөлгіш
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік: Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін таба білу, оларды есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.
2 .Дамытушылық: шапшаң есептеу дағдысын қалыптастыру, математикалық терминдерді қолдана білуге, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту,деңгейлік тапсырмаларды орындауға ауызша есептеуге машықтандыру .
3.Тәрбиелік: ептілікке,тапқырлыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі : Білімді тиянақтау
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,талдау-жинақтау, өз бетінше жұмыс, тест, ауызша есептеу, ойын
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: интер .тақта, слайд, кестелер, үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдыстыру кезеңі:
Бүгін білімімізге білім қосайық Бүгінгі күннің сабағы ерекше, себебі бізге қонақтар келді. Сендер сабақты ынталы зейінмен тыңдап, белсенді қатысып отырсаңдар,сабақ соңында жақсы бағаланасыңдар .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
А) Есептерді инт.тақта арқылы тексеру. №286
12 мен 32
12 – 1,2,3,4,6,12
32 – 1,2,4,8,16,32
ЕҮОБ(12,32)=4
30 бен 42
30 – 1,2,3,5,6,10,15,30
42 – 1,2,3,6,7,21,42
ЕҮОБ(30,42)=6
35 пен 60
35 – 1,5,7,35
60 – 1,2,3,4,5,6,10,12,15,30,60
ЕҮОБ(35,60)=5
36 мен 63
36 – 1,2,3,4,6,9,12,18,36
63 – 1,3,7,9,21,63
ЕҮОБ(36,63)=9
30 бен 45
30 – 1,2,3,5,6,10,15,30
45 – 1,3,5,15,45
ЕҮОБ(30,45)=15
27 мен 54
27 – 1,3,9,27
54 – 1,2,3,6,9,27,54
ЕҮОБ(27,54)=27
42 мен 56
42 – 1,2,3,6,7,21,42
56 – 1,2,4,7,8,14,28,56
ЕҮОБ(42,56)=7
80 мен 32
80 – 1,2,4,5,8,10,16,20,40,80
32 – 1,2,4,8,16,32
ЕҮОБ(80,32)=16
39 бен 65
39 – 1,3,13,39
65 – 1,5,13,65
ЕҮОБ(39,65)=13.
№296
ЕҮОБ(a,b)=30;
ЕҮОБ(a,b)=12;
ЕҮОБ(a,b)=18;
ЕҮОБ(a,b)=50;
ЕҮОБ(a,b)=24;
ЕҮОБ(a,b)=75.
Ә) Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын бекіту:
Жай сандар дегеніміз қандай сандар?
Құрама сандар жайында не білеміз?
ЕҮОБ табудың қанша жолын білеміз?
Өзара жай сандар дегеніміз не?
ІІІ. Есептер шығару кезеңі.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі біз бүгінгі математика сабағында ғаламшарларға саяхатқа шығамыз, тапсырмалар орындаймыз.
Мұғалiм. Ғарышқа ұшы үшін біз зымыран жасауымыз керек, ал ол үшін біздің білімдеріміз қажет.
Сұрақтар:
— Бiз уақыттың қандай бірліктерін білеміз ? Секунд, минут, сағат, тәулiк, апта, ай, жыл, ғасыр
— Бiр ғасырда жыл неше? (100 )
— жылда неше ай? (12 )
— бір айда неше күн? (30, 31, 29, 28)
— 1 айда неше апта? (4 )
— бір аптада неше күн? (7 )
-кұн мен түнді бір сөзбен қалай айтуға болады ? (тәулiк )
— . 1 тәулiкте сағат неше? (24 )
— 1 сағатта неше минут бар? (60 )
— 1 минутта секунд неше? (60 )
Бәрекелдi! Бiзде мынадай тамаша зымыран жасалынып шықты. .
Бiздiң борт журналдарымызды ашамыз және бiздiң ұшу күнiң жазып қоямыз
Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күн ретін дәптерге жазу
Жерді қоршаған бүкіл дүние –Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
ПЛАНЕТА-грекше адасушы жұлдыз деген сөз.
Балалар, бұл не? – Күн. мен жұлдыздар
-Балалар, біз қазір ракетамен ұшып келе жатырмыз, үнге ең бірінші жақын орналасқан планеталарға жетеміз.
Меркурий планетасының тапсырмасы:
Меркурий-бұл Күнге ең жақын және ең кіші планета.
Тірек білімдерін жетілдіру.Ауызша есептеу: карточкалармен жұмыс «Кім жылдам»
Мына мен қолдарына берген ракетадағы мысалдарды тез шығаруымыз керек.
Келесі аялдама Марс ғаламшасы. Бiз марс туралы ненi бiлемiз? Марс— Жер планетасына көршілес орналасқан. Ол ең суық тасты планета.
загрузка...
Марс планетасының тапсырмасы:
Оқулықпен жұмыс:
№287 (тақ номерлерін тақтада, жұптарын орындарында шығарып көрсетеді)
48 бен 84
48=2*2*2*2*3
84=2*2*3*7
ЕҮОБ(48,84)=12
70 пен 98
70=2*5*7
98=2*7*7
ЕҮОБ(70,98)=14
16 мен 45
16=2*2*2*2
45=3*3*5
ЕҮОБ(16,45)=1
52 мен 78
52=2*2*13
78=2*3*13
ЕҮОБ(52,78)=26
44 пен 65
44=2*2*11
65=5*13
ЕҮОБ(44,65)=1
72 мен 96
72=2*2*2*3*3
96=2*2*2*2*2*3
ЕҮОБ(72,96)=8
78, 117 және 195
78=2*3*13
117=3*3*13
195=3*5*13
ЕҮОБ(78,117,195)=39
110, 154 және 286
110=2*5*11
154=2*7*11
286=2*11*13
ЕҮОБ(110,154,286)=22.
№303
Қосылғыштардың коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгішін жақша сыртына шығарып жазыңдар:
12a+20b=4(3a+5b); 16c+24d=8(2c+3d); 30m+42n=6(5m+7n);
48x+60y=12(4x+5y); 18a+45b=9(2a+5b); 28c+63d=7(4c+9d)
49m+21n=7(7m+3n); 15m+25n=5(3m+5n).
Ай — күнмен тартатын күн жүйесiнiң жалғыз серiгi. Ай — жердiң ең жақын көршiсi Айда ауа да жоқ және су.
Ай планетасының тапсырмасы:
Ай тұрғындары емтихан бiздер үшін жасады. Бiздiң алдымыздағы жатқан тесті тез шешу керек
Тестiлiк тапсырмалары
І нұсқа.
Қандай сандар жай деп аталады?
А) 0- ден 9 –ға дейінгі
С) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар
В) Екіден артық бөлгіштері бар натурал сандар
D) 1 саны
Құрама сандар –
А) 0- ден 9 –ға дейінгі цифрлар
С) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар
В) Екіден артық бөлгіштері бар натурал сандар
D) 1 саны
Санды жай көбейткішке жіктеу дегеніміз не?
А) кез келген екі санның көбейтіндісі түрінде жазу
С) жай сандардың бөліндісі түрінде жазу
В) бір санды қосынды түрінде жазу
D) жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу
24 санының жай көбейткіштерге дұрыс жіктелуін тап:
А) 24=2*12 С) 24=2*2*2*3
В) 24=3*4*2 D) 24=2*2*6
12 санының бөлгіштерін тап:
А) 1,2,3 С) 2,3,6
В) 1,2,3,4,6,12 D) 1,2,3,6,12
ІІ нұсқа
Қандай сандар егіз сандар деп аталады?
А)Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең сан
В)Айырмасы 2 – ге тең екі жай санды
С) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар
Д) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар
2.Қандай сандар 2 – ге бөлінеді?
а)жұп сан в) тақ сан;
с) кемел сан д) егіз сан
3.Екіден көп бөлгіштері бар сан?
а) жай сан в) құрама сан;
с) тақ сан д) жұп сан.
18 санының жай көбейткіштерге дұрыс жіктелуін тап:
А) 18=2*12 С) 18=1*2*3*6*9*18
В) 18=3*4*2 D) 18=2*3*3
36 санының бөлгіштерін тап:
А) 1,2,3,4,5,6 С)1,2,3,4,6,9,12,18,36
В) 1,2,3,4,6,12 D) 1,2,3,6,12
Жер планетасының тапсырмасы:
Жер туралы ақпарат . Жер планетасы— бұл ерекше планета. Ол біздің үйіміз. Онда ауа бар және су көп. Бұл барлық тіршіліктің негізі. Жер тіршілік бар жалғыз планета
Логикалық тапсырмалар
Үш түйеқұс ұшып барады. Аңшы біреуін атып алды. Неше түйеқұс қалды?
Сағат неше?
Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
Төрт қойдың неше аяғы бар?
Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
Суретте қандай геометриялық фигуралар бейнеленген.
Қанша үшбұрыш бар (8)
ІҮ. Қорытынды
«Зымырада жерді айнала ұшып біз біздің ғаламша қандай керемет, қандай әдемі екен көрдік. Адамдар, осы әдемілікті біз сақтайық және көбейтейік тек қиратпайық»!
Балалар, саяхат жасау барысында бір жұлдыздар көрдік. Міне балалар сендердің де жолдарың осы жұлдыздардай жарық, жарқын болсын! Орталарыңда болашақта Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев ағаларың сияқты ғарышкерлер болып, ғарышты зерттеуге ат салысасыңдар деген үміттемін!
Бағалау. Оқушылардың әр түрлі түстегі қағаздардың жинаған саны бойынша бағалау.
Үйге тапсырма: 296, 302