Берілген уақыт | Пәні: Алгебра | Мерзімі: | Сыныбы: 8«Г» |
№ 26 ЖББМ директорының ОІЖ орынбасары:
| Сабақ реті39: |
Сабақтың тақырыбы: | Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Дискриминант |
Сабақтың реті: | 39-сабақ |
Жалпы сабақтың мақсаты: | Тиімді ойлау тәсілдерін үйрете отырып, практикалық есептерді шығару үрдісінде шығармашылық ойдың үзіліссіз жұмыс істеуіне көмектесу және экономикалық есептеулерді жүргізе білуді үйрету. |
Күтілетін оқу нәтижелері:
| Оқушыларға осы тақырыпты толық меңгерту
|
Түйінді идеялар: | формулалармен таныса отырып, оның барлық мүмкіндіктерін меңгеру |
Сабақтың типі: | Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекет әдістерін жетілдіру |
Сабақты ұйымдастыру түрі: | Тренинг-тәжірибе |
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | «Сәлемдесу», «Ой тастау» әдісі, «Айырмашылықты тап» әдісі, «Бас бармақ», «Кім жылдам?», «Куту уақыты», «Түртіп ал», «Үш К және Ә» әдісі |
Жұмыс түрлері: | Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: | Тақта , ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер |
І Қызығушылығын ояту кезеңі: |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
2 мин | 1-әрекет . Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. | Оқушылар бір-бірінің қолын алып, тілек айтып амандасады. ойсергегі арқылы«Сәлемдесу», «Көңіл-күй қоржыны» смайлдары арқылы оқушылар көңіл -күйін білдіру арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырады. |
2 мин | 2-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу | Фигуралар арқылы 4 топ өз орындарын табады. |
5 мин | 3-әрекет. Топтық жұмыс: «Ой тастау» осы тақырып бойынша балаларға ребус тарату арқылы тақырыпты табу. | Суреттерді пайдаланып ребусты шешеді топтастырады және оның қандай тақырып екенін анықтайды, жариялайды, бір-бірін толықтырады. |
| ІІ Мағынаны ажырату кезеңі: |
5 мин | 4-әрекет. Жеке, жұппен, топпен жұмыс: «Арасындағы айырмашылықты тап» әдісі бойынша сурет таратылады [pic] [pic] | Топпен жұмыс .Оқушылар танысады, тиімді жақтарын, мүмкіндіктерін анықтайды, постер жасайды. Ұжымға жариялайды.
|
| 5-әрекет. Топтық жұмысты бағалау «Бас бармақ» әдісі бойынша | Жұмыс «бас бармақ» әдісі бойынша бағаланады [pic] Барлығын түсіндім [pic] Енді түсініп келемін [pic] Түсінбедім |
6 мин | 6-әрекет. Жеке жұмыс: «Кім жылдам» әдісі бойынша оқушыларға жеке үлетірме қағаз беру Ітоп № 262 ІІ топ№263 ІІІ топ №264 IV топ №265
| Оқушылар есепті шығарды. Жеке қағаздарын ауыстыру арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. |
1 мин | 7-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Сергіту сәті» Балаларға көз жаттығуларын жасату | Оқушылар орындарынан тұрып, интербелсенді тақтада көрсетілген көз жатығуларын бірнеше рет қайталайды. |
6 мин | 8-әрекет. Топтық жұмыс: «Күту уақыты» әдісі бойынша осы тақырыпта 2 ашық, 2 жабық сұрақ әзірлеуді тапсыру. | Әр топ әр тақырып бойынша 2 ашық, 2 жабық сұрақтар әзірлейді, әзірлеген сұрақтарын басқа топтарға қояды, жауаптарын қабылдайды, толықтырады. |
2 мин | 9-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Түртіп ал» әдісі бойынша үйге тапсырма: №1, №2 (2,4,6) ережелерді жаттау | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. |
| ІІІ Ой толғаныс кезеңі: |
10 мин | 10-әрекет. Жеке жұмыс: «Ой тастау» әдісі бойынша оқушыларға осы тақырыптар бойынша есептер беру | Есептерді әр қайсысы шығарып , ортаға салады, талқылайды. |
| 11-әрекет. Жеке жұмысты бағалау
| Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жұмысты бағалайды |
3 мин | 12-әрекет. Мұғалім баға қояды.
| Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін және бір-бірін бағалайды.
|
3 мин | 13-әрекет «Үш К және Ә» әдісі бойынша кері байланыс жасау.
| Мұғалім оқушыларға сабақта өздеріне ұнаған үш жақсы кезеңді таңдап алу ұсынылады, ал оқушы болса сабақты жақсарту үшін өзінің бір әрекетін ұсыну қажет. |
3 мин | 14-әрекет . «Ыстық орындық» әдісі бойынша белсенді оқушыны марапаттау | Оқушылар ең белсенді оқушыны анықтап, «Ыстық орындыққа» отырғызады, оған бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды, сыйлық беріледі |
2 мин | 15-әрекет. Жеке жұмыс: «Анкета» әдісі бойынша кері байланыс жасату
| Оқушылар күтілетін нәтижеге ойларын анық жеткізеді, бірін-бірі бағалай алады. Оқушылар анкета толтыру арқылы кері байланыс жасайды. |
| Пән мұғалімі | Мырзабай Әсем Сатыбалдықызы |